«Дайын микропрепараттар арқылы әр түрлі ағзалардың қан жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін зерттеу» зертханалық жұмысы. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2А – Заттардың тасымалдануы | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | «Дайын микропрепараттар арқылы әр түрлі ағзалардың қан жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін зерттеу» зертханалық жұмысы | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.1.3.2 дайын микропрепараттар арқылы әр түрлі ағзалардың қан жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін зерттеу | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: қанның формалы элементтерін жоспарға сай зерттеп, салыстыру белгілері бойынша салыстырып, тиісті терминологияны қолдана отырып ауызша жазбаша қорытынды жасай алады Пәнге қатысты лексика мен терминология: Эритроциттер, орақ пішінді эритроциттер, орақ пішінді жасушалы анемия, тасымалдау ауданы, гемоглобин, мөлшері, саны, пішіні, газдар диффузиясының жылдамдығы Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Бақа қаныңдағы эритроциттердің саны адам қанындағыға қарағанда... Адам қанындағы эритроциттердегі диффузия қарқыны... Орақпішінді эритроциттердің диффузия үшін ауданы... | |||||
Құндылықтарды дарыту | Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. Практикалық жұмыс кезінде түрлі манипуляцияларды меңгеру, дұрыс таңдау жасау, жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдау, сыни пікір айта білу, өз ісіне берілу құндылықтар дамытылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Диффузия жылдамдығы, газдар диффузиясы ұғымдары қарастырылғанда химия физика пәндерімен, сурет салу арқылы сурет пәнімен, кесте толтыру арқылы математика пәнімен байланысады. | |||||
Алдыңғы білім | Ағзаның ішкі ортасы, қанның құрамы мен қызметтері, микроскоппен жұмыс жасай білу, сурет салу талаптары туралы біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-4 мин | Оқушылардан зерттеу сұрақтары мен қауіп-қатерді бағалау кестесін толтырған жауаптарын оқу сұралады. Зерттеу сұрақтары мен қауіптілікті азайту жолдарына талқылау жасалған соң бүгін зертханалық жұмысты орындаймыз деп сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады | 1 слайд | ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
4-7 мин | Оқушыларға бақа мен адам қанындағы эритроциттерді салыстыру белгілерін анықтау тапсырмасы ұсынылады. Мысалы, эритроциттердің саны, мөлшері, ядросының болуы т.б. Оқушыларға салыстыру кестесін жұмыс парақтарына сызу тапсырылады. | 3-4 слайдтар | ||||
8-28 мин | Мұғалім оқушыларға қауіпсіздік ережелері мен сурет салуға қойылатын талаптарды ескертіп айтады. Оқушылар зертханалық жұмыстың екінші бөлімін орындайды. Критерий: бақа мен адам қанының эритроциттерінің ерекшеліктерін анықтайды Дескрипторлар: 1. Адам және бақа эритроциттеріне тән ортақ белгілерді анықтайды 2. Адам және бақа эритроциттерінің айырмашылықтарын анықтайды 3. Адам және бақа қан жасушаларының суретін салады 4. Адамның эритроциттері бақа эритроциттерінің ерекшеліктеріне қарай қорытынды жасайды Кейбір оқушыларға орақпішінді және қалыпты эритроциттерді сурет бойынша салыстыру тапсырмасын ұсынуға болады | 2-қосымша 5-7 слайд 3-қосымша 8-слайд | ||||
29-36 мин | Оқушылар орындалған зертханалық жұмыстың нәтижелерін салыстырып өзара бағалау жүргізеді. Бұл жұмыстың талқылау сұрақтарына назар аударылып, қорытындылар оқылады. Жұмыс нәтижесін мұғалім практикалық дағдыларға қойылатын талаптарға сай тексеріп, кері байланыс ұсынады. | Толтырылған жұмыс парақтары 9-слайд | ||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс Мен ...түсіндім Мен ...түсінбедім Мен...толықтырамын Мен түсінбедім бөліміне тоқталып, оқушылармен бірге талқылаулар жасап, жауап беріледі. | 10- слайд | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Оқушылар өз жоспарларына сай зерттеу жүргізеді Кейбір оқушылар орақ пішінді және қалыпты эритроциттерді сурет бойынша салыстырып қорытынды жасайды Кейбір оқушылар қосымша ақпаратты пайдаланады (1-қосымша) | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Зертханалық жұмыс парағының толтырылуы, талқылау сұрақтарына жауап беруі, сурет салуы, кесте толтыруы, қорытынды жасауы, ауызша жауаптары арқылы | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партаға дұрыс отыруына назар аудару. Зертханалық жұмыс барысында қауіптілік техникасының ережелерін сақтайды. Микроскоппен жұмыс барысында абай болады Зертханалық жұмысты орындау кезінде белсенді қозғалыс жасайды |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?