Вектор ұғымы. Векторларды қосу. Геометрия, 9 сынып. сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.1А бөлім: Жазықтықтағы векторлар (18 сағат)

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Вектор ұғымы. Векторларды қосу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.4.1 вектордың, нөлдік вектордың, бірлік вектордың, коллинеар векторлардың, тең және қарама-қарсы векторлардың, векторлар арасындағы бұрыштың анықтамаларын біледі;

9.3.4.2 коллинеар, тең, қарама-қарсы векторларды және векторлар арасындағы бұрышты салуды біледі және суреті бойынша табады.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • вектордың, нөлдік вектордың, бірлік вектордың, коллинеар векторлардың, тең және қарама-қарсы векторлардың, векторлар арасындағы бұрыштың анықтамаларын біледі;
  • коллинеар, тең, қарама-қарсы векторларды және векторлар арасындағы бұрышты салуды біледі және суреті бойынша табады;
  • вектордың ұзындығын есептейді;
  • векторлар арасындағы бұрышты табады.

Жетістік критерийлері

Оқушылар

  • қандай векторлардың коллинеар, тең немесе қарама-қарсы векторлар екендігін анықтайды және өз ойын түсіндіре алады;
  • векторлардың ұзындығы мен векторлар арасындағы бұрыштарды табуға берілген есептерді шығарады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • бөлімдегі лексика мен терминологияны есеп шығаруда қолданады;
  • векторларға қолданылатын амалдарды түсіндіреді;
  • скаляр көбейтінді формуласын қолданып бұрышты анықтау жолын түсіндіреді;

есептің шешілу жолын түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • вектор;
  • бірлік вектор;
  • нөлдік вектор;
  • коллинеар векторлар;
  • тең векторлар;
  • қарама-қарсы векторлар;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • А нүктесінен берілген векторға тең болатын вектор саламыз;
  • ….болса, берілген векторлар тең болады;
  • ....болса, берілген векторлар қарама-қарсы бағытталған векторлар болады;

егер.... болса, берілген вектор бағыттаушы вектор

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар математикалық тілде сауатты сөйлеу, ақпаратпен жұмыс жасау мәдениетін дамытады.

Пәнаралық байланыстар

Физика

АКТ қолдану дағдылары

Жаңа материалды меңгерулері үшін Microsoft PowerPoint бағдарламалық жасақтамасы, Microsoft Teams Whiteboard тақтасы және https://bilimland.kz платформасы қолданылады.

Бастапқы білім

Кесіндінің ортасының координаталары, нүктелердің арақашықтығы, түзудің жалпы теңдеуі мен екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуі формулаларын, шеңбердің теңдеуі біледі. Сонымен қатар вектор ұғымы мен скаляр шамалармен физика сабағынан таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Оқушылармен жетістік критериін талқылау.

Презентация,

Слайд 1-3

Сабақтың ортасы

18 мин

8 мин

5 мин

Жаңа материалды меңгеру

Bilimland платформасында берілген (Қосымша 1) қарапайым жаттығулар мен тест тапсырмаларын орындай отырып, оқушылармен вектор ұғымы, оның белгіленуі және кескіні, нөлдік вектор, вектордың ұзындығы, бірлік вектор, коллинеар векторлар, тең және қарама-қарсы бағытталған векторлар, векторлар арасындағы бұрыштар жайлы талқылауға болады. Содан кейін презентациядағы 4-19 слайдтармен жұмыс жасау ұсынылады.

Немесе

Оқушыларға өз бетінше оқуды ұсыну (Қосымша 1)

bilimland платформасында орындай алатын, бекіту мақсатындағы тапсырмалар беріледі. Егер мүмкін болса, оқушыларға тапсырманы сабаққа дейін орындауларын ұсынған жөн. Оқушылардың сұрақтарын талқылау үшін презентациядағы 4-19 слайдтарын қолдануға болады.

Жаңа білімді қолдану

Төмендегі тапсырмаларды түрлі каналдарда орындау үшін оқушыларды топтарға бөліңіз.

1.15 ABCD теңбүйірлі трапециясының және AD табандары сәйкесінше 2 мен 6 –ға тең және . және қарама-қарсы векторлар.

а) және векторларының арасындағы бұрышты табыңыз.

б) және векторларының ұзындығын есептеңіз.

Есептің шешімін бірге талқылау.

Презентация,

слайд 4-19

Қосымша 1

https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/9-synyp/vektor-uhymy-noldik-vektor-birlik-vektor--14287?mid=666:simple

https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/9-synyp/kollinear-vektorlar-vektordyng-uzyndyhy-moduli--14288?mid=%info%

 

Презентация, слайд 20

https://whiteboard.microsoft.com

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақты қорытындылау үшін бір оқушыға Microsoft Teams Whiteboard тақтасында, қалған оқушыларға дәптерлерінде сабақтың материалын схема түрінде көрсетуді ұсыныңыз. Мұғалім және басқа оқушылар сұрақтар қоя алады.

Схема үлгісі:

Векторлар

коллинеар

коллинеар емес

бағыттас

қарама-қарсы бағытталған

Оқушылар үйде берілген ресурстағы теориялық материалдарды қайталау керек. Зерттеу үшін басқа дереккөздерді ұсынған жөн. Теорияны меңгергендерін төмендегі сілтеме арқылы тексере алады.

Сонымен қатар Қосымша 2 тапсырмаларды орындауы керек.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің үй жұмысындағы тапсырманы қанша пайызға орындағанын көріп, қатемен қайта жұмыс жасай алады. Нәтижесін мұғалімге жіберулеріне болады.

https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/9-synyp-beyimdi-oqytu/vektor-uhymy-noldik-vektor-birlik-vektor?mid=666:simple

https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/9-synyp-beyimdi-oqytu/kollinear-vektorlar-vektordyng-uzyndyhy-moduli?mid=673:simple

Қосымша 2

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Үлгілерді талқылағанда неғұрлым қабілетті оқушылар басқаларына қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, материалды бекіту барысында оқушылар бір-біріне көмектесу, түсіндіру үшін топтарда жұмыс жасайды.

Талқылау барысында материалды түсіну деңгейін анықтау үшін мұғалім сыныпқа сұрақтар қояды. Сабақтың соңында схеманы құрастырғанда оқушылар өзінің түсінгендігін бағалайды.

Шаршауды азайту үшін оқушыларға әртүрлі әрекет түрлері қолданылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу