Жүйке жүйесінің қызметі мен оның құрылымдық компонентері. Нейронның құрылысы: нейронның денесі, дендрид, аксон. Нейронның қызметі. Аралас сабақ. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.
Адамның жүйке жүйесі ми, жұлын және жүйкелерден тұрады.
Жүйке жүйесін орталық және шеткі деп үлкен екі топқа бөледі.
Орталық жүйке жүйесіне – ми мен жұлын жатады.
Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан таралатын жүйкелер мен жүйке түйіндерінен тұрады.
Шеткі жүйке жүйесі сомалы және вегетативті болып жіктеледі.
Cомалы (грекше «soma» – дене) жүйке жүйесі қаңқа бұлшықеттерінің жұмысын реттейді.
Вегетативті («vegeto» – қоздырамын) жүйке жүйесі ішкі мүшелердің жұмысын реттейді.
Вегетативті (автономды) жүйке жүйесі бір-біріне қарама-қарсы жұмыс істейтін симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді.
Симпатикалық бөлім жоғары деңгейдегі күйзеліс, назар аудару, қозу немесе қауіптілік жағдайларда басымырақ болады. Мысалы, егер ағзаға қауіп төніп тұрса, онда ағзаның қалыпты жұмыс қабілеті екінші реттік жағдайда қалып, ағза «күресу немесе қашу» реакцияларына дайындалады.
Парасимпатикалық бөлім ағзаға сыртқы тітіркендіргіштер әсері жеткілікті болмаған кезде басымырақ болады. Әдетте ол тіршілік әрекетін демеуге байланысты энергияны негізгі мақсаттарға бағыттай отырып, ағза үдерістерін баяулатады, мысалы: ас қорыту.
Сенсорлы(сезгіш, афференттік, орталыққа тепкіш) нейрондар тітіркенуді рецепторлар арқылы қабылдап алып орталық жүйке (ми немесе жұлынға) жүйесіне байланыстырғыш (интернейрон) арқылы жеткізеді.
Қондырма нейрон (байланыстырғыш, интернейрон, аралық) нейрон - афференттік нейрондарды эфференттік нейрондармен байланыстырады.
Қозғалтқыш (эфференттік, мотонейрон, орталыққа тепкіш)нейрон - қимыл-қозғалыс, қозуды орталық нерв жүйесінен жұмыс мүшесіне ( жауап қайтарушы мүшеге әкеледі.
Жүйке жүйесінің маңызы
1.Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.
2.Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді; тынысалу мен жүрек соғысы жиілейді; қан аз баратындықтан, асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды.
3.Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті (машина, трамвай, троллейбус және т. б.) өтіп кеткенше тоқтап күтіп тұру; аса ыстық немесе суықтан қорғану; денені зақымдайтын заттарға жоламау және т. б. Адамның ойлауы, саналы мінез-құлқы жүйке жүйесінің күрделі дамуына тәуелді (бағынышты).
Жүйке жүйесінің құрылысы.
Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән – жайына қанығу үшін ми мен психикасының, материя мен сананың қарым – қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажетті мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары – психология ғылымының табиғи – ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі – мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар нерв жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады.
Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі – ұзын өсіндісі немесе аксон, ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін нерв орталықтары атайды. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) нерв жүйелерінің өне бойына орналасқан.
Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық нерв жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады.
Адам денесінде болатын жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі. Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары құрайды. Жүйке жасушалары - нейронның денеден, ұзын және қысқа өсінділерден тұратыны сендерге жүйке ұлпасынан таныс. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады. Ұзын өсіндісі - аксон ми мен жұлынның дененің кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді. Аксонның сырты май текті ақ қабықшамен қапталған. Бұлар шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді. Нейронның тарамдалған көптеген қысқа өсінділері - дендриттердің сыртында ақ қабықша болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр зат түзеді. Нейронда ұзын әрі тарамдалмаған (тек ең ұшы сөл ғана тарамдалады) бір аксон болады. Нейронның денесіне қозу (хабар, сигнал) дендриттер арқылы келеді.
Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді:
сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді);
байланыстырғыиі - козуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді;
қозғалтқыш - қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі мүшелерге өткізеді.
Жүйке жүйесіне ми, жұлын және жүйкелер жатады. Жүйкелер жүйке жасушаларының (нейрондардың) өсінділерінен түзіледі. Жүйкелер адам денесінің барлық жеріне таралған, барлық мүшелерді ми және жұлынмен байланыстырады. Егер қозғалтқыш нейронның ұзын өсіндісінен (аксондарынан) тұрса, ол қозғалтқыш жүйке. Сезгіш нейронның қысқа өсінділерінен (дендриттерінен) тұрса, ол сезгіш жүйке деп аталады. Бұл жүйкелерден басқа аралас жүйкелер де болады, ол нейронның аксоны мен дендриттерінен түзіледі. Аралас жүйкелер арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне және одан мүшелерге беріледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?