Вектор ұғымы. Векторларға амалдар қолдану. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.1А бөлім: Жазықтықтағы векторлар | Мектеп: НЗМ Талдықорған | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Нүсіпханұлы Б. | |||||||||||||||||
Сынып: 9b(1) | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Вектор ұғымы. Векторларға амалдар қолдану | |||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.3.4.1 вектордың, нөлдік вектордың, бірлік вектордың, коллинеар векторлардың, тең және қарама-қарсы векторлардың, векторлар арасындағы бұрыштың анықтамаларын біледі. 9.3.4.2 коллинеар, тең, қарама-қарсы векторларды және векторлар арасындағы бұрышты салуды біледі және суреті бойынша табады. 9.3.4.4 векторларды қосу, азайту, векторды санға көбейту қасиеттерін біледі және қолданады. | |||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Векторлардың бағыттарын зерттеу, оларға амалдар қолданып және оқушылардың есептер шығару дағыларын қалыптастыру; | |||||||||||||||||
Жетістік критерийлері |
| |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
есептің шешілу жолын түсіндіреді. Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
егер.... болса, берілген вектор бағыттаушы вектор | |||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Оқи алу, өз бетімен ақпаратты алу, жағдайды талдау, жаңа жағдайға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, өзінің және өз тобының жұмысының сапасына жауап бере алу, өз уақытын ұйымдастыра алу, сабақтарда түрлі мәдениет пен пікірлерге құрметпен қарауды тәрбиелеу біліктілігі. Құндылықтарды дарыту сабақта іс-әрекеттің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады. | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физикa | |||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | - | |||||||||||||||||
Бастапқы білім | Кесіндінің ортасының координаталары, нүктелердің арақашықтығы, түзудің жалпы теңдеуі мен екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуі формулаларын біледі, шеңбердің теңдеуі. | |||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 1 минут 6 минут | Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау. Оқушылармен әңгіме барысында суретті қолдана отырып вектор жайлы түсінік, нөлдік вектор, бірлік вектор, коллинеар векторлар, қарсы бағытталған вектор ұғымдары жайлы талқылап, соңынан осы ұғымдарға анықтама беру | Қосымша 1 | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 10 минут
12 минут 10 минут
13 минут 15 минут | Сонан соң кестедегі ұғымдарды бөлек үлестірмелерге жазып және таратып, анықтамаларға сүйеніп схема құрастыруды тапсыру.
Векторлар арасындағы бұрыштың анықтамасын беру және келесі тапсырмаларды ұсыну: Тапсырма 1. Векторларды қосудың тәсілдерін көрсету. Бекіту үшін келесі тапсырманы орындау
Нәтижелерін салыстыру. Векторлардың ауыстырымдылық қасиетін беру. Сол сияқты векторлардың үлестірімділік қасиетін беру. Жұмыстың қорытындысын беру.
Оқушыларға сурет арқылы векторлардың айырмасын тұжырымдауды ұсыну: Векторларды санға көбейту. Векторды санға көбейту анықтамасынан төмендегі теңдіктердің орындалатынын байқаймыз: Оқушыларға бастапқы және санға көбейткеннен (осы санның мәніне тәуелді) пайда болған екі вектордың орналасуы бойынша қорытынды жасауға мүмкіндік беру. Сабақ соңында оқушылар есте сақтауға қажетті сабақ барысында қарастырылған векторларға қолданылатын амалдар, ережелер мен қасиеттерін мүмкіндігінше айта білулері керек. Векторды екі коллинеар емес векторлар арқылы жіктеудің алгоритмін құрыңыз. Сурет пен алгоритмді пайдаланып, теңдігін дәлелдеуді сұраңыз. Өзіндік және топтық жұмыс. Оқушыларға жеке-жеке тапсырмалар ұсынылады. Оқушылардың тапсырмаларды орындау нәтижелеріне сәйкес, топтарға бөлініп топтық жұмыс ұсынылады. | Қосымша 2 Қосымша 3 Қосымша 4 Қосымша 5 Қосымша 6 Қосымша 7 | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады | |||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?