Вектор ұғымы. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.1А бөлім: Жазықтықтағы векторлар | Мектеп: Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы НЗМ | |||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Ибраева А.Б. | |||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 F | Қатысқандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Вектор ұғымы | |||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.3.4.1 вектордың, нөлдік вектордың, бірлік вектордың, коллинеар векторлардың, тең және қарама-қарсы векторлардың және вектордың ұзындығынын анықтамаларын біледі; 9.1.4.2 векторлардың қосындысының, векторлардың айырмасының, вектордың санға көбейтіндісінің векторларын сала біледі; | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
- векторлардың қосындысының, векторлардың айырмасының, вектордың санға көбейтіндісінің векторларын сала біледі; | |||||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Оқушылар орындай алады: - векторларды біледі, түрлерін ажырата алады; - векторлардың қосындысының, векторлардың айырмасының, вектордың санға көбейтіндісінің векторларын сала біледі; | |||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Вектор түрлеріне “болғанда/егер” сөздерін қолданып ауызша анықтама бере алады Пәнге қатысты лексика мен терминология вектор, коллинеар векторлар, тең векторларнөлдік векторкоординаттар, жазықтық, арақашықтық, бұрыш, вектордың координаттық осьтердегі проекциясы бірлік векторлар
| |||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың бір-бірін сыйлауға, математикалық тілде сауатты сөйлеуге, өз ойларын нақты жеткізе білуге баулу. Оқушыларды ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың ойын жеткізе білуін және ой өрісін дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру. Академиялық шыншылдыққа тәрбиелеу. | |||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | физикада, техникада кең қолданылады, бұл туралы оқушылар жоғарғы сыныптағы математика бөлімдерінде қайта қарастырады. | |||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point презентациялары арқылы сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларының дамыту | |||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Декарттық координат жүйесі,нүкте, кесінді, ұзындық, модуль, үшбұрыш. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы 2 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі: (Амандасу, сыныпты түгендеу, сынып оқушыларының сабаққа дайындығын тексеру) Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Үй тапсырмасын тексеру. | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 35 минут | ІІ. Жаңа сабақ. Тек сандық мәндерімен ғана анықталатын шамаларды скаляр шамалар деп атайды. Бағыты бар кесінді вектор деп аталады. Басқаша айтқанда, егер кесіндінің ұштары басы және соңы деп аталатын болса, онда мұндай кесіндіні вектор деп атаймыз."Вектор" (“vehere”) сөзін латын тілінен аударғанда, "әкелу", "жеткізу" деген мағынаны білдіреді. Сонымен біз вектор деп, бағытталған кесіндіні айтатын боламыз. Вектордың бағытын анықтағанда, оның бас нүктесі мен ұшын көрсетіп белгілейді. Сызбада вектордың бағытын нұсқармен белгілейді. Векторларды белгілеу үшін латын әріптерінің кіші таңбалары: a,b,c... қолданылады. Сондай-ақ векторды бас әріптермен бас нүктесі мен ұшын көрсетіп те белгілеуге болады. Мұнда вектордың бас нүктесі алдымен жазылады. «Вектор» дегеннің орнына әріптік белгі үстіне кейде нұсқар не сызықша койылады: a⃗ немесе . Векторды кескіндеп тұрған кесіндінің ұзындығы немесе вектордың бастапқы нүктесі мен ұшының арақашықтығы вектордың ұзындығын анықтайды. Вектордың ұзындығына тең сан вектордың модулі немесе абсолюттік шамасы деп те аталады. векторының модулі || немесе . векторының модулі | | деп белгіленеді. Вектордың ұзындығы бірге тең болса, ол бірлік вектор деп аталады. Бастапқы нүктесі мен ұшы беттескен векторды нөлдік вектор деп атайды. Нөлдік вектор | |деп белгіленеді. Нөлдік вектордың ұзындығы нөлге тең және бағыты болмайды Егер екі вектордың бастапқы нүктелерінің орналасуы байланыссыз, өлшемдері және бағыттары бірдей болатын болса, онда олар тең векторлар деп аталады. Нөлдік емес екі вектор бір түзудің немесе параллель түзулердің бойында жатса, оларды коллинеар векторлар дейді. Жұппен жұмыс. Қосымша №1
| Презентация Қосымша№1 Қосымша№2 | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Сабақты қорытындылау: Сабақты көңіл күй смайликтері арқылы бағалау X. Үй тапсырмасы: Кітап бойынша есептер үйге беру. |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | |
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?