Жылықанды жануарлардың дене температурасын сақтаудағы терінің рөлі. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.3D Координация және реттелу

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жылықанды жануарлардың дене температурасын сақтаудағы терінің рөлі (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.7.9 жылықанды жануарлардың дене температураны сақтаудағы терінің рөлін сипаттау

 Сабақтың

 мақсаттары

  • Терінің жылықанды жануарлардың дене температурасын реттеудегі рөлін мысалдар арқылы сипаттау
  • Терморецепторлардың температураның өзгеруіне бейімделуін түсіндіру

 Бағалау

 критерийлері

  • Жылықанды жануарлардың температураны сақтаудағы терінің маңызын сипаттайды
  • Терморецепторлардың температураның өзгеруіне бейімделуін түсіндіреді

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Жылықанды жануарлардың тұрақты температураны сақтауындағы терінің рөлі, терморецепторлардың температураның өзгеруіне бейімделуін тиісті терминологияны қолдана отырып ауызша жазбаша сипаттап түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Терморецептор, жылудың реттелуі, жылықанды, салқынқанды жануарлар,

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Майдың қалың қабаты сырттағы ... ішке өткізбейді.

Ақ аюдың жүні ... болғандықтан су жұқпайды.

Тері бетіндегі жүні жануардың денеден жылуды ... қамтамасыз етеді.

Қоршаған орта температурасы көтерілгенде тері асты қан тамырлары ..., іштегі жылу қанмен бірге ... келеді.

 Құндылықтарды

 дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

 Пәнаралық

  байланыс

Температураның өзгеруі, судың булануы туралы түсініктер арқылы химия, жылуды шашырату, температураның денедегі суға әсері туралы қарастыру кезінде физика пәнімен байланыс орнатылады.

Алдыңғы білім

Оқушылар терінің құрылысы, атқаратын қызметтері мен дене температурасын реттеудегі рөлі, тері сезімталдығы туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Оқушылардан жылықанды жануарлар мысалдарын келтіру сұралады. Оқушылар жануарларды атаған кезде олар қалайша дене температурасын тұрақты сақтай алады деп талқылау жүргізе отырып, жүрегінің төрт бөлікті болуына байланысты оларда артерия және вена қаны араласпайды, сондықтан дене температурасы тұрақты, және олардың терісі дене температурасын тұрақты сақтауға көмектеседі деп сабақтың тақырыбына тоқталу қажет. Осыған байланысты тағы нені білу қажет деп сұрау арқылы сабақтың мақсаттары ашылады.

1 -3 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-26 мин

Оқушылардан жылықанды жануарларға мысалдар келтіру сұралады. Мұғалім оқушылар жауаптарын толықтырып, олардың дене температурасын сақтауда тері маңызды рөл атқаратынын айтады.

Оқушылар видеоматериалдар мен ақпарат парақшаларын пайдалана отырып, терінің дене температурасын реттеудегі рөлі түсіндірілген кластер, сызба, брошюра жасайды.

Кейбір оқушылар тапсырманы жазбаша түрде де орындай алады.

Жұмысты шағын топтарда, мүмкін болса жұпта ұйымдастыруға болады.

1 - қосымша

4-8 слайдтар

27-36 мин

Оқушылардан тақырыпты түсінгенін тексеру үшін қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау сұралады.

2- қосымша

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

  • Позиция «Мен ...деп есептеймін»
  • Түсіндіру «Себебі, ... »
  • Мысалы «Мен ...дәлелдеймін, мысалы ретінде ... »
  • Нәтиже «Айта келе, мен ... деп қорытындылаймын»

9 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Кейбір оқушылар тері рецепторларының түрлерімен таныса алады.

Кейбір оқушылар тапсырманы жазбаша түрде де орындай алады.

Кейбір оқушылар видеоматериалдарды қарайды

Оқушыларға ойлаудың әртүрлі деңгейіндегі сұрақтар қойылады

Оқушылар өнімнің әртүрлі түрлерін жасай алады

Кейбір оқушылар аталған жануарлардан басқа жануарлардан мысалдар келтіріп, олардың бейімделу ерекшеліктерін сипаттай алады

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Оқушылардың ауызша жауаптары арқылы

Ақпаратпен танысу кезіндегі талқылаулары арқылы

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Ақпарат жинау кезінде белсенді қозғалыс жасайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу