Тыныс алу жне тыныс шығару механизмі. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: Тыныс алу жне тыныс шығару механизмі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тыныс алу жне тыныс шығару механизмі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.4.2. тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру

 Бағалау критерийлері

  • алдыңғы білімін еске түсіріп, тыныс алу мүшелері мен қызметін сипаттайды
  • дем алу мен дем шығару механизмін түсіну үшін модель жасайды
  • модель көмегімен тыныс алу мен тыныс шығару механизмін сипаттайды және кесте толтырады

 Тілдік мақсаттар

 

Терминдер:

диафрагма, қабырғалар, қысым, көлем, сыртқы қабырғааралық бұлшық ет, ішкі қабырғааралық бұлшық ет, төс, омыртқа

қысқарту, босаңсу, төмендейді, жоғарылайды, артады, азаяды, түседі, редукцияланады, көтеріледі

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы

Диафрагма бұлшық етінің қысқаруы бойынша, диафрагма...

Қабырғаралық бұлшық еттер босаңсыған кезде, қабырғалар түседі және ауа…

Кеуде қуысының көлемі ұлғайған кезде, қысым ...

Ауа жоғары қысыммен ... ауысады

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Ашықтық пен ынтымақтастық- оқушылар топта рөлдік ойын ойнағанда бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болады. Зерттеу жұмыстарын қорғағанда бір-бірінің ойын тыңдайды.

 Пәнаралық байланыстар

Тыныс алу барысында оттегі мен көмірқышқыл газының қанға, ұлпаға және альвеолаларға диффузиялануы физика және химия пәнімен байланысты

 АКТ қолдану дағдылары

Тыныс алу механизмі бойынша оқушыларға қысқаша ақпарат презентация бойынша беріледі.

Бастапқы білім

Адам мен жануарлардың тыныс алу мүшелерін біледі, бір-бірімен салыстырады. Тыныс алу жолы ауруларын біледі (8 сынып). Аэробты және анаэробты тыныс алу формулаларын біледі.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-5

Сабақ тақырыбы, ОМ және бағалау критерийлері айтылады

Талқылау сұрақтары қойылады:

  • Не себепті ауадағы оттегі өкпеге түсуге ұмтылады?

(G) Оқушыларға көкірек қуысының құрылысын еске түсіруді ұсыну. Адамның тыныс алу жүйесі бейнеленген карточкалар таратылады. Оқушылар тыныс алу мүшелерін анықтайды және қызметтерін еске түсіреді:Альвеолалардағы диффузия, өкпелік және ұлпалық тыныс алу механизмін еске түсіреді.

5-37

(G) Оқушыларға көкірек қуысының құрылысын еске түсіруді ұсыныңыз.

(D) «Тыныс алу» моделі көмегімен тыныс алу және тыныс шығару механизмінзерттеңіз.

(G) «Ауа неліктен өкпеге түседі? Қысым қалай төмендейді? Көлем қалай ұлғаяды?» тәрізді сұрақтар қоя отырып, қарастырылатын механизмдерді талқылаңыз.

(D) Шыны қалпақ үлгісін қолдана отырып, диафрагма әрекетін көрсетіңіз.

(G) Жүрек пен өкпені қорғаудағы, сондай-ақ кеуде қуысын кеңейтудегі қабырғалардың рөлін көрсету үшін, қаңқа үлгісін қолданыңыз .

(D) «Қосалқы қабырғадан» бұлшық еттердің бөлінуі арқылы тыныс алу қозғалыстарына тартылған бұлшық еттерді оқушыларға көрсетіңіз.

(T) Тыныс алу кезінде қолданылатын механизмдерді көрсету үшін бейне баяндар немесе суреттердің реттілігі сияқты тиісті қолжетімді ресурстарды қолданыңыз.

(G) Оқушыларға физикалық жүктеменің тыныс алу жиілігіне әсерін зерттеуді жоспарлауды ұсыныңыз.

(I) Тыныс алу және тыныс шығару механиздерді жиынтықтау үшін «бос орындарды» толтыру жаттығуын қолданыңыз.

Тыныс алу кезінде тартылған механизмдер туралы тамаша бейне баян мына сілтеме бойынша қолжетімді:

http://goo.gl/Riszl

37-40

Рефлексия

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар

Тіршілік қызметі қауіпсіздігі

АТК байланыстар

Құндылықтармен байланыстар

Кейбір оқушылар нұсқауларды нақты сақтайтын болады..

Қабілеті жоғары оқушылар тыныс алу механизмінің жұмысын тереңірек зерттеп, қосымша тапсырма орындайды

Пәнаралық байланыстар:

Осы тақырыпты өтуде диффузия арқылы оттегі мен көмірқышқыл газының тасымалдануы химия және физика пәнімен байланысты қамтамасыз етеді.

Тіршілік қызметінің қауіпсіздігі:

Сабақта партада дұрыс отыру, парта астындағы тоқтарға жақындамау, пластик бутылканы кескенде және онымен жұмыс жасағанда қолды кесіп алмау

АКТ байланыстар:

Қажетті ақпараттар қолдану, интерактивті плазмалық экран қолдану

Бағалау – оқушылардың білімін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Формативті бағалау сабақ басында бірнеше рет жүргізіледі

Оқушылардың қабілеттері сабақ басындағы, барысындағы және соңындағы сұрақтар арқылы және кері байланыс беру арқылы бағаланатын болады. Зерттеу жұмысы мен қосымша жұмыс орындауларына тиімді кері байланыс беріледі

Ой толғаныс

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін нені білді?

Оқыту ахуалы қандай болды?

Жоспарланған саралау тиімді болды ма?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жиынтық баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға ықпал еткен екі аспекті (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу