Бактериялардың формалары. Бактериялардың түрлі формаларын зерттеу. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


 Бактериялар (Bacteriophyta) – жай көзге көрінбейтін қарапайым құрылымды табиғатта аса көп тараған ағзалардың бірі. Бактериялар бұдан 3,5 млрд. жыл бұрын жер бетінде пайда болған ағзалар. XVII ғасырдың аяғында голландиялық А. Левенгук 160-200 есеге дейін ұлғайта алатын алғашқы микроскопты құрастырды. Ол өзі жасаған микроскоппен бір тамшы қақ суынан тұңғыш рет микроағзалар әлемін ашты.

 Бактериялардың ядросы жоқ болғасын, олар Прокариоттар патшалығына жатады. Олардың жасушаларының мөлшері де, эукариоттарға (ядросы бар ағзалар) қарағанда 5-10 есе кіші.

 Бактериялардың құрылысы. Бактериялардың құрылысы өте қарапайым. Көпшілігінде қалыптасқан ядро, пластидтер және басқа да органоидтар болмайды. Бактерия жасушасы цитоплазмадан және жасуша қабықшасынан тұрады. Жасуша қабықшасы бактерияға белгілі бір форма береді, оны қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды. Кейбір бактериялардың жасуша қабықшасының сыртын кілегейлі капсула қаптап жатады. Жасушаны цитоплазма толтырып жатады, оның ішінде бактерияға қажетті қор заты ретінде жиналған, май тамшыларын, гликогенді байқауға болады. Цитоплазманы қаптап жатқан мембрана, зат алмасу процесінде үлкен қызмет атқарады. Мембранада көптеген ферменттер жинақталған. Цитоплазмада рибосома орналасақан, оның құрамына РНҚ енеді. Рибосомалар түйіршік пішінді, уақ келеді, ақуызды синтездеу орталығы болып есептеледі. Бактерияларда әдетте қалыптасқан ядро болмайды, бірақ жасушаны бояған кезде цитоплазмада ядроға ұқсас денешікті көруге болады. Оны нукеоид деп атайды. Бактерияда тұқымқуалайтын ақпаратты сақтаушы ДНҚ көбіне сақиналы түрде нуклеодтің ішінде орналасады.

 Бұлардан басқа біраз бактерияларда талшығы мен фимбриі (пили) болады. Біраз бактериялар сұйық ортада талшықтары арқылы еркін қозғалады. Ал пили арқылы кез келген жерге бекіне алады.Сыртқы пішіні әр түрлі болады. Шар тәрізді (кокка), таяқша пішінді (бактерия, бацилла), иілген таяқша пішінді (вибрион), спираль тәрізді (спирилла).

 Бактериялардың формалары. Шар тәрізділерін  - коккалар, екіден қосақталғанын - диплококкалар, моншақ тәрізділерін - стрептококкалар, төрттен тіркескендерін - тетракоккалар, сегізден шоғарланғанын - сарциналар, жүзім тәрізді шоғырланғанын - стафилококкалар деп атайды.

 Споралар құрайтын таяқша пішінді бактерияларды – бациллалар деп атайды. Спора бактерия жасушасын қолайсыз жағдайда ұзақ уақыт бойы сақтай алады.

  Үтір тәрізділерін - вибриондар, спиральша бұйралана орналасқандарын – спириллалар, ал өте ұзын және жіңішке сипиральданғандарын - спирохетталар деп атайды.

 

 Бактериялардың көбеюі. Бактериялар қолайлы жағдайда жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы 20 – 30 минут сайын қайталап тез көбейіп отырады. Бір бактерия жасушасынан қолайлы жағдайда 12 – 15 сағат ішінде 1 млрд-қа жуық жаңа жасуша пайда болып тұрады.

http://referat700.ru/news/bakterijany_zhalpy_sipattamasy_bakterijany_t_rleri_bakterialdy_zhasushany_rylysy_patogendi_bakterijalar/2014-11-25-1496



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу