Өсімдіктің ұзарып және жуандап өсуі. Биология, 7 сынып, қосымша материал.


Бастапқы және екінші реттік өсу арасындағы айырмашылықты көрсету немесе жылдық шеңберді есептеу

Мақсаты: Ағаш діндерінің құрылысын қарап, жылдық шеңберлерін анықтап, олардың өсімдік үшін маңызын зерттеу.

Құрал - жабдықтар: әр түрлі ағаштардың (жуандығы да әр түрлі болуы керек) қалыңдығы 10 см көлденең кесінділері, ұлғайтқыш әйнектер (лупа), сабақтың ұзарып өсуін көрсететін тәжірибе.

Жұмыстың барысы:

  • Берілген әр түрлі жуандықтағы ағаш діңінің кесінділерін ұлғайтқыш әйнекпен қарап, жылдық шеңберлерін табыңыз. Сабақтың қай қабатында түзілетінін анықтаңыз.
  • Әрқайсысындағы шеңберлерін санап, жасын анықтаңыз. Әр шеңбердің еніне (қалың, жұқалығына) қарап, климат жағдайының қандай болғандығын түсіндіріңіз.
  • Көрген кесінділеріңізді оқулықтың суретімен салыстырып талдаңыз.

Талқылау сұрақтары:

  • Ағаш қай кезеңде жуандап өседі және ол неге байланысты?
  • Сабақтың жуандауы қандай ұлпаға байланысты?
  • Жылдық шеңбер деген не?
  • Жылдық шеңберден қандай құбылыстарды байқауға болады?
  • Сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуын түсіндіріңдер?
  • Жылдық шеңберге қарап оңтүстік пен солтүстікті ажыратуға бола ма?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу