Популяцияның өсуінің экспоненциалды және сигмоидты қисығы. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.


Популяция санының экспоненциалды және логистикалық өсімі. Популяция саны өсімінің реттелуі.

Популяцияның саны негізінен бір-біріне қарама-қарсы екі құбылыспен анықталады – туу және өлім.

Популяциядағы даралар санының көбею процесі теориялық жағынан алғанда шексіз өсуге қабілетті – биотикалық потециалдық (экспоненциалдық қисық) (А), бірақ қоршаған орта жағдайлары бұл өсуді шектейді, ісжүзіндегі өсу логистикалық қисықпен (Б) сипатталады. Теориялық және іс жүзіндегі өсудің арасындағы айырмашылық ортаның қарсылығын сипаттайды

Экспоненциалды өсім -популяция тығыздығы бір бағытта (жоғары қарай) келеңсіз фактор туындағанға дейін өсе береді. Бұл ретте популяцияның биоткалық потенциалы толығымен жүзеге асады. Бұл типтегі қисық кейбір микроағзаларға тән, мысалы, біржасушалы балдырлар.

Логистикалық өсім.Популяция санының логистикалық өсуінің темпі оның тығыздығының артуы барысында азаяды. Яғни, популяция алғашқысында баяу өсіп, кейін өсуін жылдамдатады. Мұндай секірмелі даму кезінде даралар санының артуына бөгет болатын орта факторлары популяцияны тұрақтандырады. Барлық ірі ағзалар осы типпен өсетіні айқындалған.

Лаг-фазa – қоректік ортаға енгізілген дақылдың  (инокулят) өсімі салыстырмалы баяу болады, жаңа ортаға бейімделу процесі жүреді (қорек заттарды ыдырататын ферменттер клеткада пайда болады);

Экспоненциалды (логарифмикалық) фаза –  клеткалар көбейю (бөліну) процесі қарқынды жүреді;

Стационарлы фаза  —  клетка биомассасы көлемі жағынан ұлғаяды  (клетка өседі),   екіншілік метаболитттерді ортаға шығарады; Өлу  фазасы – тіршілікке қабілетті клеткалардың біртіндеп жойылуы (ортада  қорек  зат  таусылады, сондықтан жасушалар өледі)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу