Қаңқа бұлшықеттің құрылысы мен қызметі. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
Балалар мына көріп отырған бұлшық ет туралы ақпаратты Google дискідегі Draw.io приложениесін өздеріңе орнатып мәтіндік ақпаратты графикалық (инфограммаға) ақпаратқа айналдырыңдар (жұпта жұмыс істейміз) Мен сендерге доступ ашқан папкаға кіріңдер, сонда орындаңдар
Бұлшық еттің түрлері
Адам ағзасында 600-ден аса бұлшықет бар. Олар құрылысы, пішіні, қасиеттері мен қызметі жағынан әртүрлі. Адамның бұлшық еттері құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты 3 түрге бөлінеді: 1.Қаңқа (көлденең жолақты) бұлшықет ұлпасы; 2.Жүректің көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы; 3.Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы.
Қаңқа бұлшық еттері тірек-қимыл аппаратының белсенді элементтері болып табылады. Көлеміне келетін болсақ, адам ағзасындағы ең үлкен ұлпаны құрайды. Олардың жасушаларында (талшықтарында) көптеген ядролары болады және жасушаларының ұзындықтары 10 сантиметрден асуы мүмкін.
Бұл серпімді, иілгіш ұлпа адамның және жануарлардың қаңқа бұлшықетін түзеді. Ол әртүрлі қозғалыстарды жүзеге асыруға арналған: дене қозғалысы, дауыс желбезегінің жиырылуы, тыныс алу. Мұндай бұлшықеттер адамның өз қалауы бойынша, ерікті түрде жиырыла алады және қаңқамен бірігіп, тірек-қимыл жүйесін құрайды. Қаңқа элементтерін қозғалысқа әкелетін қаңқа бұлшықеттері көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларына жатады. Ұлпаның мұндай атауы шамамен белгілі-бір ретпен орналасқан, ақ және қара жолақтардың кезектесуінен туындаған. Қаңқа бұлшықеттері өте жылдам жиырылады және тез шаршайды. Бұндай бұлшықеттердің жұмысы біздің санамызбен басқарылады.
Бұлшықеттің екінші түрі дененің тек бір мүшесінде – жүректе кездеседі. Жүрек бұлшықеттері, көп жағдайда қаңқа бұлшықеттеріне ұқсас, дегенмен айтарлықтай айырмашылықтары да бар. Ол бір ядролық жасушалар – кардиомиоциттерден тұратын өздерінің жүйесі арқылы бақыланады. Жүрек бұлшықетінде жасушалық құрылымдары мен олардың мембраналары арасындағы қашықтық бұлшықеттің басқа түрлеріне қарағанда кішірек. Бұл жүйке импульстерінің анағұрлым тез өткізгіштігін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жүйке бұлшықетінің белсенділігі автоматты түрде жүзеге асады және біздің еркімізге бағынбайды. Бұл бұлшықеттер еріксіз ырғақты жиырылады, ол бізге тұрақты жүрек соғысы сияқты сезіледі. Жүрек бұлшықеті тынықпайды және күніне шамамен жүз мың рет – немесе барлық өмір бойына шамамен үш мың миллон рет жиырылады, яғни олар біздің саналық бақылауымызда емес.
Бұлшықеттің үшінші түрі – бірыңғай салалы бұлшықет. Бірыңғай салалы бұлшықет ішкі мүшелер: қан және лимфа тамырлары, несепағар түтігі, асқорыту жолы (асқазан мен ішек қабырғалары) қуысын астарлап жатады. Бірыңғай салалы бұлшықет жасушалары бұлшықеттің басқа түрлерінен құрылысы мен қызметі жағынан ерекшеленеді. Бірыңғай салалы бұлшықет бір ядролы салыстырмалы түрде ұсақ бұлшықет жасушаларынан – ұршық тәрізді миоциттерден тұрады. Олардың баяу және ұзақ жиырылуы еріксіз, яғни адам қалауына байланыссыз жүреді.
Бұлшықет жиырылғанда ішкі мүшелер көлемін өзгертеді. Олардың жиылуы баяу әрі ырғақты және адамның еркінен тыс жүзеге асады.
Көлденеңжолақты бұлшықет дейтін себебі бұлшықет талшықтары көл-денеңінен жолақтанып жатады. Көлденеңжолақты бұлшықет талшықтарының пішіні цилиндр тәрізді, диаметрі 0,1 мм, ұзындығы бірнеше онда-ған мм-ге жетеді. Бұлшықет талшықтары - миофибриллалар (грекше «тіо»- бұлшықет, латынша «fibrilla» - талшық) миозин және актин нәруыздарынан тұрады. Миозин - бұлшықетте ет талшықтарының жиырылып босаңсуына қатысатын еритін нәруыз. Актин - бұлшықетте миозинмен бірге болатын, ет талшықтарының жиырылып, босаңсуына қатысатын нәруыз. Миофибриллдар (миоциттер) бұлшықеттердің ең кіттті құрылымдық және қызметтік бірлігі.
Көлденеңжолақтар әр түрлі оптикалық қасиеті бар талшықтар будасының миофибриллаларда ашықтау және күңгірттеу болып кезектесіп орналасуы. Миозин нәруызынан тұратын жуан талшықтардың будалары жарық микроскопынан күңгірттеу жолақ болып көрінеді. Ашық түсті жіңішке жолақтар актин нәруызының жіңішке жіпшелерінің будала-рынан түзіледі.
Жүректің көлденеңжолақты бұлшықет ұлпалары 2 түрлі қызмет атқарады: біреуі жүректің жиырылуын қамтамасыз етеді; екіншісі жүрек ішінде жүйке қозу толқындарын өткізеді. Жүректің бұлшықеті кұрылысы жағынан көлденеңжолақты болса, қызметі бірыңғайсалалы бұлшықетке ұқсайды. Жүректің бұлшықеті де қаңқадағыдай көлденеңжолақты болғанымен, жиырылуы адамның ер-кінен тыс, санаға бағынбайды. Жүректің жұмысын тоқтатам десең де тоқтата алмайсың. Оның ұлпалары ерекше. Ғалымдар адам дене-сінде 600-ден астам қаңқа бұлшықеттері бар деп есептейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?