Бөліп шығарудың маңыздылығы. Бөліп шығару өнімдері. Практикалық жұмыс № 11 "Өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін зерттеу». Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


20.1.2. Бөліп шығарушы құрылымдар

Жануарлар экскреттерін шығару үшін төмендегідей құрылымдар қолданылады:

1. сыртқы клеткалық мембрана (плазмалемма) – бір жасушалы организмдер;

2. мальпигий түтікшелері мен трахеялары – буынаяқтылар;

3. бүйрек, бауыр, желбезектері, терісі – балықтар мен амфибиялар;

4. бүйрек, бауыр, өкпе, терісі – жер үсті сүтқоректілері.

Жасушалары қарапайым болып келетін организмдердің экскреттері диффузия нәтижесінде жойылып отырады. Жануарлардың құрылымдық деңгейі күрделенген сайын олардың экскреттерді қоршаған ортаға шығаруға арналған бөліп шығару мүшелері пайда болады. Омыртқалы жануарлар үшін ондай маңызды мүшелерге тері, өкпе, бауыр және бүйрек жатады. Төменде сол мүшелердің негізгі қызметтеріне тоқталамыз.

Тері. Мочевина мен тұздар тері капиллярларынан тері бездеріне активті түрде бөлініп шығады. Олар тері бетіне бөлініп шыққан соң тері буланып, организм жылуды жоғалтады, нәтижесінде организмнің термореттелуі іске асады.

Өкпе. Көміртек диоксиді және су буы альвеола көпіршіктерінің бетіне енеді. Өкпе сүтқоректілердің СО2-ні сыртқа бөліп шығаратын жалғыз орган. Өкпеде буланатын су метаболиттік су деп аталады. Яғни жасушалық тыныс алудың өнімі болып табылады және оны экскрет деп санауға болады.

Бауыр. Бауырдың гомеостаздық функцияларын ескере отырып, бұл мүшенің экскреттерді шығаруға қатысатынын айта кеткен жөн. Бауыр бөліп шығаратын өт пигменттері бұзылған эритроциттердің нәтижесінде пайда болады. бұл эритроциттер өт пигментімен бірге он екі елі ішекке енеді де калмен бірге сыртқа шығады. Бауырдың басты экскреттік қызметіне аминқышқылдарынан мочевина түзу болып табылады.

20.1.3. Өсімдіктер экскрециясы

Өсімдіктердің соңғы өнімін шығару жануарлардың бөліп шығару функциясы секілді аса күрделі емес. Бұны өсімдіктер мен жануарлардың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты түсіндіруге болады. Өсімдіктер бірінші ретті продуценттер және олар өзіне қажетті органикалық қосылыстарды синтездейді. Мысалға, өсімдіктерде өзіне қажетті нәруыз түзіледі. Олар нәруызды артығымен синтездемейді және қор ретінде жинақтамайды. Сондықтан, олар аз мөлшерде азотты өнімдерді экскреттейді. Егер нәруыздар аминқышқылдарына дейін ыдырайтын болса, олар жаңа нәруыздардың түзілуіне қатысатын болады. зат алмасу барысында түзілетін негізгі соңғы өнімдерге - О2, СО2 және су жатады. Су басқа реакцияларға қатысатын өнім болып табылады. Сонымен қатар, ол еріткіш қызметін атқарады. Молекулалық оттегі – өсімдіктер бөліп ең көп бөліп шығаратын газ тектес өнім болып табылады. Жарық кезде өсімдіктер О2-ні көбірек бөледі және ол қоршаған ортаға диффузия жолымен өтеді.

Өсімдіктерде органикалық заттар көпшілік жағдайда өлі жасушаларда, жапырақтары мен қабығында (уақыт өте түсіп тұрады) жинақталады. Көп жылдық өсімдіктердің көпшілігі өлі ұлпалардан тұрады. Экскреттер сол ұлпаларда жинақталады және жаңа активті ұлпалардың дамуына кері әсерін тигізбейді. Осы жолмен көптеген тұздар да жинақталады. Кейбір органикалық қышқылдар артық катиондармен байланысқа түсіп өсімдікке қауіпсіз өнім ретінде жинақталады. Мысалға кальций иондары мен сульфат-иондар амин қышқылдарының синтезіне қатысса, кальций артық қалады. Кальций иондары пектин қышқылымен тез әрекеттесе отырып қауіпсіз ерімейтін оксалат немесе кальций пектатын түзеді. су өсімдіктері арасында соңғы өнімдер диффузия жолымен қоршаған ортаға (суға) бөлініп шығады.

20.2. Азотты экскреттер және қоршаған орта

Экскреттерге жататын азотты өнімдер нәруыздың, нуклеин қышқылдарының және артық аминқышқылдарының ыдырауынан пайда болады. амин қышқылдарының алғашқы ыдырау өнімі – аммиак. Ол дезаминделу нәтижесінде амин тобындағы амин қышқылынан бөлінуінен пайда болады. Аммиак бірден қоршаған ортаға түсуі мүмкін немесе азотты қосылыстарға – мочевина мен зәр қышқылына айналады. Сыртқа бөлініп шығатын соңғы өнімдердің түрі жануардың тіршілік ететін ортасына және тіршілік ету барысында суды қаншалықты пайдаланатына тікелей байланысты.

Кесте 20.1. Түрлі гетеротрофтардың мекен орта типтері мен бөлініп шығатын экскреттердің байланысы.

Организм

Экскреттер

Мекен ортасы

Қарапайымдар

Жер үсті насекомдары (бунақденелілер)

Тұщы су сүйекті балықтары

Көлдің сүйекті балықтары

Құстар

Сүтқоректілер

Аммиак

Зәр қышқылы

Аммиак

Мочевина, триметил-аминооксид

Зәр қышқылы

Мочевина

Су

Жер үсті

Су

Су

Жер үсті

Жер үсті

Жануарлардың мекен ету ортасына қарай бөлініп шығатын экскреттердің табиғаты:

Экскреттер

Жануарлар

Аммиак

су жануарлары (суды қор ретінде жинамайды)

Мочевина

су және жер үсті жануарлары

Зәр шығару

жер үсті жануарлары

20.1. Аммиак

Аммиактың басты көзі – артық амин қышқылдарының дезаминделуі. Аммиак өте токсинді (улы), сондықтан ол организмнен тез арада шығуы тиіс. Аммиак суда жақсы еритін болғандықтан оның қоршаған ортаға шығудың жалғыз жолы үлкен көлемді сумен араласуы болып табылады. Мұны үлкен су қоймаларында мекен ететін организмдер жақсы атқарады. Көптеген су организмдерінде (қарапайымдылардан амфибияларға дейін) аммиак қоршаған ортаға суда жақсы еритін аммоний иондары ретінде шығып отырады. Яғни ол улы конценртация түзіп үлгермейді.

Көл және жер үсті организмдері суды қор ретінде жинайтындықтан соңғы өнімді шығару кезінде олар судың минималды мөлшерін жұмсайды. 20.1 кестесіне жүгінсек, жануарлардың мекен ету ортасына олардың соңғы өнімдерінің түрліше өзгеретінін көрсетілген.

20.2.2. Мочевина

Мочевина бауырда түзіледі және аммиакқа қарағанда уыттылығы едәуір төмен. Мочевина сүтқоректілердің негізгі азотты экскреті болып табылады.

20.2.3. Зәр қышқылы

Зәр қышқылы және оның тұздары – жер үсті жануарларының (әсіресе, бунақденелілер, жұмыртқа басатын құстар) негізгі азотты экскреттері болады. Бұл экскретті заттардың құрамында жоғарғы мөлшерде уыттылығы төмен және суда орташа еритін азот болады. зәр қышқылы мен оның тұздары жасушада, ұлпалар мен мүшелерде организмге ешқандай зиян келтірмей сақталуы мүмкін. Ұлпаларда жиналған мочевинаның жоғарғы концентрациясы қатты өнім ретінде шығып отырады. Адам зәр қышқылының аз мөлшерін бөліп шығарады және ол тек нуклеин қышқылдарының ыдырауынан (шамамен тәулігіне 1г) пайда болады (нәруыздардың ыдыруы жатпайды).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу