Трапеция. Трапецияның түрлері және қасиеттері. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 3 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар: 8.1 B Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу | Мектеп: | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сынып: |
| |||||||
Сабақтың тақырыбы | Трапеция. Трапецияның түрлері және қасиеттері | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін, қасиеттерін білу | |||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: әртүрлі төртбұрыштардың қасиеттері бойынша, есептердің шешімін дәлелдеуде, қорытындылар жасауда, дәлелдемелі пікірлер бойынша өз ойын қоса алады. кесіндіні тең (пропорционал) кесінділерге бөлуді сипаттай алады; есептерді шешуде пәндік лексиканы және терминологияны қолдана алады. Төртбұрыштардың ұқсасықтары мен айырмашылықтарын ауызша белгілеу. Жазбаша түрде сұрақтарды тұжырымдау. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Трапеция, трапецияның табандары, трапецияның бүйір қабырғалары, трапецияның бұрыштары, трапецияның диагоналдары, трапецияның биіктігі, тіктөртбұрышты трапеция, теңбүйірлі трапеция Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Трапеция деп ........... төртбұрыштарды айтады. Егер...... онда трапецияны теңбүйірлі деп атайды. Бір бұрышы ....... трапецияны ..... деп атайды. | |||||||
Құндылықтарды дарыту
| Ұсынылған сабақ академиялық адалдық, шыншылдық, командада жұмыс істей білу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағытталған. Құндылықтарды дамыту топта жұмыс жасау ережелерін айқындаумен, қабілеті төмен оқушыларға көмек көрсетумен жүзеге асады. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Электрлық импульстары қарастырылғанда физикамен байланыс | |||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сабақтарда қарсы жатқан қабырғалары параллель болатын төртбұрыштардың түрлерін қарастырды. Оқушылар алдыңғы сабақтарда қарсы жатқан қабырғалары қос қостан параллель болатын төртбұрыштарды қарастырды. Оқушылар параллелограмм және олардың түрлерінің айырмашылықтарын, «параллель қабырғалары», «табаны», «биіктігі», «диагоналдары» ұғымдары негізінде түсінеді. Бастапқы білімді белсендендіру оқушылар төртбұрышты сызу және салыстырудан тұратын топтық жұмыста жүргізіледі. | |||||||
Сабақтың барысы | ||||||||
Сабақтағы жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурсы | ||||||
Басталуы 0-7 мин 7-8 мин 8-10 мин | 1. Материалды қайталау оқушылардың білімін белсендіру мақсатында жүрігізіліп, тақтада дайын сызбалармен ауызша жұмыс жүргізіледі. Әрбір топ 8.1.1.7 Фалес теоремасын білу және қолдану оқыту мақсаты бойынша алған білімдерін көрсетеді. Бағалау критерийлері:
Мұғалім төртбұрыштардың жалпы ұқсастықтарына назар аударып, орындалған тапсырмаларға кері байланыс жасайды. 2. Белсендендіру . Оқушылар сыни ойлауды дамытатын тапсырмаларды орындайды. Мұғалім әртүрлі төртбұрышттардың сызбаларын ұсынады: параллелограмм, шаршы, тіктөртбұрыш, ромб, трапеция. Оқушыларға суреттерді екі топқа бөлуге және бұл таңдауды түсіндіруге беріледі. Мұғалім кері байланыс жүргізіп, «параллелограмм» және «трапеция» терминдерінің пайда болуын түсіндіреді. 3.Мақсат қою. Оқушылармен бірігіп сабақтың мақсаты анықталады:
| Постерлер, маркерлер Қосымша 1 | ||||||
Сабақтың ортасы 10-17 мин 17-20 мин 20-30 мин 30-36 мин | 4. Трапецияны анықтамасын мұғалімнің түсіндіруі. Ақпаратты меңгеру процессі, оқушылар оны кесте түрінде талдап, синтездейді. Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрышты трапеция деп атаймыз. Трапецияның параллель қабырғалары оның табандары , ал қалған екі жағы бүйір қабырғалары деп аталады. Бір бұрышы тік болған трапеция, тікбұрышты трапеция деп аталады. Екі бүйір қабырғасы тең трапеция, тең бүйірлі трапеция деп аталады. 5. Бекіту. Оқушылар трапецияның элементтері мен түрлерін айқындайды.
Бағалау критерийлері : 1. Трапецияның элементтері дұрыс табылған. 2. Трапецияның түрі дұрыс анықталған. Қабілеттері жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі. Оқушылар трапецияның түрлері мен элементтерін өздері атап шығады. Теңбүйірлі трапецияның қасиеттерін зерттеу. Сыныпты шағын топтарға бөліп, төмендегідей тапсырмалар беру керек: 1. Теңбүйірлі трапецияның бұрыштарын зерттеу. 2. Теңбүйірлі трапецияның диагоналдарын зерттеу. Зерттеу нәтижелерін тыңдау, пікірталасу, тақтаға, дәптерге жазу. Тең бүйірлі трапецияның қасиеттері 1. Теңбүйірлі трапецияда табан бұрыштары тең. 2. Теңбүйірлі трапецияның диагоналдары тең. Теңбүйірлі трапецияның белгілерін қарастыру Тапсырма: - Теңбүйірлі трапецияның қасиеттеріне қарама қайшы анықтаманы тұжырымдап, оның шынайылығын анықтаңыз. Теңбүйірлі трапецияның белгілері: 1. Егер трапецияның табанындағы бұрыштары тең болса, ол тең бүйірлі трапеция. 2. Егер трапецияның диагоналдары тең болса, она ол теңбүйірлі трапеция. 6. Есепті шығару. Трапецияның анықтамасын дайын сызбарадың негізінде әртүрлі есептерді шешуде қолдану. Есепті бағалау крийтерийлері: 1. Трапецияның элементтері анықталды. 2. Трапецияның белгісіз элементтері көрсетілді. Сабақты түсінбеген оқушыларға кеңес беру түрінде көмек көрсетіледі. 7. Оқу мақсаттарына қол жеткізу деңгейін бағалау «Құмырсқаның илеуі» жаттығуының көмегімен бағалау. Оқушылар стикерде оларға жаңа тақырып бойынша түсініксіз болып қалған сұрақты жазады. Егер де оқушыларда қиыншылықтар кездеспесе, олар өзінің сыныптастарына қызықты сұрақтар ойлап табуы мүмкін. Тапсырманы орындағаннан кейін оқушылардың жауап деңгейіне байланысты кері байланыс жүргізіледі. | Презентация; Карточкалар (Қосымша №1, 2) Геометрия 8 сынып Атанасьян Қосымша 3 Стикерлер | ||||||
Сабақтың соңы 36-40 мин | 8. Рефлексия Мұғалім олардың жетістік деңгейін талқылау арқылы сабақтың мақсатына қайта оралады. Сабақты ары қарай жоспарлау үшін оқушыларға келесі сұрақтар қойылады: - не білдің, не үйрендің; - қандай сұрақтар түсініксіз болып қалды; -қандай бағытта жұмыс жасау керек? Сұрақтар жазбаша немесе ауызша талқылануға болады. Оқушылар өзінің және сыныптастарының жұмысын белгіленген критерийлер бойынша бағалай алады. | Стикерлер | ||||||
Дифференциация – қандай жолмен Сіз қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілет деңгейі неғұрлым жоғары оқушыларға қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||
Материалды қайталау кезеңінде оқушылар оқу материалын баяндаудың өз деңгейін таңдап, топтарға бөлінеді: білім, түсіну және қолдану (сурет), талдау (анализ және суреттерді салыстыру). Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі типтеріне сәйкес оқу ақпараты ұсынылады. Бекіту кезеңінде білім деңгейі төмен оқушыларға әртүрлі тапсырмалар беріледі. | Мақсат қою кезеңіндегі диагностикалық бағалау жақын даму аймағын анықтау негізінде жүргізіледі. Түсіну кезеңінде оқушылар салыстырылатын объектілердің дағдыларын бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер бойынша бағаланады. | Оқушылар сыныпта топтық жұмыс кезінде және жаттығуларды орындағанда қозғалыс барысында қауіпсіздікті сақтау шараларын қадағалау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?