Үшбұрыштың медианаларының қасиеттері. Геометрия, 9 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
Сөйлемді толықтырыңыз:
1)Үшбұрыштың медианалары бір нүктеде қиылысып, сол нүктеде төбесінен бастап ________ қатынасында бөлінеді.
2)Үшбұштын әрбір _______________ үшбұрышты тең шамалы (аудандары тең) екі үшбұрышқа бөледі.
3)Үшбұрыштың медианалары үшбұрышты тең шамалы (аудандары тең) алты __________________ бөледі.
Қосымша 2
Жұптық жұмыс.
1.АВС үшбұрышы берілген. КС және РА медианалар.
а) егер ОР = 2 см болса, ОА-ның ұзындығын табыңыз;
ә) КС = 8см болса, КО-ның ұзындығын табыңыз.
2. Тапсырманы зерттеп, шешу жолында қатені табыңыз.
Үшбұрыштың қабырғалары 13см,15см,14см болса, медианаларының қиылысуынан пайда болатын үшбұрыштардың аудандары неге тең болады?
Қосымша 3
Жеке жұмыс. Бір-бірін тексеру.
Есеп 1: SABC = 38см2, Табу керек: SВСK, SABK | |
Есеп 2: SABK = 26 см2 Табу керек: SВСK, SABC | |
Есеп 3: SBON =12 см2 Табу керек: SВAM, SABC | |
Есеп 4: SBOC = 28 см2 Табу керек: SВKC, SABC | |
Есеп 5: SABE = 28 дм2 , АВ = 7 дм, EB – AEC-ң медианасы, EC – AED-ң медианасы. Табу керек: SECD | |
Есеп 6: SABС = 85 см2 BD = 9, AH = 10 DE = EC АD АВС –ң медианасы Табу керек: ЕD | |
Есеп 7: G нүктесі– медианалардың қиылысу нүктесі, SABGС = 20 см2 Табу керек: SBGС |
Қосымша 4
Топтық жұмыс.
- АВС үшбұрышының қабырғалары 15см,14см және 13см . О-медианаларының қиылысу нүктесі.АОВ үшбұрышының ауданын тап.
- Бір қабырғасы 20см болатын үшбұрыштың қалған екі қабырғасына жүргізілген медианалары 18 және 24см. Үшбұрыштың ауданын тап.
- Тікбұрышыты үшбұрыштың гипотенузаға жүргізілген медианасы 6,5. Егер гипотенуза мен кіші катетінің ұзындықтарының қосындысы 18 болса, онда катеттердің ұзындықтарын табыңдыр.
- Үшбұрыштың қабырғалары 4, 6 және 8. Үлкен қабырғасына жүргізілген медиананы табыңдар.
- Теңбүйірлі үшбұрыштың табаны - 4, бүйір қабырғаларының медианалары өзара перпендикуляр. Үшбұрыштың ауданың табыңдар.
Үй жұмысы
- АВС үшбұрышының ауданы 12-ге тең. В- доғал бұрышынан жүргізілген ВD медианасы 3-ке тең. ABD – тік бұрыш болса, АС қабырғасын табыңдар.
- АВС үшбұрышында AD медианасы мен ВЕ биссектрисасы О нүктесінде қиылысады. АВС үшбұрышының ауданың табыңдар, егер AD перпендикуляр ВЕ және AOE= 2.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?