Іштей сызылған шеңберлердің радиустарының үшбұрыш ауданымен байланысы Сырттай сызылған шеңберлердің радиустарының үшбұрыш ауданымен байланысы. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Миссия

Пайымдау

Жаһандық азаматтық

Өмір бойы білім алуға, жаһандық және сандық әлемдегі өзгерістерге дайын, адами қасиеті жоғары, зиялы және бәсекеге қабілетті тұлғаның сәтті дамуына ықпал ету.

Өзгерістерге ашық, көшбасшылыққа дайын, өзі үшін, мемлекет пен әлем үшін жауапты мектеп қауымдастығы

Ғаламда әлем үшін бейбіт өмір сүру

 Бұл өзге халықтардың мәдениетінің, діндерінің әртүрлілігіне құрмет, инклюзияны, әлемдегі теңдік пен анти-нәсілшілдікті қолдау, табиғатқа адамгершілік көзқарас, әлемде болып жатқан нәрсені түсінуге сананың ашықтығы, өзгерістерге дайын болу, басқалардың тәжірибесін қабылдау және басқалардан үйрену қабілеті

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Мектеп: Талдықорған қ. ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абилхан Ерболат

Кәсіби даму мақсаты

Математика сабақтарында проблемалық оқыту әдістемесі арқылы оқушылардың талдау және жинақтау дағдыларын дамыту

Сыныбы:9 а,в

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Іштей сызылған шеңберлердің радиустарының үшбұрыш ауданымен байланысы

Сырттай сызылған шеңберлердің радиустарының үшбұрыш ауданымен байланысы

Оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.2.3 үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусының оның ауданына тәуелділігін дәлелдейді және оны қолдана алады

9.3.2.2 үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусының оның ауданына тәуелділігін дәлелдейді және оны қолдана алады;

 Сабақ мақсаты

 

Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңбердің ауданын табуды үйрену.

 Бағалау критерийлері

Синустар теоремасын біледі

Синустар теоремасын қолданады

Косинустар теоремасын біледі

Косинустар теоремасын қолданады

Синустардың жалпы фоомуласын қолданады

Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусының оның ауданына тәуелділігін дәлелдейді және оны қолдана 

 Дифференциация

- қиындық деңгейі бойынша (тапсырмалардың әртүрлі деңгейлері, орындау тәсілдері және т. б.),

- оқушылардың дербестік дәрежесі бойынша (өз бетінше немесе мұғалімнің көмегімен), - күтілетін нәтижелер бойынша (бірдей тапсырма – деңгейіне байланысты әртүрлі нәтижелер)

 Тілдік міндеттер

Оқушылар:

  • үшбұрыш ауданының іштей және сырттай сызылған шеңберлер радиустарымен байланысын дәйектеп айта алады;

теоремалар мен формулаларды қолданып есептерді шешу жолын түсіндіреді;

Сабақта мектеп миссиясы мен пайымдауынның, Жаһандық азаматтықтың жүзеге асырылуы

Миссия

-Зияткерлік қабілетін нығайту

-Шығармашылықты нығайту+

-Әлемдік білім беруді түсіну

-Инновацияларды жүзеге асыру+

-Көптілділікті жүзеге асыру

-Математиканы қолдану+

-Ғылымды жүзеге асыру+

ПАЙЫМДАУ

-Адамгершілікке бағытталған сапалы білім беру

-Көшбасшылыққа бағытталған сапалы білім беру

-Патриоттыққа бағытталған жоғары сапалы білім беру

-Әлеуметтік жауапкершілікті дамыту+

-Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту+

-Қазақстанның белсенді азаматтарын дамыту

-Әлемді жақсартуға үлес қосу

ҚҰНДЫЛЫҚТАР

-Жайлылық

-Құрмет+

-Жарқындылық

-Ынтымақтастық+

-Мақсаттылық+

-Жауапкершілік+

-Өмір бойы оқу+

Құндылықтарды дарыту

Сыйласымдық, ашықтық, ынтымақтастық, патриотизм және жауапкершілік, еңбексүйгіштік пен шығармашылық, адалдық, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер, денсаулық пен амандық, жаһандық азаматтық

 Пәнаралық байланыс

АКТ қолдану дағдылары

-

Осыған дейін меңгерілген білім

Үшбұрышқа іштей сызылған және сырттай сызылған шеңберлерді білу, үшбұрыштардың түрлерін, үшбұрыштың теңсіздігін, үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынасты, үшбұрыштың аудан формулаларын білу, тікбұрышты үшбұрыштарды шеше білу.

Білім алуға қолайлы жағдай туғызу, денсаулық және техника қауіпсіздігін сақтау

Жайлы атмосфера

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылатын сергіту сәттері және белсенді қызмет түрлері.

Осы сабақта қауіпсіздік ережелерінен қолданылатын тармақтар.

Сабақ барысы

Жоспарланатын сабақ кеезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

1-5 мин

1. Сыныпты ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Оқушылармен диалог орнату арқылы алдында өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, жауап алу.

3. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.

қосымша

Сабақтың ортасы

7-10 минут

3 минут

15 минут

5-8 минут

30 минут

Оқушыларға мысал ұсынылады. Синустар мен косинустар теоремаларының формулаларын тексеру мақсатында өздік жұмыс алынады.(Калькулятор қолданылады)

 

Ауызша сұрау 

1) Үшбұрыштың қандай түрлерін білесіз? 

2) Шеңбер деген не? 

3) Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер. Бұл қандай шеңбер? 

4) Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер. Бұл қандай шеңбер? 

5) Пифагор теоремасы 

6) Үшбұрыштың аудан формулалары 

 

Соңғы екі формула бізге белгілі емес. Сондықтан, бүгінгі күні біз осы формулаларды қарастырамыз.

Оқушылар жұпта практикалық тапсырманы орындап, формуласын қорытып щығаруына болады. 

1) Үшбұрышты оған іштей сызылған шеңбердің радиустары арқылы өтетін сызықтар бойымен кесіңіз, содан соң әр бөлігін пунктир сызықтар бойынша кесіңіз.  

 

2) бірдей түспен боялған үшбұрыштардан тіктөртбұрыштар құрастырыңыз, олардың бір қабырғасы іштей сызылған шеңбердің радиусына тең. 

 

3) шыққан тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз. Тіктөртбұрыштардың ауданы мен берілген үшбұрыштың ауданын салыстырыңыз. 

 

4) қорытындылап кез келген үшбұрыштың ауданының формуласын жазыңыз. Формуладан іштей сызылған шеңбердің радиусын анықтаңыз

Өздік жұмысты бағалау үшін жауаптар ұсынылады, оқушылар өзін өзі немесе бірін бірі тексеруге болады. (Мұғалім бағалау түрінің қайсысын таңдайтынын оқушылардан сұрауы мүмкін).

Жұмыс түрі: жеке (қажеттілігіне қарай кейбір оқушыларға мұғалім сүйемелдеуі мүмкін), жұптық, топтық (бұл жұмыс түрі жұпта отырған оқушылардың біреуіне көмек ретінде жүргізілуі мүмкін, яғни оқушылар бір бірінен көмек сұрай алады, консультация).

Бағалау бірін бірі, мұғаліммен

Оқушыларға теоремаларды қолдана алатындарын тексеру мақсатында жеке тапсырма ұсынылады

Жұмыс түрі: жеке, жұппе, топпен

Бағалау түрі: бірін-бірі(жауаппен), мұғалім тексереді

Калькулятор қолданылады

Оқушылар алдымен жеке сосын жұппен одан кейін топқа бөлініп, есептерді талдап, ортақ шешімге келу керек. Мұғалімге шығару жолдарын түсіндіре алу керек

Қосымша 100222

қосымша

Сабақтың соңы

10 мин

Үйге

Теория материалың және формулаларды жаттау 

Үй тапсырмасы 

  • Тік бұрышты үшбұрышқа іштей сызылған дөңгелектің ауданын табыңыз, егер катеттердің гипотенузадағы проекциялары 9 м және 16 м болса. 

Жауабы: м2 

  • Тік бұрышты үшбұрыштың периметрі 24 см-ге, ал ауданы 24 см2-қа тең. Сырттай сызылған шеңбер радиусын тап.  

Жауабы: 5 см  

  • Тік бұрышты үшбұрыштың бір бұрышы 300-қа тең. Осы үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусы 4 см-ге тең болса, онда осы үшбұрыштың ауданын есептеңіз.  

Жауабы: 48+32см2  

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

қосымша

Сабаққа рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асты ма?

Оқу мақсатына барлық оқушылар жете алды ма? Жоқ болса, неге?

Сабақтағы саралау тиімді қолданылды ма?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойлау үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағаннан сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

– Сұраққа жауап беруде қабілетті оқушылардын жауаптарын математикалық жолмен дәлелдеулерін талап етіледі;

Қойылған сұрақтың қиындығына және жауаптың толықтығын қадағалап тексеріп отырамын;

–-Ынталандыру, қолдау көрсету

Сабақ үстіндегі оқушылардың көңіл-күйін қадағалап отыру

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу