Трапеция ауданы. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 4 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3A Аудандар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Класс:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Трапеция ауданы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.13 трапеция ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану

 Сабақтың мақсаттары

 Оқушылар:

  • трапеция ауданының формуласын есептер шығаруға қолдана алады.

Бағалау критерийлері

  • Оқушылар дайын сызбалармен трапецияның берілген элементтерін пайдаланып, белгісіз элементтерін анықтайды.
  • Трапеция ауданын есептейді.
  • Трапеция ауданының формуласын есептер шығаруға қолданады

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Параллелограмм, үшбұрыш, трапеция ауданын есептейтін формулаларды айтып береді және талдайды

Трапецияның белгісіз элементін ауызша айтып белгілейді.

Сұрақтарды жазбаша жазып қалыптастырады. Ауызша өз жауабын ғылыми тілде еркін жеткізетін болады

Тақырыпқа қатысты сөздік және терминология:

Тік бұрышты трапеция, тең бүйірлі трапеция, катет, гипотенуза, тік бұрышты үшбұрыш, төртбұрыш, төртбұрыш аудандары, параллелограмм ауданы, катеттердің квадраттарының қосындысы, тік бұрыш, биіктік, трапецияның орта сызығы.

Сөйлесулер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

Тік төртбұрыштың ауданы……

Параллелограммның ауданы ....

Үшбұрыштың ауданы....

Квадраттың ауданы ....

Төртбұрыштың периметрі....

Трапеция – бұл .... геометриялық фигура.

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық адалдық, бірлік және командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Құндылықтарды дарыту топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы, қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Өнермен байланыс, фигуралар суреттерін салу барысында.

Жобалаумен байланыс, сызбаларды дайындау барысында.

Киім тігуде және оның сұлбасын салуда қолданылады.

Құрылыста паркет еден салу барысында қолданылады.

Бастапқы білім

Оқушылар төртбұрыштар түрлерімен және олардың кейбірінің аудандарын есептейтін формулалармен таныс. Оқушылар төртбұрыштардың аудандарын есептей алады. Білімдерін белсендендіру төртбұрыштар қасиеттерін қайталау арқылы топтық жұмыспен жүзеге асырылады.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-8

I. Білімдерін жаңарту үшін өткен материалды қайталау.

Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді:

Көпбұрыш ауданы дегеніміз не?

Көпбұрыштың ауданын қалай есептейміз?

Көпбұрыш аудандарының негізгі қасиеттері қандай?

Екі қабырғасы параллель, ал екеуі параллель емес төртбұрыш қалай аталады?

Трапеция ауданын қалай табамыз?

Әр оқушы 8.1.3.13 «трапеция ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану» мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді. Мақсатты мұғалім алдын ала тақтаға жазып қояды.

Оқушылар жұптарда презентациядағы есептердің шешуін талдайды. Жұптарда шешімі мен жауаптарын салыстырады, ұқсастығы мен ерекшеліктерін атап айтады.

Видео көру. Оқушылар трапеция ауданын қорытып шығаратын формуланы қайталайды.

Слайд 1-3

Слайд 4-5

Слайд 6-8

Видео

Сабақтың ортасы

8-13

13-19

19-25

25-35

35-38

Жеке жұмыс. Тест №1.

Әр оқушы төртбұрыштар аудандарын анықтауға арналған тестілік тапсырманы ноутбуктарда орындайды. Тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижелері әр оқушыға қойылады.

Екі нұсқадан құралған өзіндік жұмыс.

Әр оқушы өз нұсқасын орындайды. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылар дәптерлерімен алмасады, және көршісінің орындаған тапсырмасын презентациядағы дайын жауаппен тексереді. Өзара тексеру орындалады. Мұғалім орындалған тапсырмаларға кері байланысты формуланың қолдануын анықтап береді.

Жеке жұмыс тест №2.

Оқушылар трапеция ауданын анықтауға тапсырмалар орындайды. Тапсырманы орындап болғаннан кейін өзін-өзі тексеру орындайды, алынған жауаптарын презентациядағы жауаппен тексереді.

Жұптардағы жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар орындау.

Оқушылар жұптарда трапеция ауданын қолдануға есептер шығарады (А, В, С деңгейлері). Оқушылар деңгейді өздері таңдайды (А деңгейінің тапсырмаларын орындамай-ақ келесі деңгейге көшуге болады, бірақ В деңгейі міндетті)

Оқушылар жұптарда жұмыс нәтижелерін талдайды, салыстырады.

Мұғалім қажет болғанына байланысты оқушылар жұмыстарын бағыттайды және жұмыстарын бағалайды. Мотивациясы жоғары оқушылар консультант ролінде болады.

Бағалау критерийі:

Трапеция ауданының формуласы дұрыс қолданылған.

Трапеция ауданының формуласын пайдаланып, оның белгісіз элементі дұрыс анықталған.

Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы дұрыс қолданылған.

Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар өздері есеп шартын пайдаланып, күрделі есептердегі трапецияның белгісіз элементтерін анықтайды.

Қабілеті төмен оқушыларға консультация түрінде көмек көрсетіліп отырылады.

VI. Білім беру мақсатына қол жеткізу деңгейін бағалау «Құмырсқа илеуі» тапсырмасы көмегімен.

Оқушылар жаңа тақырып бойынша түсініксіз тапсырма бойынша бір сұрақ жазады. Егер оқушылар қиындық көрмесе, сыныптастар үшін қызықты сұрақ құрастыруы мүмкін. Тапсырма аяқталғаннан кейін оқушылардың жауаптары деңгейіне қатысты кері байланысты қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады.

Қосымша 1

Қосымша 2

Слайд 11

Слайд 12

Қосымша 3

Слайд 13-14

Қосымша 4

Стикерлер

Қосымша 5

Стикерлер

Сабақтың соңы

38-40

7. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатына қайта оралып, олардың жетістік деңгейін талқылайды. Келесі сабақты жоспарлау мақсатында төмендегі сөйлемдер толықтырылады:

Мен не білемін... Мен бүгін үйрендім …

Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым …

Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім …

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

Стикерлер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қайталау кезеңінде оқушылар өз қалаулары бойынша, оқу ақпаратын еске түсіру үшін: білім, түсіну (сызба), талдау (талдау және салыстыру) мақсатында өз деңгейін таңдап бөлінеді. Сабақта ақпаратты әртүрлі тәсілмен еске түсіру оқу ақпараты қолданылады. Сабақ барысында қабілеті төмен оқушыларға әртүрлі көмектер көрсетіледі. Сабақта оқытудың саралау әдісі әр деңгейлі топтарға бөлу арқылы көрініс табады. Оқушылар жұппен жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды күрделілік деңгейіне байланысты өздері таңдайды.

Жақын даму аймағын анықтау барысында диагностикалық бағалау қолданылады. Білімді меңгеру кезеңінде оқушылар критерийлер бойынша жұмыс жасап, салыстыру, қолдану дағдылары қалыптасады.

Теориялық білімдерін бағалау кезінде оқушылар өзін өзі тексеру әдісін қолданады, сонымен бірге өздік жұмыстарын тексеруде бірін бірі бағалайды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың теоремаларды дәлелдеу барысында трапецияның ауданының қасиетін қолдана алу дағдылары тексеріледі.

Сабақ барысында сызу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін қадағалау. Оқушылардың тік отыруын қадағалау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу