Үшбұрыштың медианаларының қасиеттері. Үшбұрыштың биссектрисасының қасиеті. Геометрия, 9 сынып, дидактикалық материал.


1 сабақ

Үшбұрыштың медианаларының қасиеттері

  • үшбұрыштың медианасы оны екі теңшамалас үшбұрыштарға бөледі;
  • үшбұрыштың үш медианасы оны алты теңшамалы үшбұрыштарға бөледі;
  • медианалардың қиылысу нүктесін үшбұрыш төбелерімен қосатын кесінділер осы үшбұрышты теңшамалы үш үшбұрышқа бөледі
  • Медианалар бір нүктеде қиылысып 2 : 1 қатынасында бөлінеді.

Есеп 1:

SABC = 38см2,

Табу керек: SВСK, SABK

Есеп 2:

SABK = 26 см2

Табу керек: SВСK, SABC

Есеп 3:

SBON =12 см2

Табу керек: SВAM, SABC

Есеп 4:

SBOC = 28 см2

Табу керек: SВKC, SABC

Есеп 5:

SABE = 28 дм2 , АВ = 7 дм, EB – AEC-ң медианасы, EC – AED-ң медианасы.

Табу керек: SECD

Есеп 6:

SABС = 85 см2 BD = 9, AH = 10 DE = EC

АD АВС –ң медианасы

Табу керек: ЕD

Есеп 7:

G нүктесі– медианалардың қиылысу нүктесі, SABGС = 20 см2

Табу керек: SBGС

2 сабақ

Жұптық жұмыс

Теорема: Үшбұрыштың биссектрисасы қарсы жатқан қабырғаны былайғы екі қабырғаға пропорционал кесінділерге бөледі. 

1) АВС үшбұрышы мен оның биссектрисасы берілген. ABD және ACD үшбұрыштарының аудандарын табыңыз.

2) үшбұрыштардың аудандарының қатынастарын табыңыз. биссектриса.

3) үшбұрышта ВС қабырғасына АН биіктігін түсіріңіз. ABD және ACD үшбұрыштарының аудандарын табыңыз.

4) үшбұрыштардың аудандарының қатынастарын табыңыз.

5) Қорытынды жасаңыз. Қорытынды жауабын алу үшін пропорция қасиетін қолданыңыз.

Биссектрисаның ұзындығы үшбұрыш қабырғаларына байланысты мына формуламен есептеледі: 

Тапсырмалар

Биссектрисаның ұзындығын есептеу формуласын қолданып білу. 1.ABC үшбұрышында АК биссектрисасы жүргізілген, егер үшбұрыш қабырғалары ВС = 18, АС = 15, АВ = 12 болса, онда АК биссектрисасын тап. 

Деңгей бойынша тапсырма

1. АВС үшбұрышында AD биссектрисасы жүргізілген, AC=4см, DC=2см, BD=3см болса, онда АВС үшбұрышының периметрін тап.

2. АВС үшбұрышында ∠В =300, AВ=4см, ВC=6см. В бұрышының биссектрисасы АС қабырғасын D нүктесінде қияды. АВD үшбұрышының ауданын тап.

3. Қабырғалары әр түрлі ABC үшбұрышында BAC бұрышының биссектрисасы BC қабырғасын D нүктесінде қияды. AB – BD = a, AC + CD = b екені белгілі болса, онда AD қабырғасын тап. 

Жеке жұмыс

А) AD кесіндісі ABC үшбұрышының биссектрисасы. BD және DC табыңыз, егер АВ = 14 см, ВС = 20см , АС = 21 см.

В) ABC үшбұрышының AD биссектрисасы ВС қабырғасын сәйкесінше 4,5см және 13,5см болатын CD және ВD кесінділерге бөледі. Егер ABC үшбұрышының периметрі 42см болса, АВ және АС табыңыз.

С) MNK үшбұрышына MDEF ромбы іштей сызылған, оның D, Е және F төбелері сәйкесінше MN, NK және МК қабырғаларында жатады. NE және ЕК кесінділерін табыңыз, егер МN = 7см, NK = 6cм, МК = 5см.

Үй тапсырма

МЭСК бағытындағы тапсырма

1. АВС үшбұрышында СВ, СА, АВ қабырғалары сәйкесінше 4см, 3см, 2см-ге тең. В бұрышының биссектрисасы төбесінен бастап есептегенде қандай қатынаста бөлінетінін тап. 

2. Табаны АС болатын тең бүйірлі ABC үшбұрышында ВТ және AF биіктіктері жүргізілгенОлар К нүктесінде қиылысадыЕгер АВ = 15см, АК= 5см екені белгілі болса, онда АВК үшбұрышының ауданын тап

Тексеру:

1) АВС үшбұрышы мен оның биссектрисасы берілген. ABD және ACD үшбұрыштарының аудандарын табыңыз.

2) үшбұрыштардың аудандарының қатынастарын табыңыз. биссектриса.

3) үшбұрышта ВС қабырғасына АН биіктігін түсіріңіз. ABD және ACD үшбұрыштарының аудандарын табыңыз.

4) үшбұрыштардың аудандарының қатынастарын табыңыз.

5) Қорытынды жасаңыз. Қорытынды жауабын алу үшін пропорция қасиетін қолданыңыз. Дайын дәлелдемені қолданып өз қорытындыңызды тексеріңіз.

, ендеше . Пропорция қасиеті бойынша

.

Дәлелденді.

Биссектрисаның ұзындығы үшбұрыш қабырғаларына байланысты мына формуламен есептеледі:

биссектрисаның ұзындығын есептеу формуласын қолданып білу. 1.ABC үшбұрышында АК биссектрисасы жүргізілген, егер үшбұрыш қабырғалары ВС = 18, АС = 15, АВ = 12 болса, онда АК биссектрисасын тап. жауабы: 10 см.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу