Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы. Естудің бұзылу себептері. Есту мүшесінің гигиенасы. Зертханалық жұмыс «Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу». Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3С Координация және реттелу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы. Естудің бұзылу себептері. Есту мүшесінің гигиенасы.

Зертханалық жұмыс «Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу». (құлақтың есту қабілетін анықтау).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.7.2 дыбысты қабылдаудың ерекшеліктерін зерттеу және есту гигиенасы ережесін сипаттау

 Сабақ мақсаттары

-есту мүшелері арқылы қабылдаудың ерекшеліктерін зерттеу.

-Есту гигиенасының ережесін білу

 Бағалау критерийлері

Көру және есту мүшелерінің бөлімдерін дұрыс белгілей алады.

Көру және естіп қабылдау ерекшеліктерін саралап, зерттеп, сипаттай алады.

Естудің маңызын есту мүшесінің гигиенасын дұрыс атайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Сезім мүшелерінің түрлері: көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, сипап сезу.

Есту және көру анализаторлары. Рецепторлар. Қарашық, нұрлы қабық, ақ қабық, таяқша, құтыша мен таяқша. Құлақ қалқаны, есту жолы, дабыл жарғағы, есту сүйекшелер, иірімдер.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Көз анализаторы – бұл ………………………………………

Көз анализаторының құрылысында ......................................

Құлақтың гигиенасы …………………………………....

 Құндылықтарды дарыту

  (АЖ)

Адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру. Сабақта «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің келесі принциптеріне көңіл бөлінеді: қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік және татулық; еңбекқорлық, адалдық, оқыту пен білім алуға деген талпыну өркендеудің негізі болып табылатын жалпы еңбек қоғамы; тарихтың, мәдеиеттің және тілдің ортақтығы.

 Басты дағды

Сыни тұрғыдан ойлау «Концептуалдық кесте» арқылы жүзеге асырылады.

 Пәнаралық байланыстар

Химиялық және медициналық білімді дамыту

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсендітақта, бейнекөріністер

Бастапқы білім

Оқушылар 7-сыныптың «Үйлестіру және реттеу» бөліміндегі жануарлардың жүйке жүйесінің түрлерін салыстыра алады Олар сипап сезуді сезінудің негізгі түрлерінің бірі екендігін білулері керек.

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланған

кезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-4 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастыру атмосферасын ұйымдастыру. Сәлемдесу.

(Ұ) Бетховеннің кез келген шығармасынан үзінді тыңдатыңыз. Оқушылардан әуеннің қабылдану ерекшеліктерін сипаттауды сұраңыз.

Бетховеннің керең болып қалған кезде де шығармаларын жазуды жалғастырғандығына назар аудартып, әуеннің ауа тербелістері немесе толқындары түрінде қабылдануы мүмкін екендігіне тоқталу маңызды.

Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау, жазу.

Бетховеннің музыкасы

https://ru-music.com/artist/%D0%B1%D0%B5%D1%82%D1%85%D0%BE%D0%B2%D0%B5%D0%BD

Сабақтың ортасы

4-15 минут

15-20 минут

20-25 мин

25-33минут

33-38минут

(Т) Оқушылардан құлақтың естігіштігін анықтау арқылы естудің ерекшеліктерін зерттеуді өтініңіз.

Бір оқушы ортаға отырғызып, көзін байлап, қалғандары айнала отырады.

Оқушылардың бірі қоңырауды шылдырлатады немесе басқадай үн шығарады. Ортада отырған оқушы дыбыстың шыққан бағытын анықтайды.

Құлақтың естігіштігін анықтау: Құлақтың естігіштігі – адамның қабылдай алатын дыбыстың ең төменгі шегі. 1-нұсқа. 1. Механикалық сағатты қолға алу.2. Сағаттың үні естілгенше сағатты құлаққа жақындату. 3. Сағатты құлақтан үні естілмей қалғанша алшақтату. 4. Құлақ пен сағаттың 2 және 3 жағдайлардағы ара қашықтығын өлшеу (см). 5. Екі көрсеткіштің айырмасын анықтау. Тестіні оң және сол құлақпен кезекпен жасауға болады. нәтижелерді бағалау: сағат үні сағаттың құлақтан 10-15 см алыстықта естілуі орташа көрсеткіш болып табылады. Егер де бұл көрсеткіш осы шамадан кем болса естігіштік жоғары, жоғары болса, яғни, 25 см-ден асса естігіштікте өзгеріс бар болып саналады.

(Т) Оқушылардан дыбыс толқындарының таралу жолын көрсеткен сызба салуды сұраңыз.

Оқушылардың нұсқалары дайын болғаннан соң, дыбыстың таралу жолын анимация арқылы салыстыру қажет.

(Жж) Оқушылардан құлақтың моделін пайдалана отырып, оның үш бөлімінің құрылымдарын атап көрсетуді сұраңыз.

(ҚБ) Оқушылардан құлақ күтімінің маңыздылығының себептерін жазуды сұраңыз.

6 слайд

Сызғыш

Механикалық қол сағаттар

Құлақтың естігіштігін анықтау мысалдары

https://www.youtube.com/watch?v=xC2RX6bS-dA

Слайд 7 -9

Дәптер

Анимация

https://www.medel.com/ru/about-hearing/how-hearing-works

Бейнежазба дыбыстың таралуы

https://www.youtube.com/watch?v=qgdqp-oPb1Q

Слайд 10-15 Құлақтың құрылысы

Оқулық

Есту анализаторының құрылысы: http://www.nuffieldfoundation.org/practical-biology/assessing-human-hearing

Құлақтың құрылысы:

http://veterinarua.ru/anatomiya/294-stroenie-organa-slukha.html

Құлақтың құрылысы қазақша:

ftp://ppi.kz/Baidalinova_musheler_anatomia.pdf

ҚБ тапсырмасы

Сабақтың соңы

38-40 минут

Үйге:

- есту анализаторының бөліктерін білу

- құлақ бөліктерін атау, қызметін білу.

- тепе-теңдікті сақатау аппаратын білу

Рефлексия:

Мен түсіндім...

Маған түсінуге қиын болды...

Мен түсінбедім...

16 слайд

17 слайд

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: есту және тепе-теңдік мүшесін біледі; дыбыстың өту жолын, тепе-теңдікті сақтау механизмін біледі.

Жұптық және жеке жұмыстыбағалау

Денсаулықсақтаутехнологиялары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу