Жанкелді Немеребай (Жаңбырлы түн...)

 Жанкелді Немеребай (Жаңбырлы түн...)

Жырақ қалған жарқын менің,
Шуақ тамған алтын белім қайда.
Жауын кешіп өзіңменен,
Сыр ақтарған бал түндерім қайда.
Қайда өмірімнің сол шақтары,
Қайда дүр жаңбырдың моншақты әні.
Сезім-сөнбес жалын.
Қайда жастығымның сол кездері,
Айдай ақ арудың шөл көздері
бүгі бәрі сағым?!
Айлар асып жылдар өтті,
Жастығымыз жылдам өтті лезде.
Ол кездегі бала арманым,
Бұл күндері шыңға жетті өзге.
Самға ақ қанатты қиял құсым,
Жалғар гүл дәуренді күй,әнбісің?
Неткен жүйрік көңіл.
Гүлім,бәрі-бәрі есте бүгін,
Жырым-саған деген естелігім.
Өшпес өлең-өмір!
P.S.
Жаңбырлы түндерде түсесің сен есіме,
Жарқ еткен жасынды ұқсатам елесіңе...
Ақ мөлдір моншақ тағып,
Кеттің-ау алшақтанып,
Оралмай көктем-өмір белесіне.

***

Талайдың жүрегін баураған,
Көзіңде от сезім лаулаған.
Жан ба едің көңілді аулаған,
Жанымды жылыттың жаураған.
Өртсің бе мәңгілік өшпейтін,
Гүлсің бе әр жерде өспейтін.
Әйеуір жаныма жақын боп,
Таныттың адал бір дос кейпін.
Білемін биіксің, асқақсың,
Тәкаппар мінезің - асқақ шың.
Мен де сол әркімге шертілмес,
Күйі едім күрделі аспаптың.
P.S.
Демеймін қапыда қалармын,
Өмірден бір бақыт табармын.
Өзіңсіз өкініш күндерді,
Қашанғы санармын...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?