Қасқыр

Қасқыр

Бөрі, қасқыр, серекқұлақ туралы мақал-мәтелдер топтамасы

Бөрі - бақауыл, түлкі - жасауыл.

Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан.

Бөрі азығы мен ұры азығы жолда.

Бөрі көмеді, түлкі ашады.

Бөрі кәрісін талайды.

Бөрі арығын білдірмес,
Итке сыртын қампайтар.


Бөрі баласын асырағанмен ит болмас.

Бөрік тастап бөріден қүтыла алмассың.

Орман бөрісіз болмас.

Жау жағадан алғанда,
Бөрі етектен алады.

Өлі бөріні ит аттамас.

Иттің ұлығанын бөрі естімес.

Қасқыр - ауыз, түлкі - құйрық.

Қасқыр қартайса да, қойға әлі келеді.

Қасқырдан қайрат кетсе,
Ешкіні «апа'», текені «жезде» дейді.

Қасқыр қарызын терісімен өтейді.

Қасқыр айдағанға көнбес,
Шошқа байлағанға көнбес.


Қасқырдың ойлағаны - арамдық,
Қойдың ойлағаны - амандық.

Қасқыр да қастық қылмайды жолдасына.

Қасқырдың күшігін қанша асырасаң да,
Тоғайға қарап ұлуын қоймайды.

Кәрі қасқыр қақпанға түспейді.

Кедей мен бай жолдас болмас,
Қасқыр мен қой жолдас болмас.

Қой терісін жамылған бөрі.

Бөлтірігін алма шуланның,
Шұрқан салар қораңа.

Қасқыр ұлып ұяласын шақырады.

Айқалай-айқалай, қасқырдан да ұят болды.

Қасқыр тойғанына емес, қырғанына мәз.


Иттің иесі болса, бөрінің тәңірі бар.

Қасқырдың жылағаны
Құдайдың құлағына жетпейді.

Қасқырлар ұлысып табысады.

Мықты қасқыр
Тай, құнанға шабады.
Мықыр қасқыр
Қозы, лақты қағады.


Қажетті сілтемелер:


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. Нысанбекова Назира
    3 + 0 -
    МАҚАЛ-МӘТЕЛ
    Ұры түн асқанша,
    Бөрі қыр асқанша.
    Түсіндірмесімен (комментарий)
    Қасқырдың бөлтірегін ұрласан, ол сенің баланды ұрлап кетеді.
    МАҚАЛ-МӘТЕЛ
    Қойға қасқыр шқаса,
    Жарланның жалғасын жейді.
    Түсіндірмесімен (комментарий)
    Қасқыр сенің қойынды жеп кетсе, ол емес сен кінәлі боласын. Бірақ ол қонның жарылқасын жейді.
    Болды. Мен тырысып жаздым. Сабақтарында жақсы оқындар. Мен тырысып. Салбол.
    ♡♡♡
    1. ZHARAR 29.11.2020 22:35
      5 + 1 -
      керемет
    2. олОлжас
      олОлжас 04.12.2020 04:39
      4 + 1 -
      жаксы жазылган