Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Б әрпі бойынша ат қою)

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Б әрпі бойынша ат қою)

БАҒИЛА - араб тілінен алынған бахи - мәңгілік, өмірлік, берік, тұрақты, мәңгі жасаушы.

БАҒЫМША - араб тілінен алынған бақ , бах — бақыт, ырыс, құт, яғни менің бағым, ырысым деген сөз.

БАЗАРАЙЫМ - иран тілінен алынған базар + қазақ сөзі айым - менің қуанышым, базарым, айша жарқыраған аппағым.

БАЗАРГҮЛ - иран тілінен алынған базар + қазақ сөзі гүл, яғни гүл жайнаған қуанышым, базарым деген мағынада қойылған есім.

БАҚТЫГҮЛ - араб тілінен алынған бақыт + қазақ сөзі гүл, яғни гүл жайнаған бақытты бала деген мағына беретін есім.

БАЛАУСА - өндірдей жас.

БАЛБАЛА — балдай тәтті бала деген мәнді есім; араб тілінен бал - парасат, ақыл, ес, зерде, яғни ақылды, есті бала.

БАЛГҮЛ - балдай, шырынды гүл; яғни ата-ананың ең сүйікті, балдай тәтті баласы болсын деген мағынада қойылған есім.

БАЛҒАНЫМ — сүйкімді, сүйікті, ақылды, ойлы, есті ханым. Түрі –Балғын.

БАЛДАЙ - ата-анасына балдай тәтті, қымбат болсын деп қойылған есім.

БАЛЖАН - балдай тәтті әрі ақылды болсын деп қойылған есім.

БАЛЫМ - менің балым, ақылдым, қымбаттым. Балғаным деген есімнің еркелете қысқартып айту түрі.

БАЛҚАДИША - ақылды Қадиша.

БАЛШЕКЕР - бал мен шекердей болсын деген тілекпен қойылған есім.

БАНУ - араб тілінен алынған эбнатун — көпше түрі банату — қыз, бойжеткен. Иран тілінен алынған бану — әмірші, әкім әйел, ханым.

БАТСАЙЫ - жолақты жібек мата.

БАЯН - көне түркі, моңғол тілдеріне ортақ «мықты», «зор», «бай» мағыналы сөз. Араб тілінен вайан — айқын, ашық, түсінік, анықтама, хабарлама.

БАЯНСҰЛУ - ғашықтық жырдағы ақылды да сұлу қыздың есімі.

БӘДЕР - араб тілінен алынған бәдр — толық ай.

БӘДІГҮЛЖАМАЛ - араб тілінен - теңдесі жоқ сұлу, әдемі қыз. Еркелете-қысқартып айту түрі — Бәдеш.

БӘДИҒА - араб тілінен алынған бадига — ғажайып зат, таңғажайып нәрсе, шығармашылық өнер, шеберлік, өте шебер.

БӘДИНҰР – араб тілінен — теңдесі жоқ сұлу, көркем, нұрлы.

БӘЗИЛА - (қараңыз: Фазила).

БӘКИЗАТ - иран тілінен алынған пак — таза, кіршіксіз + зада — бала, перзент.

БӘКІБАЛА - иран тілінен алынған пак — таза бала, яғни кіршіксіз, таза бала.

БӘЛИҒА - араб тілінен — есейген, ержеткен қыз.

БӘЛИЯ - араб тілінен алынған валия — оқыған білімді қыз.

БӘТЕС – орыс тілінен батист - жұқа биязы ақ мата. Осы матадай ақ, таза, адал болсын деген тілекпен қойылған есім.

БЕЙБІТГҮЛ - бала бейбіт өмірдің гүлі, қуанышы болсын деп қойылған есім.

БЕКДАНА – қазақ сөзі бек + иран тілінен алынған дана - білгір, яғни нағыз дана, данышпан.

БЕКСҰЛУ - тым сұлу, аса көрікті.

БИБІ - иран тілінен — үй иесі, азаматша.

БИБІГҮЛ - иран тілінен алынған бибі + қазақ сөзі гул. Гүл жайнаған ханым.

БИБІНҰР - иран тілінен алынған - қыз біткеннің, әйелдердің нұрлысы, сұлуы.

БИБІСАРА - иран тілінен алынған бибі — әйел, сара — таза, яғни, таза, адал әйел.

БИБІХАНЫМ - ханым сөзінің өзгерген түрі. Қысқарған түрі — Биғаным.

БИБІЖАМАЛ - иран тілінен — көркем, сұлу қыз, әйел. Қысқарған түрі - Бижамал.

БОТА - түйенің ботасына ұқсатып қойылған есім.

БОТАКӨЗ - ботаның көзі сияқты мөлдір қара көз.

БҰЛБҰЛ - иран тілінен — сандуғаш.

БҮБІ - (қараңыз: Айбибі).

БҮБІШ - (қараңыз: Айбибі).

БҮБІХАН - (қараңыз: Айбибі).

БҮЛДІРШІН - өте жас, өндірдей жас.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?