Бұлшық ет. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Бұлшықет ұлпаларының құрылысы мен қызметі (бірыңғай салалы, көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек)

Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і белокмайкөмірсу және минералдық тұздардан тұрады. Адам денесінде 400-ден астам бұлшық ет бар, олар дене салмағының 40%-тен астамын құрайды. Бұлшық ет пішініне, атқаратын қызметіне, орналасқан жеріне байланысты алуан түрлі, олар ұзын, қысқа, жалпақ болып келеді. Көбіне, ұзын бұлшық ет қол мен аяқта, қысқа бұлшық ет омыртқа бағанасы бойында, жалпақ бұлшық ет іште, кеудеде орналасқан. Кейбір ұзын бұлшық ет түрлі сүйектерден басталады да екі басты, үш басты және төрт басты болып келеді. Организмдегі бұлшық ет тіндерін екі түрге бөледі: а) қаңқалық көлденең жолақты бұлшық еттер. Бұлар тірек-қимыл мүшелеріне қатысты денені әр түрлі қозғалысқа келтіреді, жиырылу жылдамдығы өте жоғары болады; ә) бірыңғай салалы (тегіс) бұлшық еттер ішкі органдардың қызметін қамтамасыз етеді, баяу жиырылады, үнемі ұзақ қозғалыста болады. Бұлшық ет пішініне немесе бекитін сүйектеріне сай шаршыүшбұрыштыжұмырдельтажолақ деп аталады. Ал қызметіне қарай — бүккішжазғыш,әкелушіәкетуші; орналасқан жеріне қарай — төс-бұғана бұлшық еті, қабырға аралық бұлшық еттер, т.б. болып ажыратылады. Бұлшық ет тірек-қимыл мүшесіне жатады. Дененің қозғалысы мен қызметі Бұлшық еттің жиырылғыштық қасиетіне байланысты. Оның жиырылу процесі жүйке талшықтары импульстерінің әсерімен рефлекторлы түрде өтеді. Бұлшық етте қан тамырларыжүйке түйіндері мен талшықтары және лимфалық құрылымдар орналасады.

Маңызы

Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықеттің катысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-тендігін сақтайды. Кеуде куысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет (кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу козғалысына қатысады. Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің козғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшыкеттердің жиырылу, босаңсу әсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі.

Бұлшықеттердің маңызы мен құрылысы

1 - бүгіп, қозғалысқа келтіру; 2 - мойын мен кеудені қозғалту; 3 - қолды көтеру; 4 - иықты жоғары қозғау бұлшықеттері; 5 - құрсақ бұлшықеті; 6 - денені тік ұстап жүруге көмектесу; 7 - мықынды қимылдату; 8 - санды қимылға келтіру; 9 - балтыр мен аяқ ұшын қимылға келтіру бұлшық еттері.

Бұлшықеттер - бұлшық ет ұлпасынан, тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады.

Бұлшықеттердің негізін - көлденең жолақты бұлшық ет талшықтарының жіңішке шоғыры құрайды .

Бұл шоғырлардың сыртын дәнекер ұлпасы қаптайды. Көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан қаңқа бұлшықеттері, тығыз дәнекер ұлпасынан сіңірлер түзіледі.

Бұлшықет ұлпасын құрылысына қарай бірыңғайсалалы, көлденеңжолақты (қанқа бұлшықеттері) және жүректің бұлшықеттері деп бөледі. Бірыңғайсалалы бұлшық еттер ішкі мүшелердің ішкі жағын (ішек, қарын, қантамырлар, несепағар, қуық, т.б.) астарлап жатады.

Бұлшықет жиырылғанда ішкі мүшелер көлемін өзгертеді. Олардың жиылуы баяу әрі ырғақты және адамның еркінен тыс жүзеге асады.

Көлденең жолақты бұлшықет дейтін себебі бұлшықет талшықтары көлденеңінен жолақтанып жатады. Көлденеңжолақты бұлшықет талшықтарының пішіні цилиндр тәрізді, диаметрі 0,1 мм, ұзындығы бірнеше ондаған мм-ге жетеді. Бұлшықет талшықтары - миофибриллалар (грекше «тіо»- бұлшықет, латынша «fibrilla» - талшық) миозин және актин нәруыздарынан тұрады. Миозин - бұлшықетте ет талшықтарының жиырылып босаңсуына қатысатын еритін нәруыз. Актин - бұлшықетте миозинмен бірге болатын, ет талшықтарының жиырылып, босаңсуына қатысатын нәруыз. Миофибриллдар (миоциттер) бұлшықеттердің ең кіттті құрылымдық және қызметтік бірлігі.

Көлденеңжолақтар әр түрлі оптикалық қасиеті бар талшықтар будасының миофибриллаларда ашықтау және күңгірттеу болып кезектесіп орналасуы. Миозин нәруызынан тұратын жуан талшықтардың будалары жарық микроскопынан күңгірттеу жолақ болып көрінеді. Ашық түсті жіңішке жолақтар актин нәруызының жіңішке жіпшелерінің будала-рынан түзіледі.

Жүректің көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары 2 түрлі қызмет атқарады: біреуі жүректің жиырылуын қамтамасыз етеді; екіншісі жүрек ішінде жүйке қозу толқындарын өткізеді. Жүректің бұлшықеті кұрылысы жағынан көлденеңжолақты болса, қызметі бірыңғайсалалы бұлшықетке ұқсайды. Жүректің бұлшықеті де қаңқадағыдай көлденеңжолақты болғанымен, жиырылуы адамның ер-кінен тыс, санаға бағынбайды. Жүректің жұмысын тоқтатам десең де тоқтата алмайсың. Оның ұлпалары ерекше. Ғалымдар адам дене-сінде 600-ден астам қаңқа бұлшықеттері бар деп есептейді.

Қаңқа бұлшықеттері

Қаңқа бұлшықеттеріне - тұлғабасмойын және иық, жамбас белдеулер мен қол-аяқ бұлшықеттері жатады. Бұлшықет талшықтарының сыртын жұқа дәнекер ұлпасынан тұратын қабықша қаптайды. Бұлшықеттегібудаланып орналасқан талшықтардың арасында қантамырлар мен жүйкелер болады. Қантамырлардағы қан тасымалдау қызметін атқарса, жүйкелер оның жиырылуын реттейді. Қаңқа бұшықеттерінің екі шеті тығыз дәнекер ұлпасынан түзілген сіңірмен бітеді. Сіңірлердің мөлшері әр түрлі. Әсіресе аяқ-қол бұлшықеттерінің сіңірлері ұзын болады. Сіңірлер арқылы бұлшықеттер сүйектерге бекінеді. Көптеген бұлшықеттердің сіңірлері буындардың екі жағындағы сүйектерге бекінеді. Сіңірлер өте мықты болғанымен, жиырылуға қабілетсіз.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Биология кабинетінде жеке басының қауіпсіәздігін сақтай білу ескертіледі. Микроскоппен жұмыс барысында қауіпсіздікті сақтау қажет. Микропрепараттарды сындырып алмас үшін алдымен ең кіші ұлғайту объективінен бастау маңызды. Оқушылардың микроскопты екі қолымен көтеріп ұстауы, тәртіпке келтірілген микроскопты орнынан қозғамаулары маңызды.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Тақырып көлемі едәуір ауқымды болғ,андықтан сабақ станциялар түрінде ұйымдастырылады. Оқушылардың әр станцияда жұмсайтын уақытын оқушы санына қарай шамалап есептеп, уақытты алдын ала жоспарлап ескертіп отыру қажет. Әр станцияда ұсынылған тапсырмаларды орындап үлгерулері үшін мұғалімнің тиісті бағыт бағдар беріп отыруы маңызды.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Оқушылардың бұлшық еттің түрлерін, денеде орналасуын және атауларын білуі маңызды. Сонымен қатар бұлшық ет ұлпасының түрлерін ажырата білуі, әр ұлпаның ағзада кездесетін орны мен атьқаратын қызметтерін түсіндіре алулары маңызды.

  • Саралау тапсырмалары
  • Бұлшық ет ұлпаларын ағылшын тілінде сипаттау тапсырмасы 2-қосымшада ұсынылды.
  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

Оқушылардың жауаптары таныстырылымдағы суреттермен және басқа оқушылардың салған суреттерімен салыстырылады.

  • Сілтемелер мен ресурстар

Қаңқа бұлшықеттері

https://twig-bilim.kz/kz/film/skeletal-muscles

Жүрек бұлшықеттері және тегіс бұлшықеттер

https://twig-bilim.kz/kz/film/cardiac-and-smooth-muscles

Қаңқа бұлшық еттері және қозғалыс

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/tirek-qimyl-zhujeleri/lesson/bulshyqet-ulpalarynyng-qasietteri

Бұлшық еттер

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/tirek-qimyl-zhujeleri/lesson/adamdardahy-bulshyqetter



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу