Гипотенузаға түскен, тікбұрышты үшбұрыштағы биіктік. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 4 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2В бөлім: Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Гипотенузаға түскен, тікбұрышты үшбұрыштағы биіктік | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 8.1.3.4 тікбұрыштаң гипотенузаға түскен, тікбұрышты үшбұрыштағы биіктік; | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | тікбұрыштаң гипотенузаға түскен, тікбұрышты үшбұрыштағы биіктік қасиеттерің қолдану; | ||||||||||
Бағалау критерийлері | - тікбұрышты үшбұрыштағы биіктіктін қасиеттерің біледі; - тікбұрышты үшбұрыштағы биіктіктін қасиеттерің жаттығуда қолданады; | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі; бұрышқа іргелес жатқан катет; бұрышқа қарсы жатқан катет; катеттердің квадраттарының қосындысы; Египет үшбұрышы; негізгі тригонометриялық тепе-теңдік; перпендикуляр, проекция және көлбеу; катеттердің гипотенузаға проекциялары; геометриялық орта. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең; тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы анықтамасынан α бұрышына іргелес жатқан катет ... тең; тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең; Пифагор теоремасын қолданып, ... табамыз;негізгі тригонометриялық тепе-теңдік негізінде ...; катеттің квадраты ... тең. | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сызу, архитектура | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтаны қолданып, сыныпты жаңа тақырыппен таныстыру. | ||||||||||
Бастапқы білім | Синус, косинус, тангенс, котангенс анықтауларын тікбұрышты үшбұрыштағы қабырғалардың қатынасы арқылы біледі. Пифагор теоремасын біледі. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 3 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй жұмысын тексеру. 2. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау. | ||||||||||
Сабақтың ортасы
25 минут 10 минут | 1. Білу және түсіну. Жұптық жұмыс. Оқушылар жұптасып тапсырмаларды орындайды. Оқушылар жұмыстарын жеке орындайды, бірақ жұпта өзара көмек алуға болады. Әр жұп өз дәлелдеулерін А3 парағына жазып тақтаға іледі. Оқушылар басқа жұптардың дәлелдеулерін жазып алады. Топтық жұмыс. Есептерді шешу. Таңдалған деңгейге сәйкес оқушыларды шағын топтарға біріктіріңіз. Үш варианты бар қосымша қолданылады. Топта оқушылар дербес тапсырмаларды бөледі. Орындау кезінде оқушылар есептің шартын талдайды, талқылау барысында математикалық сөйлеуді дамытады, өз шешімдерін қабылдайды, командалық жұмыс дағдыларын, математикалық тілді дамытады. Оқушылардың жұмысын қадағалап, қажет болса, олардың іс әрекеттерін реттеңіз. Тапсырма орындалғаннан кейін, әр топ өз жұмысын сыныпқа ұсынады. | Қосымша 1 Қосымша 2 Полонский В.Б., Рабинович Е.М., Якир М.С. Учимся решать задачи по геометрии. | |||||||||
Сабақтың соңы Ой толғаныс 2 минут | 1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру. 2. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды. 3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. 4. Үйге тапсырма: х және у мәнін табыңыз | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, білімі төмен оқушылардың басқалардан тәуелді болмауына класс оқушыларның сенімді болуы жоспарланған. | Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетемін. | Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?