Қозғалыс және оның қасиеттері. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.3 В Жазықтықтағы түрлендірулер

Мектеп: ХББ НЗМ Қарағанды қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қозғалыс және оның қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.8 қозғалыстың түрлерін, композициясын және олардың қасиеттерін білу;

9.1.4.9 симметрия, параллель көшіру және бұру кезінде фигуралардың бейнелерін салу;

9.1.4.10 жазықтықта түрлендіруді қолдана отырып есептер шығару;

 Сабақ

 мақсаттары

Жазықтықта фигураларды түрлендірудің бір түрі - қозғалыс және оның қасиеттерін қайталау.

 Бағалау

 критерийлері

  • Қозғалыстың анықтамасын біледі;
  • Қозғалыстың түрлерін, композицияларын, қасиеттерін біледі;
  • Қозғалыс кезінде жазықтықтағы фигуралардың бейнелерін сала алады;
  • Жазықтықтағы түрлендіруді қолданып есептер шығарады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Түрлендіру барысында не өзгеретінін және өзгергенде не өзгермейтіндігін ауызша түсіндіреді.

Пәндік лексика мен терминология

  • Қозғалыс;
  • Центрлік симметрия, осьтік симметрия, бұру, параллель көшіру;
  • Центрлі-симметриялы фигуралар.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • Нүктелер арасындағы қашықтық сақталады;
  • Нүктелер арасындағы қашықтық бірдей сан есе өзгереді;
  • … әртүрлі жақтарында;
  • … бір жағында;
  • … түзуіне ортақ перпендикулярында;
  • … бірдей қашықтықта;
  • фигура өз-өзіне көшеді;
  • берілген фигураныңсимметрия осі;
  • О центрімен бұрышқа бұрылу.

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

Құрмет. Есептердің шығару жолын талдау кезінде оқушылардың бір-бірінің пікірі мен санасып құрмет көрсетуі.

Ынтымақтастық. Берілген жұптық жұмыс тапсырмаларын орындауда ынтымақтастық пен жауаптылық әртүрлі пікірлерді қабылдай алу.

Еңбек және шығармашылық. Өздігінен ақпаратты таба алу, жағдаятты талдай алу, жаңа жағдайларға бейімделу, мәселелерді қою және оларды шеше білу, топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұтымды пайдалана білу. Оқушылардың өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;

Аталған құндылықтар берілген сабақта жоспарланған жұмыстар негізінде дарытылады.

 Пәнаралық

 байланыстар

Сәулет өнері

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқушылар презентациямен жұмыс жасай алады, ИКТ жазу үшін қолданады.

Бастапқы білім

Үшбұрыштар теңдігінің қасиеттері туралы білімі; вектор ұғымы туралы білімі; үшбұрыштардың ұқсастық қасиеттері туралы білімі. Фигураларды бейнелеу кезінде сызба әрекеттерін қолдана алу дағдысы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

  • Мұғалім оқушылардың назаларын шоғырландырады;
  • оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын / ОМ айқындайды;
  • оқушылардың «жақын арадағы даму аймағын» анықтау;
  • Үй жұмысын тексеру

Слайд 1-4

5 мин

Оқушыларға қозғалыстың түрлеріне суретті сәйкестендіруді ұсыну

Осьтік симметрия

Центрлік симметрия

Бұру

Параллель көшіру

Слайд 5-8

Жеке жұмыс

15 мин

Оқушыларға келесі тапсырманы орындауды және берілген дұрыс жауаптар бойынша өзара бағалау жүргізуді ұсыну

Есептер:

1. АО≠ОВ болатындай АВ кесіндісі О нүктесінде қиылысатын с түзуімен перпендикуляр. С түзуіне қатысты А және В нүктелері симметриялы ма?

2. а түзуі МК кесіндісін нольден өзге бұрышта ортасынан қиып өтеді. А түзуіне қатысты М және К нүктелері симметриялы ма?

3. М(7;2) және К(-7;2) нүктелері қай координаттық оське қатысты симметриялы?

4. А(5;…) және В(…;2) нүктелері Ох осіне қатысты симметриялы. Олардың бос орындағы координаттарын жазыңыздар.

5. В нүктесі А(-2;3) нүктесіне Ох осіне қатысты симметриялы, С нүктесі В нүктесіне Оу осіне қатысты симметриялы. С нүктесінің координаттарын табыңыздар

6. В нүктесі А(3;1) нүктесіне у = х түзуіне қатысты симметриялы. В нүктесінің координаттарын табыңыздар.

7. Суретте көрсетілген жағдайдың әрқайсысына с түзуіне қатысты А және В нүктелеріне симметриялы А' және В' нүктелерін салыңыздар.

Жауаптары: 1) жоқ; 2) жоқ; 3) Оу; 4) А(5;-2) және В(5;2);

5) С(2;-3); 6) В(1;3); 7)

Қосымша 1

Слайд 9-11

Жұптық жұмыс

10 мин

Дәптерге осы суреттерді көшіріп, берілген l түзуіне қатысты симметриялы фигураны салыңыздар.

Жауаптары:

Кезеңге рефлексия:

-Есепті шешу барысында қандай қиыншылықтар туындады?

-Қосымша түсіндіруді талап ететін сұрақтар бар ма?

Слайд 12-14

Қосымша 2

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында оқушылармен рефлексия жүргізіледі:

- Мен ... білдім.

- Маған ... қызықты болды.

- Мен тағы да ... білгім келеді.

- ... тапсырма бойынша жұмыс маған көмектесті

- Мені ... таң қалдырды.

Үй тапсырмасы. Таратпа материалдағы тапсырма.

Слайд 15

Саралау

Жеке жұмыс тапсырмалары деңгейленген түрде ұсынылады.

Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі.

Бағалау

Сабақ барысында мұғалімнің қалыптастырушылық бағалауы. Бірін-бірі бағалауы.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу