Өсімдіктердің ұзынынан және жуандап өсуі. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


7.4.D Өсу және даму

Күні:

Сынып: 7

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өсімдіктердің ұзынынан және жуандап өсуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.3.2 өсімдіктердің ұзынынан және жуандап өсуін зерттеу

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Үрмебүршақ өскіндерінің ұзарып және жуандап өсуін зерттейді, нәтижесінде ұзарып және жуандап өсу себептерін анықтайды.

Өсімдіктердің ұзынынан және жуандап өсуіне әсер ететін факторларды көрсетеді.

Бастапқы және екінші реттік өсу арасындағы айырмашылықты эссе жазу барысында түсіндіреді.

Концепция

Өсу, даму

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Суреттердегі өсімдіктердің онтогенез кезеңдерін ретімен орналастырып, ерекшеліктерін ауызша түрде айтады.

Үрмебұршақ өскіндерінің ерекшеліктерін анықтап, өсімдіктердің ұзынынан және жуандап өсуін сипаттайды.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар бір – бірінің ойын тыңдайды, өзара сыйластықты қалыптастырады. Жұпта, топта жұмыс істейді. Белсене қозғала отырып, сымбаттылықтарын сақтауға жаттығу жасайды.

Пәнаралық байланыстар

Өсімдіктердің ұзынынан және жуандап өсуін сипаттауда география пәнінен ағзалардың мекен орта жағдайларына байланысты алған білімдерін қолдана алады.

Өсу графигін салу барысында математика пәнінен алған білімдерін қолдана алады.

 АКТ қолдану дағдылары

Өсімдіктердің ұзынынан және жуандап өсуін сипаттау үшін, интернет көздерінен ақпараттарды іздеу арқылы қажетті мәліметтерді таңдау және өңдеуге үйренеді.

Бастапқы білім

Оқушылар 5-6 сыныптың «Жаратылыстану» курсынан тірі ағзаларға тән қасиеттерді сипаттай алады, тірі ағзаларға тән үдерістерді модельдеу және түсіндіру, ағзалардың ерекшеліктерін өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін пайдалана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ж)Оқушылар берілген суреттердегі өсімдіктердің онтогенез кезеңдерін ретімен орналастырып, ерекшеліктерін анықтайды.

Ж) Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерді белгілейді.

Фотосуреттер, РРТ

Сабақтың ортасы

05-10 мин

10-20 мин

20-30мин

30-35мин

/ТЖ) Бір аптаның ішінде күніне бір стақанға үрмебұршақ тұқымдарын отырғызып, оларды өсуге қалдырыңыз. Оқушылар әр түрлі күні отырғызылған үрмебұршақ өскіндерінің өсу деңгейін өлшейді.

(Т/ТЖ) Топта ақылдаса отырып, өскіндердің ерекшеліктерін анықтайды. Өсу ұғымын талқылап, жасушалардың бөлінуі және меристеманың ұзаруы нәтижесінде өсімдіктердің ұзындығының қалай өсетіндігін түсіндіреді.

Өсімдік өскіндерін пайдаланғанда абайлау керек және сәйкесті гигиеналық ережелерді сақтау керек.

(Т) (ҚБ) Әр түрлі жағдайда (жарық, қараңғы, суық, жылу) өсірілген үрмебұршақ өскіндерінің өсу деңгейін салыстыру арқылы өз зерттеулерін жоспарлап, өсу графигін құрады. Сабақтардың неліктен және қалай жуандайтынын түсіндіреді.

(Ж) Оқушылар бастапқы және екінші реттік өсу арасындағы айырмашылықты түсіндіріп, қысқаша эссе жазады.

Әр түрлі күні отырғазалған үрмебұршақ өскіндері

Әр түрлі жағдайда қалдырылған үрмебұршақ өскіндері

Сабақтың соңы

35-40мин

Кері байланыс

«3-3-1»

  • Мен үшін 3- жаңалық
  • Маған түсініксіз 3- мәселе
  • Маған қиындық туғызды 1-мәселе

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

үрмебүршақ өскіндерінің ұзарып және жуандап өсуін зерттейді, нәтижесінде ұзарып және жуандап өсу себептерін анықтайды.

Көпшілік оқушылар: өсімдіктердің ұзынынан және жуандап өсуіне әсер ететін факторларды көрсетеді.

Кейбір оқушылар: бастапқы және екінші реттік өсу арасындағы айырмашылықты түсіндіреді.

Оқушыларды өсімдіктердің онтогенез кезеңдерін ретімен орналастырып, ерекшеліктерін сәйкестендіру арқылы анықтап, күтілетін нәтижеге бағыттау.

Өз бетімен іздену дағдыларын дамыту барысындағы іс- әрекеттерін бақылау.

жеке, жұптық және топтағы жұмыс барысындағы жұмыс нәтижелері бойынша өз ойларын жеткізуге мүмкіндік беру.

топтық, жұмыс кезінде бір-бірінің ойын сыйлап, құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу

мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақтағы іс әрекеттер бағалау критерийлері арқылы жүргізілді. ОМ толығымен жүзеге асырылып, жоспарланған әрекеттер іске асырылды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу