Бұлшық ет. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


  • қосымша

Бұлшықеттердің негізгі топтары

Бас пен мойынның бұлшықеттері. Бастың бұлшықеттері шайнау және ымдау деп 2-ге бөлінеді. Шайнау бұлшықеттері төменгі жақ сүйегіне бекінеді. Бұлшықеттері жиырылғанда төменгі жақ қозғалысқа келіп тамақты шайнауға қатысады. Ымдау бұлшықеттерінің бір шеті сүйектерге, екінші шеті терінің астыңғы жағына бекінеді. Ыммен адам қуануды, ренжуді, ашуды және т.б. білдіреді. «Ымға түсінбеген дымға түсінбейді» деген ұғым осыған байланысты айтылған. Ауыздың айналасындағы бұлшықеттер ауызды жұмуға, көздің айналасындағы бұлшықеттер қабақты жабуға қатысады. Көздің айналасында қатпарлар пайда болып, қасты жоғары көтереді.

Мойынның бұлшықеттері бас пен мойынды бұруға көмектеседі.

Тұлғаның бұлшықеттері – орналасқан орнына қарай: арқаның, көкіректің және құрсақтың бұлшықеттері деп бөлінеді (50-сурет).

Арқа бұлшықеттері:

1) трапеция пішінді бұлшықеттер – жалпақ, пішіні үшбұрышты, арқаның жоғарғы бөлігі мен мойынның артқы жағына орналасады. Бұғана мен жауырынға бекінеді. Бұлшықеттердің жоғарғы ұшы жиырылғанда жауырын көтеріледі, төменгі ұшы жиырылғанда жауырын қайта қалпына келеді.

2) ромбы тәрізді бұлшықеттердің бір ұшы жауырынның шетіне, екінші ұшы арқа омыртқаларының өсіндісіне бекінеді. Жауырынның омыртқаға қарай жақындауына әсер етеді.

Арқаның бұлшықеттері бірнеше қабат болып орналасады. Терінің астына жақын орналасқан бұлшықеттер қолды қозғалысқа келтіреді. Тереңірек орналасқан бұлшықеттер омыртқа жотасын артқа, алға, оң жаққа, сол жаққа иілтеді.

Көкіректің бұлшықеттері:

1) көкіректің үлкен бұлшықеттері – пішіні желпуіш тәрізді, кеуде қуысының алдыңғы жағын жауып жатады.

2) сыртқы қабырғааралық бұлшықеттер – қабырғалардың аралығында орналасқан. Жиырылғанда қабырғалар көтеріліп, кеуде қуысын кеңейтеді (көлемін үлкейтеді) де тыныс алуға қатысады.

3) ішкі қабырғааралық бұлшықеттер – сыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің астында орналасқан. Бұл еттерде кеуде қуысының көлемінің кішіреюіне әсер етеді.

4) көкет (диафрагма) адам денесінің кеуде және құрсақ қуысының арасын бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықет. Күмбез тәрізді дөңес жағы кеуде (көкірек) қуысына қарай бағытталған. Көкетте өңеш, қолқа қантамыры төменгі қуысты вена қантамыры өтетін тесіктері болады. Көкеттің шет жақтарында сіңір орталығы мен бұлшықет шоғырлары орналасады. Көкеттің пішіні күмбез тәрізді болатын себебі: ішкі мүшелердің орналасуына және кеуде қуысы мен құрсақ қуысы қысымының айырмашылығына байланысты.

Құрсақтың бұлшықеттері: құрсақты қаптап тұратын бұлшықеттерге алдыңғы тіс тәрізді, сыртқы және ішкі қиғаш, тік және т. б. бұлшықеттер жатады.

Қолдың бұлшықеттері:

Қол бұлшықеттері – иық белдеуі және қол бұлшықеттері деп бөлінеді. Иық белдеуінде өте жақсы дамыған көптеген бұлшықеттер орналасқан. Бұл бұлшықеттер жиырылғанда жауырынды және иықты (тоқпан жілікті) қозғалысқа келтіреді. Қолға көп күш түсетіндіктен (әр түрлі қозғалыстар жасайтын) қолда ірі бұлшықеттер бар. Олар екібасты және үшбасты бұлшықеттер. Иықтың екібасты бұлшықеттері жиырылғанда шынтақ буыны да, иық буыны да бүгіледі (53-сурет).

Иықтың үшбасты бұлшықеттері иық буынын жазып, қозғалысқа келтірсе, шынтақ буынын жазады. Буынды бүгетін және буынды жазатын бұлшықеттердің жиырылуы арқылы қол түрлі қимылдар жасайды.

Аяқтың бұлшықеттері – жамбас белдеуі және аяқтың (санның, балтырдың, табанның) бұлшықеттері деп бөлінеді. Жамбас белдеуіндегі өте жақсы дамыған бұлшықеттерге – бөксенің үлкен, ортаңғы және кіші бұлшықеттері жатады. Аяқ бұлшықеттерінде санның төртбасты бұлшықеттері мен балтырдың үшбасты бұлшықеттері жақсы дамыған.

Санның төртбасты бұлшықеттері жамбас буынында аяқты бүгеді, ал тізе буынын жазады. Балтырдың үшбасты бұлшықеттері тізе буынын бүгу, жүру, жүгіру, аяқтың басын қимылдату қызметін атқарады.

Бұлшықеттердің ең басты физиологиялық қасиеті – жиырылғыштық. Әрбір тітіркендіргішке бұлшықеттер қысқару, жуандау арқылы жауап қайырады, соңынан қайта қалпына келеді. Бұлшықеттерге әсер ететін тітіркендіргіштер – жылу, суық, электр тогы, химиялық заттар. Осылардың барлығына бұлшықеттер жиырылу арқылы жауап қайтарады. Денеде бұлшықеттерді тітіркендіру орталық жүйке жүйесінен берілетін жүйке импульстерінің қатысумен болады. Бұлшықеттер жиырылғанда энергия жұмсалады. Бұлшықеттер жұмысын жүйке жүйесі басқарады.

Бұлшықеттердің қызметі: 1 - бүгіп, жазып, қозғалысқа келтіру; 2 - денені тік ұстап жүруге көмектесу; 3 тыныс алуға қатысу 4 – эмоцияны көрсету; 5 - дауыс шығару 6-ішкі мүшелер жұмыстары 7 – денеге пішін беру 8-қоректену. Бұлшықет ұлпаларының 3 түрі болады: көлденең жолақты, жүрек, бірыңғай салалы.

Бірыңғай салалы бұшық еттер көптеген ішкі мүшелер, мысалы: қарын, ішек, қуық, тамырлар қабырғасын құрайды. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы бір ядролы, ұршық тәрізді жасушалардан тұрады. Ядролары жасушаның ортасында орналасады. Олар арқылы қозу баяу, яғни адам еркінен тыс жүзеге асырылады.

Көлденең жолақты (қаңқа) бұлшық еттер көлденең жолақты талшықтардан тұрады. Талшықтардың тігінен көлденеңіен жолақтары болады. Олардың жасушасы көп ядролы, ядросы орасында орналасқан. Өте жылдам, әрі адамның еркіне сай жиырылады.

Құрылысы: бұлшық ет ұлпасынан, тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан (фасция), қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады. Сүйекке сіңір арқылы бекінеді.

1 - бұлшықет талшығының қабықшасы - фасция; 2 - бұлшықет талшығының шоғыры; 3 - бұлшықеттің талшықтары- миофибрил 4 жиырылғыш элементтер- саркомера 5- нәруыз талшықтары-миозин (жуан, қызғылт), актин (жіңішке, ақшыл) Миофибриллдар(миоциттер) бұлшықеттердің ең кіші құрылымдық және қызметтік бірлігі.

Жүректің көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары 2 түрлі қызмет атқарады: біреуі жүректің жиырылуын қамтамасыз етеді; екіншісі жүрек ішінде жүйке қозу толқындарын өткізеді.Жасуша ядросы көп, әрі жасуша ортасында орналасқан.Жүректің бұлшықеті де қаңқадағыдай көлденеңжолақты болғанымен, жиырылуы адамның еркінен тыс, санаға бағынбайды.

Бұлшық еттің құрамында: Бұлшықет талшықтарының 75% су, 20% нәруыздар. Бұлшық ет талшықтары жасушаларының митохондриясынан энергия алып жиырылады. Егерде энергия жетіспесе етте сүтқышқылы жиналып қалады. Ұзақ дене жаттығуларынан кейін бұлшықеттердің ауыруы осыған байланысты.

  • қосымша

1-станция бұлшық еттің құрылысы. Бұлшықетті үлгілеп жасаңыз.

Бағалау критерийі:

  • Бұлшықеттің құрылысын сипаттайды;

Дескриптор:

Бұлшық ет шоғыры, ондағы талшықтарын үлгілеп сипаттайды

2-станция Бұлшықеттің түрлері. Адам ағзасында кездесетін бұлшық еттің түрлерін атап, мысалдар келтіріңіз.

Бағалау критерийі:

  • Бұлшықеттің түрлеріне мысалдар келтіреді.

Дескриптор:

Бұлшық еттің түрлеріне мысалдар келтіреді.

3-станция Жүрек бұлшық етінің ерекшеліктері. Жүрек бұлшық етінің микроскопиялық көрінісімен танысып, суретін салыңыз.

Бағалау критерийі:

  • Бұлшықет ұлпасының түрлерін ажыратады;

Дескрипторлар:

Жүрек бұлшық етінің суретін салады;

Жүрек бұлшық етіне сипаттама береді.

4-станция Көлденең жолақты қаңқа бұлшық етінің ерекшеліктері. Көлденең жолақты қаңқа бұлшық етінің микроскопиялық көрінісімен танысып, суретін салыңыз.

Бағалау критерийі:

  • Бұлшықет ұлпасының түрлерін ажыратады;

Дескрипторлар:

Көлденең жолақты қаңқа бұлшық етінің суретін салады;

Көлденең жолақты қаңқа бұлшық етіне сипаттама береді.

5-станция Бірыңғай салалы бұлшық етінің ерекшеліктері. Бірыңғай салалы бұлшық етінің микроскопиялық көрінісімен танысып, суретін салыңыз.

Бағалау критерийі:

  • Бұлшықет ұлпасының түрлерін ажыратады;

Дескрипторлар:

Бірыңғай салалы бұлшық етінің суретін салады;

Бірыңғай салалы бұлшық етіне сипаттама береді.

3-қосымша

Skeletal Muscle

-is voluntary.-is attached to bones and responsible for their movement.-consists of long fibers and is striated due to the repeating patterns of the myofilaments of actin and myosin protein.

Smooth Muscle

-Is involuntary.-It founded in organs and enables functions such as digestion and respiration. -Is not striated.-Has less myosin

Cardiac Muscle

- is found in the heart.- is striated like skeletal muscle. –is myogenic (beat even when away from the heart)

-is involuntary



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу