Ерлан Сәдуақасұлы (Мен іздеймін, тек сені)

 Ерлан Сәдуақасұлы (Мен іздеймін, тек сені)

Сені іздеймін сезімнің тақтарынан.
Сені іздеймін махаббат хаттарынан.
Арманымның аңсары саған ауса,
Сырымды айтып тек саған, ақтарылам.
Сені іздеймін бақыттың бақтарынан.
Тапсам сені болар ем бақ дарыған.
Көңілімнің жұбанышы болсын деумен,
Жүрегімнің төріне сақтадым ән.
Сені іздеймін көктен жауған ак ұлпадан.
Шексіз бақыт сыйлағандай Тәңір маған.
Бір көргенде маңайыңнан ақ нұр табам,
Қысылып ем жасағанда батыл қадам.
Сені іздеймін көздерімнің қарасынан.
Сені іздеймін ақша бұлттың арасынан.
Аспан көктен төгілші Нұрым болып,
Күтіп алам бақытымның даласынан.
Сені тапсам мұң кеші бәлкім батар,
Кетпе менің жанымнан көп күткенім.
Үміт – сезім тамшысы толқындатар,
Баса алмасам сағыныш өксіктерін.

***

Білесің бе?
Кетерсің-ау азғана өмір сүресің де.
Дүние үшін қуатты күш – жігерің,
Қу нәпсіңмен қауқарсыз күресуге.
Ақыр заман!
Боларын Құран Кәрім мақұлдаған.
Ақыреттік істерден аянбайды,
Кеудесінде иманы бар ақылды адам.
Күнәдан қаш!
Азаннан басқа әуенге құлақ қанбас.
Санамыз Алла барын ескермесе,
Қабірде Ғажап Нұрлы шырақ жанбас.
Бақида шын!
Көрерсің Ұлы Хақтың ақидасын.
Нәпсінің тұзағынан шығу мұңлы,
Торласа жанарыңның сақинасын.
Батылдығың!
Шынайы Жаратқанға жақындығың.
Иманменен тоғысады қас-қағымда,
Жүретін сара жолы ақылдының.
Шын ұғайық!
Мұсылманға тек ар-иман, білім лайық.
Әз Мұстафа Пайғамбар үмметіміз,
Тура жолдан адасып, жығылмайық.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!