Өсімдіктердің ерекше белгілері. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, дұрыс отыруына назар аудару.
Белсенді оқыту тапсырмасын орындау кезінде сынып бөлмесінде жүруде абайлап жүру.
ИКТ мен жұмыс жасауда ережені сақтау.
Кепешөптермен жұмыс кезінде оларды иіскемеу, сындырмауды ескерту.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
«Автобус аялдамасы» тапсырмасын орындау кезінде оқушыларға қосымша ақпарат көздерін пайдалануға рұқсат етіледі. Ол үшін қажетті сілтемелер мен оқулықтарды алдын ала дайындап қою қажет. Бұл тапсырманы орындап жатқан кезде оқушыларға қосымша сұрақтар қойып, жұмыстарын тексерген жөн.
Мүктер, балдыр, қырықжапырақтектес, ашық және жабықтұқымды өсімдіктердің кеппешөптерімен жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік техникасының ережелерін ескертіп талдау қажет. Кеппешөптерде кейбір өсімдіктердің мүшелері мен көбеюі толық көрінбейтіндіктен оқушыларға қосымша суреттер дайындап берген жөн. Ол үшін плакаттар мен түрлі-түсті суреттерді дайындап қою дұрыс. Кеппешөптерді ретімен орналастыру тапсырмасы оқушылардың білімін бекітуіне көмектеседі.
Оқушылар сабақ бойы алған мәліметтерді жұпта талдайды.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларға сабақ барысында өзіне және өзгелерге кедергі келтірмей, өзгенің ойын соңына дейін тыңдап сыйластықта болу қажет, өзара бағалау мен өзіндік бағалауда шыншылдық таныту маңызды, өз өңірінде таралған өсімдік түрлерін ажыратып үйрену дегеніміз патриотизмнің көрінісі болып табылады деген сияқты сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі іс-әрекеттер барысында құндылықтарға сілтемелер жасалады.
Пәнаралық байланысты орнату:
Оқушылардан сабақ барысында бүгінгі тақырыпты қай пәнмен байланыстыруға болады, қандай пәнде алған білім қажет болуы мүмкін деп сұрай отырып талқылауға болады. Өсімдіктердің таралуы олардың мекен ортасындағы ерекшеліктерге тәуелді деуге бола ма, қандай абиотикалық факторлар әсер етеді, мысалдар келтіре аласыз ба деген сияқты пәнаралық, пәнішілік байланыстар қамтамасыз етіледі.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Қалыптастырушы бағалау мәтінмен жұмыс кезінде ақпараттың қажетті бөлігін тауып ала білу, талдау жасағаны үшін мадақтаулар және тиісті терминологияны орынды қолданғаны үшін қолдаулар түрінде жүзеге асырылады. Кейбір оқушыларға мазмұнға байланысты, кеппешөптерді жіктеуде көмек қажет болуы мүмкін. Өсімдіктердің мүшелерін дұрыс анықтап тауып көрсетуде көмек көрсетіледі.
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
№ | Оқу мақсаты | Дескриптор | ||||||
1 | Балдырлар,мүктер, қырықжапырақтектес, ашық және жабықтұқымды өсімдіктердің ерекше белгілерін сипаттау |
| ||||||
|
- Сілтемелер мен ресурстар
Мәліметтер жазылған мәтіндер.
https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/osimdikterding-arturliligi
Қажетті мәліметтер:
Өсімдік бөлімдері туралы ақпараттар
https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/osimdikterding-arturliligi
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?