Айбек Бестенқұлов (Тамсандым, сүйдім, өлдім мен...)

 Айбек Бестенқұлов (Тамсандым, сүйдім, өлдім мен...)

Ойпыр-ой, өмірді кім жалған деп жүр?!
Әлде-кім мұңлы әуенге салған деп жүр
Саған қарап жүрегім кеудемдегі
Осы ғой, мен іздеген арман деп жүр

Жылаймынба, білмеймін күлемін бе?
Дел-сал боп енді осылай жүремін бе?
Қанатсыз құштарлықпен өтсем бе екен
Іңкәрліктің ізі қап реңімде

Тән сөз айта алмайм-ау саналыға
Сенбеймін тағы сені аларыма
Құлың болып өтейін құтқарғайсың
Батып кеткен байғұсты жанарыңа

Құдай-ау, неткен сұлу өте құнды!
Сеземін сені армандап өтерімді
Тоқсан теңеу табушы ем саған оңай
Білмеймін өзімнің кім екенімді

Көркіңіз көздеріме енші болар
Жүрегіме ауырған емші болар
Мұңаюға хақым жоқ алдыңызда
Ыржиып күлгенім де ерсі болар

Күлімдеші көрінсін анық көктем
Тұтанған үмітім де жанып кеткен
Жалғыздықты сезінем пенде құсап
Көшкен елдің жұртында қалып кеткен

Мен осылай төгемін тамсанып жыр
Жүрегім ғашықпын деп жар салып жүр
Қиялым кезіп жүрген қырқаларда
Жас қыздар жетігенмен ән салып жүр

Балапан қаз емессің аққусың сен
Әуелетіп шырқайтын гәккусың сен
Үзуге ешкімнің де қолы бармас
Тамсануға арналған ақгүлсің сен

Апырай! рас, дүние кең екенсің!
Бал жырым,махаббатым, берекемсің
Ай сәулесі секілді дана қыз-ай!
Махаббат деген ұғым-сен екенсің...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!