Бойды өсіру үшін...

Бойды өсіру үшін...

Бойдың өсуі 80-85 пайыз генетикалық факторларға байланысты болса, оған 20 пайыз өзге де факторлар әсер етсе керек. Әрине, әр баланың тұқымына тартары анық, ол өз алдына. Дегенмен, бала бойының өсуінде ағзаға қажетті элементтер мен дене шынықтырудың да орны ерек.

Бойдың өсуі үшін А, Д дәрумендері және мырыш тікелей әсер етеді. Бұл дәрумендер бауырда, сүтте, жұмыртқаның сарысында, сары, қызыл көкөністерде, сәбізде, қызанақта, асқабақта болады. Бой өсіруге арналған дәруменге бай балықты да жиі жеп тұруды ұмытпау керек. Сүйектің қатаюын қамтамасыз етіп, бойдың өсуіне ықпалын тигізер кальцийдің да пайдасы мол. Ол қызылша, бұршақ қосылған тамақтарда және сүттің құрамында болады. Ал бір қызығы, ғалымдардың зерттеу нәтижесі бойынша сүтті күнделікті үзбей ішкен жүкті келіншектің сәбиі ұзын бойлы болады екен. Сондықтан, күніне 150 мл. сүт ішу қажеттігін ескеріңіз.

Не де болса қажетті заттар бала кезінен, тіпті, ана құрсағынан ағзаға сіңсе айтарлықтай көмегі болары сөзсіз. Әсіресе, дәрігерлердің жүкті әйелге пайдалы тағамдар жеу керектігін ұсынып жататыны да осыдан.

Сонымен қатар, бала кезінен пайдалы дұрыс тамақтануды негізге алыңыз, бұл өз тарапында денсаулық үшін үлкен маңызға ие.

Ал ес біліп, етек жинаған соң ерте жастан спортпен айналысқаны артық етпейді. Оның ішінде, бой өсіру үшін бөренеге тартылып, суда жүзу, баскетбол ойыны сияқты спорт түрлерімен шұғылдану керектігін еске сала кетеміз. Сондай-ақ, бой өсіруде дұрыс ұйқы режимінің де пайдасы дәлелденген.

Дайындаған: Гүлжанар Жарқынбекқызы, дереккөзі

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?