Басын тақырлап тастаған Нұрлан Еспанов жұртшылықты шошытты (фото)

Басын тақырлап тастаған Нұрлан Еспанов жұртшылықты шошытты (фото)

Танымал әнші Нұрлан Еспановтың "тақырбас" суретін көрген тыңдармандары оны "фантомасқа" теңеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Желіде әншінің "шашсыз" суреті жария болды.

Үнемі көңілді жүретін болмысымен ерекшеленетін Нұрлан бұл жолы да тыңдармандарына ерекше көңіл күй сыйлады. Ол желіге өзінің суретін салып, оқырмандарды күлкіге қарық қылды.

Басын тақырлап тастаған Нұрлан Еспанов жұртшылықты шошытты (фото)

Шашын тақырлап алып тастаған суретін салған әнші: "Съемкадамыз! Жана шаш үлгiсi!", - деп жазып қойды. Мұны көрген желі қолданушылары оны "фантомас" деп атады. Ал кейбірі әншіге бұл шаш үлгісі жараспайтынын айтса, екіншілері бұл "жай ғана маска" деп шуласа жөнелді.

"Басына жапсырып алған, шашын алмаған", "Не үшін шашыңызды алдыңыз, түу жаман", "Кеше ғана "Қош келдіңіз" бағдарламасында отыр еді ғой, шашы жалбырап", " Қойшы, маска ғой. Көрініп тұр ғой. Құлағының жанын дұрыстап қарасаңдаршы",, "Фантомас" - деп жазды олар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!