Бездердің қызметтері. Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
ГИПОТАЛАМУС | Нейрогормондар Гипофизге вазопрессин | Басқа бездердің жұмысын реттейді -зәр түзілуді, қантамырларының жұмысын реттейді |
ГИПОФИЗ | соматотропин- өсу гормоны | нәруыз синтезін күшейту, майды ыдырату арқылы дененің өсуін реттейді |
ЭПИФИЗ | Мелатонин | Жыныстық дамуға әсер етеді |
ҚАЛҚАНША БЕЗІ | Тироксин | нәруыз синтезін арттырып, өсу мен дамуды қамтамасыз етеді |
ҚАЛҚАНША МАҢЫ | Паратгормон | асқорыту жүйесінен, сүйектен, зәрден кальцийдің қаңға өтуін арттырып, қандағы кальций мөлшерін көтереді. |
БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗІ | Адреналин | жедел күйзеліске төзімділікті арттырады, бұлшық еттің қарқынды жұмысын энергиямен қамтамасыз етеді |
ҰЙҚЫ БЕЗІ | инсулин, глюкагон | инсулин- қандағы глюкозаның артық мөлшерін гликогенге айналдырып бауырға жіберіп, қандағы глюкоза мөлшерін төмендетеді. глюкагон - қанда глюкоза азайғанда бауырдағы гликогенді шығарып, глюкозаның қандағы мөлшерін арттырады |
ТИМУС | Тимозин | иммунитетті қамтамасыз етуге қатысады |
АТАЛЫҚ БЕЗДЕР | тестостерондар | а) майдың жиналуын азайтады, ұлпа мен бұлшық еттегі нәруыз синтезін күшейтедіб) еркектік белгілердің қалыптасуын қамтамасыз етеді |
АНАЛЫҚ БЕЗДЕР | Эстрогендер | - әйелдік белгілердің дамуын қамтамсыз етеді б) аналық мүшелердегі өзгерістердің жүруін реттейді -жүктілікке ағзаны дайындайды |
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Топтық жұмыс кезінде оқушылардың жеке бас қауіпсіздігін сақтаулары ескертіледі
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Бездер саны көп болғандықтан тек ұйқы безі мен қалқанша безінің жұмысы қарастырылады. Кейбір оқушылар гипофиз бен бүйрек үсті безінің жұмысына тоқтала алады. Адреналин гормонының жұмыс механизмі келесі сыныпта толығымен оқытылатындықтан оны тереңдетіп қарастырудың қажеті жоқ.
Бездердің бөлетін гормондарын білулері маңызды.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Инсулин гормонының тамақтанғаннан соң қандағы глюкоза мөлшері артқан кезде мидан келген сигналдың әсерінен бөлініп, бауыр жасушаларына әсер ету арқылы қандағы глюкозаның артық мөлшерін гликогенге айналдыруына себеп болатынын түсінулері маңызды. Инсулин гормоны тек қанда глюкоза мөлшері артқан кезде ғана бөлінеді. Олардың әсер етуші жасушалары бауыр жасушалары болып табылады. Бауыр жасушалары гликогенді қорға жинайды. Егер де қанда глюкоза мөлшері кемісе ұйқы безі инсулин емес глюкагон гормонын бөледі. Глюкагон гормоны бауыр жасушаларына онда қорға жиналған гликогендерді ыдыратып глюкоза айналдыру қажет екендігі туралы ақпаратты әкеледі. Оның әсерінен бауыр жасушалары гликогенді глюкозаға айналдырады.
Қалқанша безі тироксин гормоның бөледі. Оның түзілуі ағзадағы йодтың мөлшеріне тәуелді. Осы гормон арқылы қалқанша безі ағзадағы зат алмасу процесстерін реттеуге қатысады дегенді түсінулері маңызды.
- Саралау тапсырмалары
5-қосымшада берілді.
Жауабы:
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
1-тапсырма. Оқушылар без бен оның атауын бірдей түспен бояу арқылы эндокриндік бездердің ағзадағы орналасуын біледі.
2-тапсырма.
ГИПОФИЗ | соматотропин- өсу гормоны | нәруыз синтезін күшейту, майды ыдырату арқылы дененің өсуін реттейді |
ҚАЛҚАНША БЕЗІ | Тироксин | нәруыз синтезін арттырып, өсу мен дамуды қамтамасыз етеді |
ҚАЛҚАНША МАҢЫ | Паратгормон | асқорыту жүйесінен, сүйектен, зәрден кальцийдің қаңға өтуін арттырып, қандағы кальций мөлшерін көтереді. |
БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗІ | Адреналин | жедел күйзеліске төзімділікті арттырады, бұлшық еттің қарқынды жұмысын энергиямен қамтамасыз етеді |
ҰЙҚЫ БЕЗІ | инсулин, глюкагон | инсулин- қандағы глюкозаның артық мөлшерін гликогенге айналдырып бауырға жіберіп, қандағы глюкоза мөлшерін төмендетеді. глюкагон - қанда глюкоза азайғанда бауырдағы гликогенді шығарып, глюкозаның қандағы мөлшерін арттырады |
Бағалау критерийлері | Дескрипторлар |
Қалқанша безі мен ұйқы безі мысалында ішкі секреция бездерінің жұмысын түсіндіреді |
|
- Сілтемелер мен ресурстар
Гормондармен танысу
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?