Анаэробты және аэробты тынысалу түрлері. Аэробты тынс алудың ауызша химиялық реакция теңдеуі. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


Аэробты және анаэробты тыныас алу

Аэробтар мен анаэробтар

Тыныс алудың аэробты типі тек оттек бар ортада тіршілік ететін және дамитын ағзаларға тән, олар оттекті тотықтырғыш ретінде пайдаланады. Оларға барлық өсімдіктер, көпжасушалы жануарлар, сонымен қатар адам, саңырауқұлақтар

және бактериялардың кейбір түрлері жатады.

Тыныс алудың анаэробты типі тән ағзалар оттексіз ортада тіршілік етеді. Анаэробтыларға бактериялардың, ашытқы саңырауқұлақтарының, қарапайымдардың кейбір түрлері және топырақта, тоған түбінде, суда немесе басқа ағзаларда тіршілік ететін құрттар жатады.

Тыныс алу үдерісі келесі кезеңдерден тұрады:

  • сыртқы тыныс алу (оттектің өкпеге түсуі және оның өкпеден атмосфераға шығарылуы);
  • өкпедегі газ алмасу;
  • қанмен газдардың тасымалдануы;
  • ұлпалардағы газ алмасу;
  • жасушалық тыныс алу.

Аэробты тыныс алу:

Аэробты тыныс алу кезінде бір глюкоза молекуласын тотықтырғанда 38 АТФ молекуласы түзіледі.

Анаэробты тыныс алу:

Жануарлардың жасушаларында анаэробты тыныс алу кезінде бір глюкоза молекуласын оттексіз тоттыққанда 2АТФ молекуласы түзеді.

Глюкоза 2 Пируват + 2СО2 + 2АТФ

Жасушалық тыныс алу кезеңдері

Жасушалық тыныс алудың дайындық кезеңі асқорыту жүйесінде жүреді. Мұнда асқорыту ферменттерінің әсерінен ірі органикалық молекулалар (полимерлер) қарапайым қосылыстарға (мономерлерге): глюкоза, аминқышқылдары, глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырайды.

Жасушалық тыныс алудың екінші кезеңі анаэробты гликолиз деп аталады. Ол жасуша цитоплазмасында оттектің толығымен болмауы жағдайында өтеді. Тізбекті айналымдар нәтижесінде глюкозаның әрбір молекуласы пирожүзім қышқылының (ПЖҚ) екі молекуласына дейін ыдырайды.

Сонымен бірге бөлінетін энергияның бір бөлігі жылу түрінде бөлінеді де, ал қалған бөлігі АТФ-тің 2 молекуласының синтезіне пайдаланылады.

Алайда оттек жетіспесе ПЖҚ сүт қышқылына (С3Н6О3) айналады, ол бұлшық еттерде

жинақталады да, қажудың бір себебі болып табылады.

Жасушалық тыныс алудың аэробты үшінші кезеңі митохондрияларда жүреді. Мұнда ПЖҚ-ның әрбір молекуласы толық ыдырап, көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Тыныс алудың аэробты кезеңі барысында оттек пайдаланылады және АТФ-тің 36 молекуласы түзіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу