Фигураларды түрлендірулердің түрлері. Қозғалыс және оның қасиеттері. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.2C Фигураларды түрлендіру

Мектеп: ХББ НЗМ Қарағанды қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Фигураларды түрлендірулердің түрлері.

Қозғалыс және оның қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.4.16 фигураларды түрлендірудің түрлерін біледі;

9.3.4.18 қозғалыстардың түрлерін және олардың қасиеттерін біледі;

9.3.4.19 симметрия, параллель көшіру және бұру кезінде фигуралардың бейнелерін және түпбейнелерін сала біледі, сонымен қатар программалық жасақтаманы қолданады;

9.3.4.20 қозғалыстардың түрлеріне, сонымен қатар теңдеулермен берілген қозғалыстардың түрлеріне есептер шығарады;

9.3.4.17 тепе-тең түрлендіру және түрлендірулердің композициялары ұғымдарын біледі;

 Сабақ

 мақсаттары

Жазықтықта фигураларды түрлендірудің бір түрі- қозғалыс ұғымымен танысу және оның қасиеттері мен түрлерін қарастыру

 Жетістік

 критерийлері

  • Фигураларды түрлендіру ұғымын түсінеді;
  • Қозғалыстың анықтамасын біледі;
  • Қозғаалыстың түрлерін, қасиеттерін біледі;
  • Қозғалыс кезінде жазықтықтағы фигуралардың бейнелерін және түпбейнелерін сала алады.

 Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • Түрлендірілген фигураның салыну барысын сипаттайды;

Пәндік лексика мен терминология

  • Фигураларды түрлендіру;
  • Қозғалыс, ұқсастық;
  • Центрлік симметрия, осьтік симметрия, бұру, параллель көшіру, гомотетия;
  • Центрлі-симметриялы фигуралар.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • Нүктелер арасындағы қашықтық сақталады;
  • Нүктелер арасындағы қашықтық бірдей сан есе өзгереді;
  • … әртүрлі жақтарында;
  • … бір жағында;
  • … түзуіне ортақ перпендикулярында;
  • … бірдей қашықтықта;
  • фигура өз-өзіне көшеді;
  • берілген фигураның симметрия осі;
  • О центрімен бұрышқа бұрылу.

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

Құрмет. Есептердің шығару жолын талдау кезінде оқушылардың бір-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі.

Ынтымақтастық. Берілген жұптық жұмыс тапсырмаларын орындауда ынтымақтастық пен жауаптылық әр түрлі пікірлерді қабылдай алу.

Еңбек және шығармашылық. Өздігінен ақпаратты таба алу, жағдаятты талдай алу, жаңа жағдайларға бейімделу, мәселелерді қою және оларды шеше білу, топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұтымды пайдалана білу.Оқушылардың өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;

Аталған құндылықтар берілген сабақта жоспарланған жұмыстар негізінде дарытылады.

 Пәнаралық

 байланыстар

Сәулет өнері

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқушылар презентациямен жұмыс жасай алады, ИКТ жазу үшін қолданады.

https://www.bilimland.kz

Бастапқы білім

Үшбұрыштар теңдігінің қасиеттері туралы білімі; вектор ұғымы туралы білімі; үшбұрыштардың ұқсастық қасиеттері туралы білімі. Фигураларды бейнелеу кезінде сызба әрекеттерін қолдана алу дағдысы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алуға

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңілін бөлу

Сабақ жоспары

1.параллель көшіру, бұры түрлендірулерімен танысу.

2. Жұптық жұмыс.

  • Жеке жұмыс
  • Сабақты қорытындылау.

Презентация1

Слайд 1-6

Сабақтың ортасы

15 мин

10 мин

10 мин

Жаңа тақырып. Фигураларды түрлендіру

Мұғалімнің презентация бойынша түсіндіруі. Түсіндіру барысында келесі сілтеме бойынша видео қолданылады. Параллель көшіру ұғымын қысқаша видео материал көмегімен түсіндіру

https://www.bilimland.kz

Математика – Геометрия – Планиметрия – Координаталар жүйесі және жазықтықтағы векторлар - Жазықтықты түрлендіру. Қозғалыс және оның қасиеттері

11 кезең видеосы

12 кезең видеосы

Параллель көшіруге мысалдарын қарастыру.

Бұрудың анықтамасын беру. Бұруға практикалық тапсырма орындату.

Жұптық жұмыс. Есептер шығару. (Қосымша 1)

Мұғалім оқушылардың жұптық жұмысын қадағалайды, Оқушылардан қиындық туғызған тапсырмалары және оны орындауда жасаған іс-әрекеттері сұралады.

Жеке жұмыс. Есептер шығару. (Қосымша 2)

Оқушылардың жұмысын тексеру, кері байланыс ұсыну.Оқушылардың бір-бірін жұмысын бағалауын ұйымдастыру. Ол үшін тапсырма соңында оқушыларды жұптарға немесе топтарға біріктіреді. Оқушылар бір-бірімен жұмыстарын салыстырып, қателік жасаған оқушы дұрыс жауапты анықтайды.

Презентация1

Слайд 7-14

Презентация2

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың соңы

3 мин

Сабақты қорытындылау. Оқушылар сабақ басында ұсыныдлған суреттердің қайсысы параллель көшіру, бұру екендігін анықтайды.

Саралау

Жеке жұмыс тапсырмалары деңгейленген түрде ұсынылады.

Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі.

Бағалау

Сабақ барысында мұғалімнің қалыптастырушылық бағалауы. Бірін-бірі бағалауы.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу