Трапеция. Трапецияның түрлері және қасиеттері. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал 3, 3 сабақ.


 3 сабаққа әдістемелік нұсқаулықтар

 «Трапеция. Трапецияның түрлері мен қасиеттері»

 

 Оқу мақсаты:

 8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу;

 

 Сабақты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.

Сабақты төртбұрыштардың қасиеттерін қайталаудан бастауға болады. Оқушылар дайын сызбалар арқылы есептер шығарады. Мұғалім кері байланыс береді.

Оқушыларға сыни ойлауға бағытталған тапсырмаларды ұсынуға болады. Мұғалім әртүрлі төртбұрышттардың сызбаларын ұсынады: параллелограмм, шаршы, тіктөртбұрыш, ромб, трапеция. Оқушыларға суреттерді екі топқа бөлуге және бұл таңдауды түсіндіруге беріледі. Мұғалім кері байланыс жүргізіп, «параллелограмм» және «трапеция» терминдерінің пайда болуын түсіндіреді. Трапецияның анықтамасын және түрлерін беру.

Сыныпты шағын топтарға бөліп, теңбүйірлі трапецияның қасиеттерін зерттеуге тапсырмалар ұсынуға болады. Мұғалім топтардың жұмыстарын бағалайды. Зерттеу тақырыптары:

1. Теңбүйірлі трапецияның бұрыштарын зерттеу.

2. Теңбүйірлі трапецияның диагоналдарын зерттеу.

Мұғалім топтардың жұмыстарын бағалайды.

Зерттеу нәтижелерін тыңдап, талқылап , тақтаға, дәптерге жазу керек.

Бұл тапсырма оқушылардың трапеция тақырыбы бойынша білімін тереңдетуге және тілдік мақсаттарды меңгеруге көмектеседі.

 

 Оқушылардың жетістікерін бағалау

  «Құмырсқаның илеуі» жаттығуының көмегімен бағалау. Оқушылар стикерде оларға жаңа тақырып бойынша түсініксіз болып қалған сұрақты жазады. Егер де оқушыларда қиыншылықтар кездеспесе, олар өзінің сыныптастарына қызықты сұрақтар ойлап табуы мүмкін. Тапсырманы орындағаннан кейін оқушылардың жауап деңгейіне байланысты кері байланыс жүргізіледі.

 Жауаптар

 Қосымша 2

 Қосымша 4

  • CD = 10, AB = 16, PABCD = 44.
  • DC = 12, PABCD = 84.
  • AB = CD = 34, PABCD = 132.
  • AD = 8, PABCD = 20.
  • AD = BC = 6, PABCD = 34.
  • AB =, бұдан AE = 7, AD = 25, PABCD =84.
  • AD = 13, AM = 5, PABCD = 62.

 

 Қолданылған әдебиеттер:

 

  •  Атанасьян Л.С. геометрия 7-9 классы. Просвещение 2018г.
  •  Ершов А.П. геометрия. Сборник заданий для тематического и итогового контроля. 8 класс: пособие для шк. с углубл. изучением математики – М. : Илексия, 2010.
  •  Ершов А.П., Голобородько В. Геометрия. 8 класс. – М.: Ранок, 2010. – 182 с.
  •  Бутузов В.Ф., Кадомцев С.Б., Прасолов В.В. Геометрия 8 класс. Просвещение 2018.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу