Фигураның ауданы және оның қасиеттері. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Аудан

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Чултуков Нартай Советханович

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Фигураның ауданы және оның қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.9 көпбұрыш ауданының анықтамасы мен қасиеттерін білу

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Оқушыларды «аудан» ұғымымен және оның өлшем бірлігі туралы ұғымдарымен таныстыру. Көпбұрыштың ауданының анықтамасы және оның қасиеттері.

Бағалау критерийлері

  • фигуралардың ауданы ұғымын түсінеді;
  • ауданның өлшем бірлігі - квадрат сантиметр (мм; м) туралы біледі;
  • Фигуралардың ауданын ұсақ шаршыларға немес бөліктерге бөліп есептеуді түсінеді және қолданады;
  • Фигураның белгісіз элементін (ені, ұзындығы, ауданы) басқа екеуі бар болғанда таба алады;
  • аудандарды салыстырудың қарапайым әдістерін біледі.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- фигуралар аудандарының формулаларын ауызша тұжырымдайды;

- формулаларды түсінгенін тексеру үшін сұрақтарды тұжырымдайды;

- фигуралар аудадандарының формулаларын қорытуды түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

- шама, өлшем бірлігі;

- ауданы (area), ұзындығы (length), ені (width);

- периметр, жарты периметр;

- жай фигура, жазық фигура;

- тең шамалас, тең құрамдас,тең фигуралар;

- көпбұрыш ауданы;

- үшбұрыш ауданы;

- төртбұрыш ауданы;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- үшбұрыш/квадрат/тіктөртбұрыш/параллелограмм

/ромб/трапецияның ауданын анықтау үшін ... қажет

- үшбұрыш ауданын есептеу үшін ... қажет

- ...формуланы қолдану үшін ..... қажет.

- егер квадраттың қабырғасын k есе қысқартса, онда ауданы …

Құндылықтарды дарыту

 

 

«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына:

топпен, жұппен жұмыс орындау барысында құрмет, серіктестік және жеке жұмыс орындау кезінде жауапкершілік, үздіксіз оқу құндылықтарын дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Бастапқы білім

Шамалар туралы білу, шамаларды бір бірлік өлшемідерінен өзге бірлік өлшемдеріне көшіре алу. Көпбұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш анықтамаларын және олардың элементтерін білу. Үшбұрыштар және төртбұрыштардың түрлерін ажырата алу. Квадрат пен тік төртбұрыш ауданының формулаларын қолдана алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақты белсендендіру.

Сабақты белсендендіру. Оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарын және бағалау критерилерін оқушыларға таныстыру.

Теориялық материал беру.

№ 1-4 слайдтар

Сабақтың ортасы

5 минут

Ұжымдық жұмыс.

Сыныпқа фигураның ауданы ұғымы жайлы сұрақ қою.

Аудан дегеніміз не?

Оны өлшеу қалай жүзеге асырылады?

«Кімде қандай жауап нұсқасы бар?» деп оқушылардың назарын аудару. Бір қарағанда қарапайым сұрақ, бірақ жауап беру оңай емес.

Оқушылардың нұсқаларын тыңдап болғаннан соң, слайдтан нақты жауапқа назар аударту.

Жауап:

  • Аудан дегеніміз жазық беттегі кеңістіктің бөлігі.
  • Ауданды өлшеу үшін осы фигураның құрамына енетін шаршылардың санын есептейміз.
  • Ол шаршының өлшемі әртүрлі болуы мүмкін. Көп жағдайда қабырғасының ұзындығы 1 см болатын шаршы қолданылады.
  • Оны біз шаршы сантиметр немесе см2 дейміз.

№ 5 слайд

Сабақтың ортасы

10 минут

Жұптық жұмыс

Олай болса, қазір, осы білімді тереңдету және ұғына түсу үшін жұппен жұмыс жасаймыз. Әр жұпқа «Қосымша 1» таратпасын үлестіру. Таратпада берілген тапсырмаларды оқушылар өз жұптарымен орындайды. Мұғалім жұмыстың орындалуын қадағалап, әр оқушының өз жұбымен серіктесе жұмыс жасауына қолдау жасайды. Біріге отырып жасаған жұмыстың өнімді әрі жылдамырақ болатынын, яғни жұптық жұмыстың құндылықтарын сөзге арқау етуіне болады.

Тапсырма 1

Екі фигураның ауданын салыстырыңыз.

Қайсысы үлкен?

Тапсырма 2

Суреттегі алақанның ауданы неге тең?

Дұрыс емес фигураның ауданын табу өте қиын. (Әр шаршы 1 см2.)

  • Ең алдымен толық шаршыларды санап шығыңыз.
  • Толық емес шаршылардың әрбір жұбы, яғни екеуі бірге толық 1 шаршыны береді.

Тапсырма 3

Фигуралардың аудандарын табыңыз.

Оқушылар берілген фигуралардың аудандарын берілген бірліктермен сипаттап шығады.

Қосымша 1

№ 6-7 слайд

№ 8 слайд

№ 9 слайд

Сабақтың ортасы

5 минут

Сыныппен жұмыс

Барлық сынып оқушыларымен № 11, 12 слайдтардағы есептерді бірге орындау. Бірден сабаққа қорытынды жасап, оқушыларды жекелеме жұмысқа бағыттау.

 Қорытынды:

 Егер фигура қарапайым фигураларға бөлінетін болса, онда осы фигураның ауданы бөліктердің аудандарының қосындысына тең.

 Қабырғалары бірлік өлшемдерге тең квадраттың ауданы бірге тең.

№ 11, 12 слайд

Сабақтың ортасы

10 минут

Жекелеме жұмыс

Әр оқушыға жеке тапсырмалар беріледі. Бұл тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың ауданның өлшем бірлігін дұрыс жазуына назар аудару керек.

Жекелеме жұмысты мына критерийлер бойынша бағалаймыз.

Бағалау критерийлері:

  • Берілген фигураның ауданан таба алады;
  • Аудан және тағы бір қабырғасы берілгенде, белгісіз элементті анықтай аладаы;
  • Тор көзді парақта берілген кез келген фигураның ауданан шаршыларды санау арқылы септей алады.

Қосымша 2

№ 13-15 слайд

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй тапсырмасы (Қосымша 2: соңғы есеп)

Қосымша 2

№ 18 слайд

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу