Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару. Математика, 6 сынып, презентация.


Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару

6 сынып

Математиканың түсінікті болған 10 беті түсінбей жаттап алған жүз беттен артық

Юнг

Бейнебаян:

https://www.twig-bilim.kz/film/the-chase-6010/

Күтілетін нәтиже:

Мәтіндік есептерді теңдеулер жүйесін құру арқылы берілгендерді, олардың қасиеттерін пайдаланып шешу

Математикалық диктант:

Мәтінмен берілген мәліметті математикалық тілде жазыңыз.

 

х шамасы у-тен 5-кеартық;

х және у шамалары өзара тең;

у шамасы х-тен 2 есе аз;

х шамасы у-ке қарағанда 3-ке кем;

х және у сандарының қосындысы 32-ге тең;

х және у сандарының айырмасы олардың бөліндісінен 6 есе кіші;

х және у сандарының қосындысы олардың көбейтіндісінен 17 есе кіші.

Есепті жақсылап оқу

маңызды ақпарат пен түйінді сөздерді бөліп алу не нақтылау

айнымалыларды анықтау

теңдеулер жүйесін жазу

оны шешу

жауапты жазу

алдымен сұрақты, сосын жауапты оқу. Мәні бар ма? Тексеріңіз.

Математикалық теңдеуді оқыңыз.

1. y=x-2

2. x+y=5

3. x=4y

4. 2x=y-3

Дескрипторлар:

- кемінде бес мәтінді математикалық тілде жаза алады;

- кемінде үш математикалық тілде жазылған теңдеуді оқи алады.

«Автобус аялдамасы» жұптық дидактикалық ойыны

«Дүкен» аялдамасы

«Мектеп» аялдамасы

«Ферма» аялдамасы

«Саяхатшылар» аялдамасы

«Музыка мектебі» аялдамасы

Әр жұп өз маршрутын құрады

Майра 3 банан , 2 тоқаш үшін 135 тг төледі. 1 банан 1 тоқаштан 20 тг қымбат.

1 бананның бағасы неше теңге?

1 тоқаштың бағасы неше теңге?

«Дүкен» аялдамасы

Екі санның қосындысы 58- ге тең. Бірінші сан екінші саннан 8- ге артық. Осы сандарды табыңыз.

«Мектеп» аялдамасы

«Ферма» аялдамасы

Асхат фермадағы лақтардың және тауықтардың аяқтарын санағанда, барлығы 46 аяқ болды. Олардың бастарын санағанда, барлығы 17 болды. Фермадағы лақтар мен тауықтар санын анықтаңыз.

Саяхатшылар 1 сағ қайықпен, 1,5 сағ катермен жүзіп, 42 км қашықтыққа барды. Катердің жылдамдығы қайықтың жылдамдығынан 4 есе артық. Қайықтың жылдамдығын табыңыз. Катердің жылдамдығын табыңыз.

«Саяхатшылар» аялдамасы

Хорға қатысқан ұлдардың ширегі, қыздардың үштен бір бөлігі өлеңді айқайлап айтты. Қалғандары жәй айтты. Өлеңді айқайлап айтқан қыздар мен ұлдар саны 8. Өлеңді айқайлап айтқан қыздардың ұлдардан 2-уі артық. Хорға неше ұл, неше қыз қатысты?

«Музыка мектебі» аялдамасы

Есептің шартына сәйкес белгілеулерді қолданады;

Есептің шартына сәйкес өрнек құрады;

Теңдеулер жүйесін құрады;

Құрылған теңдеулер жүйесін шешеді;

Есептің жауабын дұрыс анықтайды.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар парақшаға график сызады. Оны көршісі бір парақ қағазды төбесіне қойып, көршісіне қарап отырып мұрнымен ауада графикті салады.

Сергіту сәті.

Жұптасып орындаңыз

Сабақты қорытындылау

Рефлексия

«Сөйлемді жалғастыр» (дәптерге жазады).

Бүгінгі сабақта ... білдім

үйрендім

қиындықтар туындады

әлі де жұмыс жасауым керек

маған қызық болды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу