Өсімдіктің ұзарып және жуандап өсуі. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.
Бастапқы және екінші реттік өсу арасындағы айырмашылықты көрсету немесе жылдық шеңберді есептеу
Мақсаты: Ағаш діндерінің құрылысын қарап, жылдық шеңберлерін анықтап, олардың өсімдік үшін маңызын зерттеу.
Құрал - жабдықтар: әр түрлі ағаштардың (жуандығы да әр түрлі болуы керек) қалыңдығы 10 см көлденең кесінділері, ұлғайтқыш әйнектер (лупа), сабақтың ұзарып өсуін көрсететін тәжірибе.
Жұмыстың барысы:
- Берілген әр түрлі жуандықтағы ағаш діңінің кесінділерін ұлғайтқыш әйнекпен қарап, жылдық шеңберлерін табыңыз. Сабақтың қай қабатында түзілетінін анықтаңыз.
- Әрқайсысындағы шеңберлерін санап, жасын анықтаңыз. Әр шеңбердің еніне (қалың, жұқалығына) қарап, климат жағдайының қандай болғандығын түсіндіріңіз.
- Көрген кесінділеріңізді оқулықтың суретімен салыстырып талдаңыз.
Талқылау сұрақтары:
- Ағаш қай кезеңде жуандап өседі және ол неге байланысты?
- Сабақтың жуандауы қандай ұлпаға байланысты?
- Жылдық шеңбер деген не?
- Жылдық шеңберден қандай құбылыстарды байқауға болады?
- Сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуын түсіндіріңдер?
- Жылдық шеңберге қарап оңтүстік пен солтүстікті ажыратуға бола ма?
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?