Нәруыздар. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

8.1B Молекулалық биология

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Нәруыздар. (жаңа тақырыпты меңгеру)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.4.1.3 Нәруыздардың қасиеттері мен биологиялық қызметтерін сипаттау

 Сабақтың мақсаты

    •  нәруыздардың негізгі қасиеттерін білу.
    •  нәруыздардың ерекшелік белгілерін түсіну.
  • нәруыздардың тірі ағза тіршілігі үшін маңызын сипаттау.

Бағалау критерийлері

  • нәруыздардың қасиеттерін біледі;
  • нәруыздардың тірі ағзалардың тіршілігі үшін маңызын сипаттайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

нәруыздардың қасиеттерін атай алады, қысқаша маңызын түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

нәруыз, гемоглобин, инсулин, амилаза, кератин, коллаген, миоглобин, актин, миозин, антидене, тромбин, меланин, денатурация

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Биохимиялық реакцияларға қатысатын нәруыздар ... аталады.

Қанда оттегі мен көмірқышқыл газын ... тасымалдайды.

Нәруызды қыздырғанда ол... ұшырайды.

Құндылықтарды дарыту

Оқу кезінде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсете білу құндылықтары дамытылады.

Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Пәнаралық байланыс

Нәруыздың қасиеттері туралы білім арқылы физика және химия пәндерімен байланысады.

Алдыңғы білім

Оқушылар 7-сыныптан органикалық заттардың құрамына кіретін элементтерді, 8-сыныптан полимерлер және мономерлер ұғымдарын түсіндіре алады.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-6 мин

Тақырыптың өзектілігін ашу және алдыңғы тақырыптармен байланысты орнату үшін оқушыларға көмірсу, липид, нәруыздардың тірі үлгілері беріледі. Оқушылар үлгілерді үш топқа жіктеп, әрқайсысының қасиеттеріне тоқталады. Көмірсу мен липидтердің ерігіштігін білетіндіктен, нәруыздың ерігіштігін зерттеуді ұсыну қажет. Нәруыздың үлгілерін майға суға салып көреді. Жұмытрқаны стақанға немесе сынауыққа салып су моншасында немесе плиткада/ спиртті шамда қыздырып көріп, оның температура әсерінен өз формасын өзгертетініне көз жеткізу маңызды. Бұл шағын тәжірибе арқылы нәруыз денатурациясы ұғымы түсіндіріледі.

Кейбір оқушыларға жұмыртқа нәруызын спиртке салып зерттеуді тапсыруға болады. Нәруыздың осы қасиетінің мысалы өмірде адамның шаш бұйралауы болып табылады.

Жүргізілген шағын тәжірибенің қорытындысына сүйене отырып, оқушылар сабақтың мақсаттарын анықтайды. Оқушыларға бағалау критерийлері таныстырылады.

1 -2 слайд

2- қосымша

3-слайд

Сабақтың ортасы

7-17 мин

Түрлі ресурстардың көмегімен нәруыздардың қасиеті мен бірнеше қызметін зерттеу ұсынылады. Ресурс көзі ретінде ақпараттық парақшалар, таныстырылым қолданылады. Оқушылар зерттеу барысында өзара жұпта, топта талдайды. Мұғалім сұрақтар қою арқылы бағыт береді. Кейбір оқушыларға «Нәруыздың қызметі» видеоматериалымен танысу ұсынылады. Кейбір оқушылар ноутбук қолдану арқылы қосымша ақпараттар жинақтай алады.

2 - қосымша

4-19 слайд

18-28мин

Оқушыларға тақырыпта кездескен маңызды ақпараттарды 1-2 сөйлем түрінде жаза отырып, бір үлкен тұжырымдамалық карта құру тапсырылады. Оқушылар тақтада стикерлердегі тұжырымдарды

«Нәруыздың анықтамасы»

«Нәруыздың қасиеттері»

«Нәруыздың түрлері»

«Нәруыздың қызметтері»

«Нәруыз қасиеттерінің өмірдегі көріністері»

«Нәруыздың тірі ағза үшін маңызы» деп жазылған парақшалардың астына сәйкес орынға іледі.

Тұжырымдамалық карта алдында талқылаулар мен қорытындылар жасалады. Оқушылар сұрақтар қояды.

стикерлер

29-38мин

Ұлпа, жасуша туралы, адамның асқорыту мүшелерінің жұмысы туралы алдыңғы тақырыптармен байланыстыру үшін «Адам ағзасындағы нәруыздың орны» айдары бойынша оқушылар адам ағзасындағы бір мүшені таңдап алып, ондағы нәруыз түрлері мен қызметтерін талдап түсіндіреді/жазады. Оқушылар жұмыстарын таныстырады.

Орындау нұсқаулығы

20-слайдта

Сабақтың соңы

39-40 мин

Кері байланыс

«Нысана»

Оқушылар нысанадағы сандарға стикер жапсыру арқылы жетістігін бағалайды. Бұл сандар бағалау критерийлерінің орындалу деңгейінің көрсеткіші болып табылады.

Үйге тапсырма. Адамның бір мүшесінде кездесетін нәруыздарды тізіп жазып келу.

21 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

«Байланысқан карта» жасау кезінде оқушылардың қалаған формада өз білімін көрсетуіне мүмкіндік беріледі.

Постер жасаған кезде оқушылар өздеріне ыңғайлы бағытты таңдап ала алады.

Ресурстардың әртүрлі көздерімен жұмыс жасайды.

Нәруыздың қасиеттері мен биологиялық қызметтерін нақты мысалдар мен ойша эксперимент түрінде көрсету тапсырмасы арқылы саралау жүзеге асырылады. Кейбір оқушылардан спирт пен температурадан басқа қандай фактор нәруыздың өзгеруіне әкелуі мүмкін деп сұрап талдау жасауға болады.

Бекіту тапсырмасын оқушылар өз қалаулары бойынша сурет салу, жазу, ауызша түсіндіру жолдармен орындайды.

Кейбір оқушыларға тапсырмалар орындауды ұсынуға болады.

(3-4 қосымша)

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Тұжырымдарды дұрыс жазу, оларды дұрыс сұрыптап, орналастыру, өзара талқылаулар жүргізу, ауызша жауаптары арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Тәжірибе жасау кезінде қауіпсіздікті сақтау.

Оқушылар тұжырымдамалық карта құрғанда, өзара бағалау жүргізгенде белсенді қозғалыста болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу