Трапеция ауданы. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 3 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3A Аудандар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Класс:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Трапеция ауданы

Сабақтың түрі

Білімді бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.13 трапеция ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану

Сабақтың мақсаттары

  • Трапецияның ауданының формулаларын білу;
  • Трапеция ауданының формулаларын есептер шығаруда қолдану.

Бағалау критерийлері

 Оқушы

  • трапецияның ауданының формулаларын біледі;
  • трапеция ауданының формулаларын есептер шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • трапеция ауданының формулаларын ауызша және жазбаша сипаттайды;

трапеция ауданының формулаларын есеп шығару барысында қолдануды түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Трапеция, трапецияның биіктігі, трапецияның табандары, трапецияның диагональдері, трапецияның ауданы, трапецияның орта сызығы, трапецияның бүйір қабырғасы, тікбұрышты трапеция, тең бүйірлі трапеция.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Трапецияның ауданын оның табандары мен биіктігі арқылы табу үшін...

Трапецияның ауданын оның биіктігі мен орта сызығы арқылы табу үшін...

Трапецияның ауданын оның диагональдері және олардың арасындағы бұрышы арқылы табу үшін...

Трапецияның ауданын оның төрт қабырғасы арқылы табу үшін...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық адалдық, бірлік және командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Құндылықтарды дарыту топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы, қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Архитектурамен байланыс, ғимарат моделін жасау барысында трапеция моделі қолданылады.

Бастапқы білім

Оқушылар төртбұрыштар түрлерімен және олардың кейбірінің аудандарын есептейтін формулалармен таныс. Оқушылар төртбұрыштардың аудандарын есептей алады.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

3-10 мин

I. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

II. Өткен материалды қайталау. Мұғалім оқушыларға жұптарда трапеция және оның ауданын есептейтін формулаларын қайталауды ұсынады.

Жұптық жұмыстан кейін мұғалім оқушылармен бірлесіп қорытынды жасап, келесі формулаларды атап өтеді:

Трапецияның ауданын оның табандары мен биіктігі арқылы табу;

Трапецияның ауданын оның биіктігі мен орта сызығы арқылы табу;

Трапецияның ауданын оның диагональдері және олардың арасындағы бұрышы арқылы табу;

Трапецияның ауданын оның төрт қабырғасы арқылы табу.

Презентация

Сабақтың ортасы

10-15 мин

15-28 мин

28-38 мин

III. Тест тапсырмалары.

Оқушылар өздігінен материалды бекітуге тапсырмалар орындайды. Мұғалім оларға көмек көрсетпейді. Мұғалім оқушылар жұмысты аяқтаған соң сыныппен бірге тексеріс жүргізеді, оқушылардың типтік қателері талдап, кері байланыс береді.

IV. Топтық жұмыс.

Оқушылар топтарда материалды бекітуге тапсырма орындайды. Топтар өзара тексеріс жасайды. Мұғалім қажет болған жағдайда бағыттаушы сұрақтар қояды және шешуін түсіндіріп талдайды. Сонымен қатар, топтық жұмыс кезінде әрбір оқушының үлесін бақылайды.

Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • үшбұрыштың ауданының формуласын қолданады;
  • үшбұрыштардың тең шамалас екенін дәлелдейді;
  • трапецияны тең шамалас фигураларға бөледі;
  • трапеция ауданының формуласын қолданады;
  • трапецияның ауданын табады.

V. Жеке жұмыс.

Мұғалім оқушыларға қиындық туған сәтте көмек береді. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талқыланады. Мұғалім қажеттілігінше тақта алдында жұмысты орындауды ұйымдастыра алады және сол кезде шешімді дұрыс жазуға назар аудара алады.

Мұғалім оқушылардың жұмысын белгіленген критерийлер бойынша бағалайды.

Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • Трапецияның биіктігін дұрыс табады;
  • Трапецияның табандарын дұрыс табады;
  • Тең бүйірлі трапецияның қасиеттерін қолданады;
  • Трапецияның орта сызығын дұрыс табады;
  • Трапеция ауданының формуласын қолданады;
  • Трапецияның ауданын дұрыс есептейді.

Қосымша 1

Қосымша 2

Презентация

Қосымша 3

Сабақтың соңы

38-40

VI. Сабақты қорытындылау. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатына қайта оралып, олардың жетістік деңгейін талқылайды. Келесі сабақты жоспарлау мақсатында төмендегі сөйлемдер толықтырылады:

Мен не білемін... Мен бүгін үйрендім …

Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым …

Мен түсіндім …

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

Презентация

Стикерлер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу