Нефронның құрылысы және функциялары. Ультрафильтрация және ішінара реабсорбция. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Нефронның құрылысы және функциялары. Ультрафильтрация және ішінара реабсорбция | |||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқытудың тілдік мақсаты: нефронның құрылысын жазбаша сипаттап,ағылшын тілінде айта алу Пәнге тән лексика мен терминология: қыртыс қабат, милы қабат, нефрон, Бауман капсуласы, шумақ, қылтамыр, орталық қиғаш арна, Петля Генле, перифериялық қиғаш арна, жинаушы арна, несептамыр, афферентті артериола, шығару артериола; ультрафильтрация, таңдамалы реабсорбция, осмос, диффузия; фильтрлеу, несепнәр, глюкоза, су, аминқышқылдары, ақуыздар; процесс, жою, кіру, қалу, реабсорбциялау, қайту, үлкен. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Қан шумаққа түскен кезде болатын процесс…болып табылады Фильтрат орталық қиғаш арнаға жеткенде болатын процесс...болып табылады Ультрафильтрация үдерісінде, қанда қалатын молекулалар / қаннан жойылады...болып табылады Фильтрленуі үшін тым үлкен молекула…болып табылады Энергияны талап ететін таңдамалы реабсорбцияға әрекеттендірілген үдеріс атауы… болып табылады | |||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық тапсырмаларды орындау барысында бірін-бірі тыңдау, өзгенің пікірін құрметтеу сынды құндылықтарды сіңдіру.Кейбір тапсырмаларды орындау кезінде өз- өзіне сенімділік қасиеттерін қалыптастыру. | |||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика, анатомия, физиология пәндерімен байланысты | |||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | PowerPoint бағдарламасы | |||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Экскрецияны анықтау (6-сынып) диффузияны, осмосты және белсенді жеткізуді білу (10.1C бөлім) Адамның несеп жүйесінің құрылымын және қызметін білу (9-сынып) Бүйрек және несеп жүйесі ауруларының алдын алу (9-сынып) | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Сабақ басында: Амандасу. Жағымды атмосфера қалыптастыру. - Оқушылар топтарға бірігеді; Шақыру. Мұғалім оқушыларға тақтадағы кестені толтыруды ұсынады
| |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
| № 1 топқа тапсырма 1. «Нефрондар» мақаласын оқиды. 2 Мәтіндегі 4 суретті және 11 - 14 слайдтарды қарастырыңыз, талдайды. 3. 3,4 кестеге хабарлама жасаңыз және сұрақтарға жауап береді: 4. Әрбір топ ағылшын тіліндегі нефронның құрылысын жазып, дәптерге орналастырады. - нефронның қандай құрылымында бірінші және екінші реттік несеп түзіледі? - бірінші реттік несептің екінші несептен айырмашылығы қандай ? - Неліктен науқасты емдегенде әрқашан оның несебінің талдауы алынады? Организмге түскен қоректік заттардың өзгеріске ұшырауы нәтижесінде шығарылуға тиіс зат алмасудың соңғы өнімдері түзіледі. Бөліп шығару мүшелері сыртқа шығарылуы тиіс алмасу өнімдерін қандай жолмен «сұрыптайды» деген сауалға біз қалай жауап беруіміз керек? Біздің организмізде бүйрек жұмысына үлкен салмақ түсіріледі. Бүйректер арқылы 1 минутта 1000-1200 мл қан өтсе, ал бір тәулікте организмдегі қан бүйректер арқылы 200 рет өтеді. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі басқа мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуінен ерекшеленеді. Бүйрек бізге «таңғажайып артериалды торды» сыйға тартады. Бүйректен басқа организмнің ешбір бөлігінде тамырлардың мынадай ерекше реті кездеспейді: артерия – капилляр – артерия. Бүйрекке кіретін артерия шумақта капиллярларға тармақталады, бүйректен алып шығушы артерия каналдар жүйесін торлай келе, капиллярларға қайтадан тармақталып барып, қан венаға жинақталады. Бұл ерекшелік организмге алмасудың қажетсіз және зиянды ыдырау өнімдерін тез арада шығаруына мүмкіндік береді. Нефронның негізгі қызметіне үш бірінен соң бірі өтетін үдеріс нәтижесіндегі несептің түзілісі жатады:
3 Кесте. Несептің түзілуі
Алып келуші артерия арқылы қан мөлшермен 50 капиллярлық ілмекшелерден тұратын және бүйрек капсуласымен қоршалған шумаққа өтеді. Қан алып келуші тамырөзегі алып шығушы тамырдан 2 есе кең болады, сондықтан шумақ капиллярларында қысым артады. (Алып келуші артериядағы қысым 95, шумақ капиллярларында -57, ал алып шығушы тамырда – 25 мм.сын. бағ).Осының есебінен капиллярлар шумағы және капсулалар жасушалар мембраналары арылы қан фильтрленеді. Осылайша құрамында организм үшін пайдалы көптеген заттар (глюкоза, витаминдер, кейбір минералды тұздар, аминқышқылдар, су) болатын бірінші реттік несеп, еріген шлактар түзіледі. Лейкоциттер, эритроциттер, тромбоциттер және қан плазмасының нәруыздары альбуминдер мен глобулиндер капиллярлардан шыға алмайды – оларды шумақ капиллярлары тұтып қалады. Сонымен, шумақты фильтраттың химиялық құрамы қан плазмасының құрамына сәйкес келеді. Адам бүйрегінде тәулігіне 150 ден 1890 л бірінші реттік несеп түзіледі. Ультафильтрация – пассивті және таңдаусыз үдеріс, себебі қалдықтармен бірге организмнен тіршілікке қажетті заттар да шығарылады. Организм пайдалана алатын немесе ішкі орта тұрақтылығын сақтауға қажетті су және заттардың қайта сіңірілуі капиллярлармен торланған белгілі каналдарда жүзеге асады. Нефрон каналдарының ұзындығы 20 дан 50 мм мөлшерінде ауытқиды, ал, екі бүйректегі барлық каналдардың жалпы ұзындығы мөлшермен 100 км, олардың қабырғаларының беттік көлемі - 40 м 2 құрайды. Бұл жерде шумақты фильтрден қайтадан 80 % астам заттар, сонымен қатар барлық глюкоза, барлық аминқышқылдары, витаминдер және гормондар және 85 % жуық натрий хлориді мен су сіңіріледі. Каналдардағы әртүрлі қосылыстар реабсорбциясы пассивті немесе активті өтеді (яғни заттардың тасымалдануына әрдайым энергия жұмсалады). 1 мин ішінде 125 мл шумақты фильтраттағы түзілістен 124 мл қайта сіңіріледі. Судың қайта сіңірілу механизмі катиондардың жасушалар мембраналары арқылы активті транспортпен тығыз байланысты. Na+ иондарының реабсорбциясы көп мөлшердегі энергияның шығындалуын қажет ететін активті транспорт болып табылады. Na+ иондары соңынан осмос қысымы әсерінен пассивті түрде су өтеді. Глюкоза және амиқышқылдар реабсорбциясы активті түрде – каналдар жасушаларының мембраналарында шоғырланған арнайы тасымалдаушылар көмегімен градиент концентрациясына қарсы жүзеге асады. Бұл үдеріс Na+ тасымалдануымен бірлесе жүреді. Үдерістің соңғы кезеңі каналдық секреция деп аталады. Каналдық секреция дегеніміз, бұл – заттардың каналдар өзегіне (несепке) тасымалдануы. Ол кейбір иондардың, мәселен калий, органикалық қышқылдар (несеп қышқылдары), сонымен бірге антибиотик (пенициллин) сияқты организм үшін бірқатар бөгде заттардың жылдам экспедирленуіне (тасымалдануына) мүмкіндік береді. Каналдық секреция энергия шығынымен жүретін активті үдеріс болып табылады. Транспорттық секреттік механизмдер адаптациялық қасиеттерге ие болады, яғни заттар қан ағымына толассыз өткенде транспорттық жүйелер саны нәруыз синтезі есебінен біртіндеп ұлғаяды. Бұл оның реабсорбциядан негізгі ерекшелігі болып табылады. Бұнымен қатар, каналдық эпителий несеппен бірге бөлінетін қатқыл эпителийде түзілген заттарды синтездейді және секреттейді. Тәулігіне 1,5 л жуық несеп түзіледі. Несеп түзілу интенсивтілігі тәулік барысында әр түрлі болады.Түнде күндізгі мезгілге қарағанда баяу жүреді. Несеп мөлдір, ашық-сары түсті, салыстырмалы тығыздығы 1005-1025 болатын сұйықтық. Оның тығыздығы организмдегі сұйықтық мөлшеріне тәуелді болады. Әдетте дені сау адам несебінің реакциясы әлсіз қышқыл, дегенмен оның қышқылдығы қоректену сипатына тәуелді түрде ауытқиды. Нәруызтекті өнімді көбірек тұтынған жағдайда несеп реакциясы қышқыл болса, өсімдіктекті азықпен қоректенгенде – бейтарап, кейде тіпті сілтілі болады. Кесте4. Бірінші және екінші реттік несептің салыстырмалы сипаты
Сур. 4. Нефрон құрылысы: 1 — нефрон капсуласы; 2 — капсула қуысы; 3 — 1- реттік имек канал эпителиі; 4 — Генле ілмегі; 5 —2- реттік имек канал эпителиі ; 6 — жинағыш түтікше; 7 — капиллярлар шумағы; 8 — алып келуші артериола; 9 — қан фильтрациясы; 10 — алып шығушы артериола; 11 — төменгі қуыс венадағы қан ағысы; 12 — реабсорбция; 13 — несеп ағысы; 14 — бүйрек астаушасы № 2 топқа тапсырма 1.Мәтінді және 14,15,16,17,18,19 слайдтарды пайдаланып, несеп шығарылу үдерісі қалай жүретіндігін түсіндереді. 2. Әрбір топ ағылшын тіліндегі нефронның құрылысын жазып, дәптерге орналастырады. Түзілген несеп каналдардан астаушаға өтіп, одан несепағарлар арқылы қуыққа жиналады. Қуықта екі сфинктер болады. Қуық толған соң, ол созылады – қабырғасы біріңғай салалы бұлшық еттен тұрады. Несепбөлу - рефлекторлы акт болып табылады. Несеп бөлу орталығы жұлынның сегізкөз бөлігінде орналасқан, оның жұмысына ми қыртысы және мидың жоғарғы бөлімдері – сопақша мен аралық ми әсер етеді. Адам несеп бөлінісін тежей алады немесе қуық толық толмаса да несепті шығара алады.Сәбилерде несеп шығаруды тежеу біртіндеп қалыптасады. Есейген балалар және ересек адамдардың еріксіз несеп шығаруы, түнде несептің ұстамауы орталық жүйке жүйесі ауруының белгілерін білдіреді. Несеп түзілуі және оның организмнен шығарылуы диурез деп аталады. Бұл өте күрделі үдеріс, ол бүйректі басқа мүшелерге қарағанда бірнеше есе артық мөлшерде қанмен қамтамасыз етумен тығыз байланысты.Жасушалардан үздіксіз түскен заттарды организмнен несеппен бірге шығарылуы қанды тазалаумен қамтамасыз етеді.. Диурез екі кезеңнен (фаза ) өтеді. 1. Фильтрация – нефрон капсуласы қуысына шумақ капиллярларына қанмен келген заттар фильтрацияланады . Шумақтағы қысым (70 мм рт. ст.) мөлшері мен капсула қуысындағы қысым (30 мм рт. ст.) мөлшерінің айырмасы есебінен жүзеге асады. Капиллярлардағы осындай жоғары қысымның болуын қамтамасыз етеді: – қанның баяу ағысы; – алып келуші және алып шығушы артериолалардағы қысым айырмасымен; – алып келуші артериоладағы жоғары қысым (бүйрек артериясы өте жоғары қан қысымы болатын аортадан бастама алады). Сүзілген сұйықтық бірінші реттік несеп деп аталады.. Құрамы бойынша нәруызсыз қан плазмасына сәйкес келеді (кесте3). Бірінші реттік несеп құрамында организмге қажетті көптеген заттар болады (қант, аминқышқылдары, витаминдер, гормондар) егер олар организмнен шығарылса, экскреция үдерісі организмді шығынға ұшыратар еді. Бірақ олай болмайды, өйткені келесі фазада қандағы заттар қайта сіңіріледі. 2. Реабсорбция – капиллярлармен тығыз жанасып торланған имек каналдар арқылы бірінші реттік несептің өтуі. Реабсорбция жүреді: а) пассивті – диффузия және осмос принципі бойынша б) активті – ферменттік жүйелердің қатысуы кезінде энергияның шығындалуы арқылы бүйрек эпителий қызметі есебінен Реабсорбция кезінде бірінші реттік несеп қанға суды, глюкозаны, аминқышқылдарын, витаминдерді, калий және натрий иондарының біршама мөлшерін береді – себебі осы үдеріс арқылы ішкі орта тұрақтылығы қамтамасыз етіледі (бүйректің екінші қызметі). Мочевина, аммиак, сульфаттар,тіршілік әрекетінің басқа да өнімдері ,сонымен бірге артық өнімдер, мәселен глюкоза қайта сіңірілмейді ,олардың несептегі концентрациясы канал бойымен жүрген сайын ұлғаяды, және организмнен шығарылуы тиіс екінші реттік несеп түзіледі (бүйректің бірінші қызметі). Реабсорбциядан басқа организмге және қан арнасына сыртқы ортадан түскен зиянды заттардың (бояғыштар,антибиотиктер,сульфаниламидтер және т.б) каналдар өзегіне бөлінуі жүреді. Егер бұл заттар капсулаға фильтрленбесе, онда олар қан арқылы имек каналды шырмаланатын капиллярлы тор арқылы шығарылады. Несептің сарғыш түсі гемоглобиннің ыдырау өнімі – урохром пигментіне байланысты. Белгілері: несеп құрамында нәруыздың, лейкоциттердің, эритроциттердің болуы. себептері: – бел бөлігіне қатты салқын тию; – созылмалы инфекциялы мүшелердің болуы (тонзиллит, ауру тістер и т.б.); – ащы тағамдар мен алкогольды пайдалану; – дәрілік препараттарды бақылаудан тыс пайдалану. Ескерту: дұрыс тамақтану, инфекциялық ауруларға қарсы күрес, салқындаудың алдын алу, саламатты өмір салты. | Нефронның құрылысы мен қызметін сипаттау: Фильтрация және несептің түзілу үдерістерін сипаттау: 1. http://www.abpischools.org.uk/page/modules/homeostasis_kidneys/kidneys6.cfm?age=Age%20range%2014-16&subject=Biology 2. http://www.abpischools.org.uk/page/modules/homeostasis_kidneys/kidneys2.cfm?age=Age%20range%2014-16&subject=Biology 3. http://www.abpischools.org.uk/page/modules/homeostasis_kidneys/kidneys9.cfm?age=Age%20range%2014-16&subject=Biology Презентация, кесте, мәтін, нефрон құрылысы суреті | ||||||||||||||||||||||||||||
Әр топ қарастырған тапсырмаларын постер түрінде қорғайды. Әрбір топ келесі топты «Екі жұлдыз, бір тілекпен» бағалайды. Қалыптастырушы бағалау жұмысы орындалады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: Қоқыс жәшігі, Сандық, ет тартқыш | |||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?