Өсімдіктің ұзарып және жуандап өсуі. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Тарау 7.4D: Өсу және даму

Сабақ жоспары

Сабақ: 7.1.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты – жөні:

Сабақ тақырыбы:

Өсімдіктің ұзарып және жуандап өсуі (зертханалық жұмыс)

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:

Өсімдіктердің ұзарып және жуандап өсу үдерістерін зерттеу

Сабақ мақсаттары:

  • Бұршақ өскіндерінің биіктігін өлшеу арқылы өскіндердің өсу графигін құру;
  • Бастапқы және екінші реттік өсу арасындағы айырмашылықты көрсету;
  • Жылдық шеңбердің сызбасын салу.

Бағалау критерийлері:

  • өсімдіктердің ұзынынан және жуандап өсуін зерттеу

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:

Камбий, ұзарып өсу, жуандап өсу, жасушалардың бөлінуі, өсу, өсу графигі, меристеманың ұзаруы, екінші реттік өсу, бірінші реттік өсу

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» құндылығы: бейбітшілік және келісім

Мектеп құндылығы: ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық

Пәнаралық дамыту

Тақырыпқа байланысты физика және математика пәндерімен байланыс:

  • физика – бұршақ өскіндерінің өсу деңгейіне жарық, қараңғы, суық, жылудың әсері
  • математика – бұршақ өскіндерінің биіктігін бірнеше күн сайын өлшеу

 АКТ

 қолдану дағдылары

PowerPoint

Internet

Бейнежазбалар

Бастапқы білім

Оқушылар біледі:

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс – әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы

0 – 5мин

620 мин

2130 мин

3140 мин

Аяғы

41 - 45 минут

Ынтымақтастыру атмосферасын құру. Сәлемдесу.

Бүгінгі сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау ...

(С) Оқушыларға жылдық сақиналар бейнеленген ағаш діңдерінің көлденең кесіндісінің және де біржылдық пен көпжылдық өсімдіктердің суреттері көрсетіледі. Олар осы суреттерден не байқағандары және қандай айырмашылықты атауға болатындығы туралы пікір алмасып, өз ойларын айтады. Оқушылардың пікірлерін сабақ тақырыбымен байланыстыра отырып, ұзарып және жуандап өсу терминдері айтылады.

Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсаты тақтада көрсетіледі.

(М) Жаңа сабақты түсіндіру.

Өсімдіктердің ұзарып және жуандап өсу үдерістері туралы оқушыларға қысқаша ақпараттар беріледі.

Сабақтың бойлап өсуі ең ұшынан басталады. Сабақ пен бұтақтары ұшынан ұзарып өседі. Өсімдіктің ұзарып өсуі – төбе бүршігіне, жан - жағына жайылып, өсуі жанама бүршіктеріне байланысты.

Өсімдіктердің ішінде ең ұзын сабақ ротанг пальмасыныкі, биіктігі 200 - 300 м; шырша 60 м; қайың 30 - 35 м; үйеңкі 25 м; бамбук 20 - 25 м; банан 3 - 3, 5 м; ең аласа сабақты өсімдіктерге Австралия орхидеясы (1 - 2 мм) мен вольфия (1 - 2 мм) жатады.

Егер сабақтың ұшын кесіп тастаса (өсу нүктесі алынса), ұзарып өсуі тоқталады. Қолтық бүршіктерден бұтақтар (жанама өркендер) дамиды. Үлкен қалаларда, демалыс орындарындағы ағаштар мен бұталардың ұштарын шырпып белгілі пішінге келтіреді. Жеміс ағаштарын гүлдейтін өркендері көбірек дамып, көп өнім беру үшін көктемде шырпиды. Бөлме өсімдіктерінің шырпу арқылы гүлдейтін өркендерін көбейтуге болады.

Сабақтың жуандап өсуі. Камбий түзуші ұлпаға жатады. Камбийдің бір маусымның ішінде бөлінген жас жасушалары қабық пен сүрекке қарай ығысады. Сүрек бөліміне ығысқан жасушалар тобы көбірек болғандықтан сүрек қабаты қалыңдау болады. Бұл құбылыс жыл сайын қайталанатындықтан сабақ жуандай береді.

(С, М) Оқушыларға әртүрлі жағдайларда (жарық, қараңғы, суық, жылу) алдын ала өсірілген бұршақ өскіндері беріледі. Оқушылардың бақылау және анализ жасау дағдыларын дамыту үшін берілген бұл тапсырмада олар әр жағдайдағы өскіннің өсу биіктіктерін өлшейді. Алдын ала осы шағын зерттеу жұмысы үшін өз зерттеу жоспарларын құрып, соңында алынған нәтижелерге өсу графигін құрады.

Оқушылар өз есептерін тақтаға шығып, түсіндіреді. Келесі тыңдаушылар ақпараттың жүйелігі және түсінігіне қарап, «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды. Егер, жақсы түсінікті болса – жасыл, ал, түсініксіз болғанда – қызыл түсті парақшаларын көтереді.

Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды.

(І) Бастапқы және екінші реттік өсу арасындағы айырмашылықты көрсету мақсатында оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту мақсатында ...

Мақсаты: Ағаш діндерінің құрылысын қарап, жылдық шеңберлерін анықтап, олардың өсімдік үшін маңызын зерттеу.

Құрал - жабдықтар: әр түрлі ағаштардың (жуандығы да әр түрлі болуы керек) қалыңдығы 10 см көлденең кесінділері, ұлғайтқыш әйнектер (лупа), сабақтың ұзарып өсуін көрсететін тәжірибе.

Жұмыстың барысы:

  • Берілген әр түрлі жуандықтағы ағаш діңінің кесінділерін ұлғайтқыш әйнекпен қарап, жылдық шеңберлерін табыңыз. Сабақтың қай қабатында түзілетінін анықтаңыз.
  • Әрқайсысындағы шеңберлерін санап, жасын анықтаңыз. Әр шеңбердің еніне (қалың, жұқалығына) қарап, климат жағдайының қандай болғандығын түсіндіріңіз.
  • Көрген кесінділеріңізді оқулықтың суретімен салыстырып талдаңыз.

(С) Сабақты қорытындылау ...

(Ж) Жүргізілген зерттеу жұмыстарын әрі сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға бекіту сұрақтары беріледі:

  • Ағаш қай кезеңде жуандап өседі және ол неге байланысты?
  • Сабақтың жуандауы қандай ұлпаға байланысты?
  • Жылдық шеңбер деген не?
  • Жылдық шеңберден қандай құбылыстарды байқауға болады?
  • Сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуын түсіндіріңдер?
  • Жылдық шеңберге қарап оңтүстік пен солтүстікті ажыратуға бола ма?

(І) Feedback (рефлексия).

Оқушылардың сабақ барысындағы нәтижелеріне сәйкес кері байланыс беріледі. Сабақтың сәтті/сәтсіз кезеңдері және де оқушылар үшін қиындық тудырған сәттері, кемшіліктері айтылып, оны жақсарту жолдары ұсынылады.

Үйге тапсырма:

Өсімдіктердің ұзарып және жуандап өсуінің ерекшеліктері

PowerPoint

Алдын ала отырғызылған бұршақ тұқымдасының өскіндері

Бұршақ өскіндері

әр түрлі ағаштардың (жуандығы да әр түрлі болуы керек) қалыңдығы 10 см көлденең кесінділері, ұлғайтқыш әйнектер (лупа)

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жаңа сабақ тақырыбын анықтайды. Бұршақ өскіндерінің өсу биіктігін өлшеп, өсу графигін құрады. Берілген ағаш діңдерінің үлгелеріне қарап, жылдық шеңберлердің санын анықтайды. Бастапқы мен екінші ретті өсудің айырмашылықтарын ажыратып, түсіндіреді.

  • Кіріспе сұрақтар
  • Шағын зерттеу жұмыстары (бұршақ биіктігін өлшеу, ағаш діңдеріңінің кесінділерін салыстыру)
  • График және сызбалармен жұмыс
  • Бекіту сұрақтары

Сынып ішінде сабақ барысында тыныштық сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу