Бүйрек жұмысына әсер ететін факторлар: тамақтану рационы, дене температурасының күрт түсуі, дәрілік препараттар, созылмалы және инфекциялық аурулар(кариес, іріңді ангина т.б.). Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1.
Антидиурездік гормон және организмнің су балансы
Организмде су тапшылығы болғанда гипофиздің антидиурездік гормонының (АДГ) секрециясы күшейіп, нефронның дистальдық бөлімінің соңғы учаскелерінде, жинағыш түтікте судың кері сіңуі (реабсорбция) жанданады. Осмос нәтижесінде жасушалар зақымдануының алдын алу үшін қандағы су мөлшері тұрақты шамада болуы тиіс. Ағзаға әртүрлі жолмен келген су мөлшері (сусындар, азық-түліктер, жасушалық тыныс алу арқылы) мен оның шығындалған мөлшерінің (терлеу, булану, нәжіс және арқылы судың ағзадан шығуы) арасында баланс болуы керек. Бұл АДГ гормонының қызметімен реттелінеді. Бұл қалай жүзеге асады? (СТО)
http://www.abpischools.org.uk/res/coResourceImport/modules/homeostasis_kidneys/fullscreenflash6-1.cfm сілтеме бойынша анимацияны талдау.
Сіз көп уақыт су ішпедіңіз немесе көп терледіңіз делік. Мидың бір бөлігі болып саналатын гипоталамустағы арнайы рецепторлар қандағы судың жетіпеушілігі туралы ақпаратты сезеді. Гипоталамус өз кезегінде гипофизге сигнал жеберіп, соңғысы қанға АДГ бөледі. Ол қан арқылы бүйрекке барып, нефрон өзекшелеріне әсер етіп, қанға судың кері сіңірілуін күшейтеді. Нәтижесінде сіздің бүйрегіңіз аз мөлшерде концентрацияланған зәр бөліп шығарады. Ал сіздің қаныңыздағы судың мөлшері қалыпты күйге жеткенге дейін жоғарлайды. Кейде қандағы судың мөлшері жоғарылайды, әсіресе суық күндері, себебі сіз ол уақытта көп терлемейсіз, есесіне ағзадан судың шығаруы азаяды немесе көп мөлшерде су ішсеңіз. Бұл жағдайда да гипоталамус сигналды қабылдап, гипофизге хабар береді. Қанға АДГ бөлінуі баяулайды немесе мүлдем тоқтап қалады. Нәтижесінде нефрон өзекшелерінде судың қанға кері сіңірілуі төмендейді және сіз көп мөлшерде сұйылтылған (разбавленной мочи) зәр бөліп шығарасыз. Ал сіздің қаныңыздағы судың мөлшері қалыпты күйге жеткенге дейін төмендейді.
Бұл теріс кері байланысқа мысал болады. Себебі, біріншіден, қандағы судың мөлшері төмендейді, ал теріс кері байланыс АДГ мөлшерінің артуына ықпал етеді.
АДГ жұмысына әсер ететін заттар
Алкоголь қандағы АДГ (бөлінуін) мөлшерін азайтуы мүмкін, нәтижесінде қатты сұйылтылған көп зәр бөлінуі мүмкін. Нәтижесінде организм көп су жоғалтуы мүмкін.
Бүйректің дұрыс жұмыс істеуіне ішімдікті пайдалану өте зиян. Ішімдікті көп ішу бүйрек жұмысын бұзады. Бүйректің жасушалары зиянды заттарды шығара алмайтын болады. Жасушалар қабынып, зәрмен бірге ағзадан қажетті нәруыз бөлініп, сыртқа шыға бастайды. Ішімдікпен уланған бүйрек бүрісіп, зәрдің бөлінуі тоқталады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?