Трапеция. Трапецияның түрлері мен қасиеттері. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал, 1 сабақ.
«Автобус аялдамасы» стратегиясы. Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әрі қарай әрбір «аялдамада» 5 минуттың ішінде тапсырма орындайды. Кейіннен, жауап парақтары тақтаға ілініп, оқушылар бір бірін тексереді.
Тапсырма1. Трапецияның бүйір қабырғасы үш тең бөлікке бөлінген, және осы нүктелер арқылы екінші бүйір қабырғасынан өтетін және трапеция табандарына паралель болатын кесінділер өткізілген. Трапеция табандары 2 м және 5 м болса, осы кесінділердің ұзындықтарын табыңыз.
Жауабы: 3м, 4м.
Тапсырма 2.Трапеция қарама қарсы жатқан бұрыштарының айырмасы 400-ке тең болса, табан бұрыштарын табыңыз
Жауабы: 700, 1100.
Тапсырма 3. Теңбүйірлі трапецияның доғал бұрышынан жүргізілген биіктік үлкен табанын 6 см және 30 см кесінділерге бөлсе, трапецияның табандарын табыңыз.
Жауабы: 42 см, 30 см.
Тапсырма 4. Теңбүйірлі трапецияның үлкен табаны 2,7 м, бүйір қабырғасы 1м және олардың арасындағы бұрышы 600 –қа тең. Кіші табанын табыңыз.
Жауабы: 1,7 м.
Тапсырма5.Теңбүйірлі трапецияның табан бұрыштары тең болатынын дәлелдеңіз.
Тапсырма 6.Трапецияның кіші табаны бүйір қабырғасына тең, ал диагональ бүйір қабырңасына перпендикуляр. Трапецияның бұрыштарын табыңыз.
Жауабы: 300, 1500.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?