Рационал көрсеткішті дәреже. Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.


Келісілді

«Математика» ӘБ жетекшісі

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.2А Дәрежелер мен түбірлер. Дәрежелік функция

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал көрсеткішті дәреже. Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.2.1.3 - рационал көрсеткішті дәреже анықтамасын және қасиеттерін білу;

Сабақ мақсаттары

Рационал көрсеткішті дәреде ұғымымен танысу және рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектердің қасиеттірін біледі

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • =болатындығын түсінеді және анықтамасын біледі;
  • рационал көрсеткішті дәреже қасиеттерін біледі
  • рационалды көрсеткіші бар дәреженің қасиеттерін солдан оңға, оңнан солға қарай қолданады

Тілдік мақсаттар

Пән бойынша лексика және терминология

  • бүтін көрсеткішті дәрежелік функция;
  • бүтін көрсеткішті дәрежелік функцияның графигі;
  • кубтық түбір;
  • үшінші дәрежелі түбір және т.б , n-ші дәрежелі түбір;
  • санның тақ дәрежелі түбірі;
  • санның жұп дәрежелі түбірі;
  • теріс емес санның натурал көрсеткішті (n≥2) арифметикалық түбірі;
  • n-ші дәрежелі түбірден шығару;
  • рационал көрсеткішті дәреже;

рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттері.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • ... саны ... санының ... түбірі болады, себебі ...;
  • ... саны ... санының ... дәрежелі арифметикалық түбірі болады, себебі ...;
  • ... санның ... дәрежелі арифметикалық түбірі болмайды, себебі ...;
  • арифметикалық түбірдің қасиеттері бойынша ... өрнектің ... үшін мағынасы бар;

- бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан құтылу үшін

Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыстар

Математика

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация

https://infourok.ru/material.html?mid=26017

https://www.youtube.com/watch?v=PbsCRV8RnL4

Бастапқы білім

Дәреже, иррационал сан және арифметикалық квадрат түбір анықтамаларын білу, дифференциалдау ережелерін қолдану. Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану, квадраттық теңдеу және теңсіздіктерді шешу, у = х2, у = х3, функцияларының графиктерін салу және оның қасиеттерін анықтау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

1. Сыныпты ұйымдастыру.

  • Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Оқушылардың үй тапсырмасын тексеремін, сұрақтары болса бірге талқылаймыз.

Сабақтың ортасы

Ж

5 минут

МҰ

10 минут

Ж

10 минут

Ө

  • минут
  • Білу және түсіну

Оқушылар өзіне сенімді және сенімсіз оқушылардан жұптастырылады. Тақырыпты және сабақ мақсаттарын ашу үшін келесі тапсырма беріледі. (Қосымша 1(1))

Берілген үлгі бойынша келесілерін орындаңыз. Не түсіндіңдер?

Мұғалім алғаш болып аяқтаған екі жұпты тексеріп кері байланыс береді. Тексерілілген екі жұп қалған жұптарды бағалайды

Бағалау. Мұғалімнің бағалауы және бір-бірін бағалау.

Олай болса сабақтың тақырыбын жазамыз: «Рационал көрсеткішті дәреже. Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру».

Оқушылармен бірлесе отырып сабақтың мақсаты мен бағалау критериилері құрылады.

Рационал дәрежелі түбір анықтамасы, оның қандай шарттарда анықталғандығы түсіндіріледі.

Анықтама.

a>0 және r=m/n рационал саны берілсін. Мұнда mбүтін сан, ал nнатурал сан. Онда .

Егер r>0 және a=0 болса, онда аныұтама бойынша 0r=0 деп есептейміз.

Рационал дәрежелі өрнектерді түрлендіру үшін бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері еске түсіріледі. (Қосымша 1(2)) Оқушылар кезекпен тақтаға шығып әр қасиетке мысал жазады.

2. Қолдану

Тақырыптық есептер шығарту:

Деңгейлік тапсырма

Түрлі-түсті жүрекшелер арқылы оқушылар жұптарға бөлінеді. Деңгейлік тапсырманың ішінен қалаған кез-келген деңгейдегі 2 немесе 3 есепті орындайды. (Қосымша 1(3))

Мұғалім әр жұпқа қажет кезде жеке-жеке жақындай отырып кері байланыс береді. Оқушылар интербелсенді тақтадағы дайын жауаптар арқылы өз-өздерін тексеріп бағалайды. Қиындық тудырған есептер тақтада талданады.

Бағалау. Мұғалімнің және өз-өзін бағалау.

Өздік жұмыс

Оқушыларға өздіктерінен орындауларына 4 есеп ұсынылады. (Қосымша 1(4))

Мұғалім өздік жұмысты алғаш аяқтаған 3 оқушыны тексеріп кері байланыс бере отырып бағалайды, ал сол 3 оқушы қалған оқушылардың жұмыстарын тексеріп бағалайды.

Бағалау. Мұғалімнің бағалауы және бір-бірін бағалау

1-слайд

2-3 слайд

4-слайд

5-6 слайд

Ә.Н.Шыныбеков Алгебра - 11 сынып, Алматы «Атамұра» 2011, 77-80 бет

7- слайд

Сабақтың соңы

Ой толғаныс

3 минут

1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру.

2. Бағалау. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

3. Үйге тапсырма: (Қосымша 1(5))

Ә.Н.Шыныбеков Алгебра - 11 сынып, Алматы «Атамұра» 2011, 78-79 бет

8-слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушы сабақ барысында сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларды орындауда өзінің логикалық-математикалық, сөйлеу, танымдық қабілеттерін көрсетуге мүмкін. Талдау барысында қабілеті жоғары оқушыларға өз ойын толық түсіндіруді ұсыну, тапсырмалар бойынша туындаған тағы қандай мәселелер болу мүмкіндігін қарастыру.

Енгізілетін жаңа ұғымдарға байланысты анықтамаларды талдаудан кейін орындалатын тапсырма оқушының түсінігінің қалыптасқанын бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар есепті шығаруда өзін өзі бағалау, бір-бірін бағалау, мұғалімінің бағалауы, ал жеке тапсырманы орындау өтілген жаңа ұғымның қаншалықты меңгерілгенін анықтап қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырып оқушы жетістігін анықтауға мүмкіндік береді.

Сыныпта жақсы жұмысқа бейімдейтін психологиялық климат және оқушыларға өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік туғызатын орта орнату

Кабинет ерекшелігін ескере отырып қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу