Трапеция, оның түрлері және қасиеттері. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал 3, 1 сабақ.


 №1 сабаққа әдістемелік нұсқаулық

 тақырыбы/бөлімшесі «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу»

 «Трапеция» бөлімі

 

 Сабақтың тақырыбы: Трапеция, оның түрлері және қасиеттері

 

 Оқу мақсаты:

 8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу

 Бұл сабақта оқушылар трапеция ұғымымен, оның түрлерімен, қасиеттерімен танысады. Қасиеттерін қолданып есептер шығарады.

 

 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға нұсқаулық

 Сабақтың басында өткен тақырыптарды қайталауға арналған жұмыс жүргізіледі. Ол үшін оқушылар мұғалімнің берген кестесінің сәйкес ұяшығына «+» таңбасын қояды, кейін тақтадағы дұрыс жауап арқылы өзін-өзі бағалайды.

 Жаңа материалды бастамас бұрын оқушыларға «Тек қана екі қабырғасы параллель болатын АВСД төртбұрышын салыңдар» деген тапсырма беріледі. Оқушылар суретті салып болған соң суреттерін көрсетеді. Ары қарай сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады. Трапецияның анықтамасына, сызбасына, элементтеріне тоқталынады.

 Кейін мұғалім оқушыларды екі түрлі шағын топтарға бөліп оларға зерттеу жұмыстарын ұсынады, топта тапсырманы талқылап болған соң бірдей тапсырма орындаған топтар бірігіп, қорытынды жасайды. Әрбір топтан бір оқушы топтың қорытындысын айтады. Мұғалім слайдтағы теңбүйірлі трапецияның қасиеттерін көрсетеді. Оқушылар дәптерлеріне жазып алады.

 Бекіту тапсырмасы ретінде оқушылар «Автобус аялдамасы» ойынын ойнайды. Оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Әрі қарай әр аялдамада тапсырмаларды орындайды. 1-аялдамадағы тапсырманы аяқтаған соң қабырғадағы дұрыс жауаппен тексереді, кейін мұғалім топтың кез келген мүшесіне қалай шығарғандарын сұрау арқылы келесі аялдамаға өтуге жолдама береді. Келесі аялдамаға өту үшін кез келген оқушыдан есептің шешімі сұралатынын мұғалім алдын-ала ескерткені жөн. Сонда тапсырманы орындауға оқушылардың барлығы белсенді араласады. Сонымен бірге әрбір аялдамадағы тапсырма деңгейлері де әртүрлі 1-ші аялдаманың тапсырмалары - оңай, 2-аялдаманікі – орташа, 3-сі – күрделі. Оқушылар топта жұмыс жасау арқылы бір-бірлеріне қолдау көрсете алады. Сыныптың деңгейіне қарай мұғалім тапсырма санын азайтуға болады.

 

Қосымша тапсырмалар

  • Сүйір бұрышы 380 болатын тік бұрышты трапецияның доғал бұрышын табыңыз.

Жауабы: 1420

  • Тең бүйірлі трапецияның кіші табаны 4 м, биіктігі мен үлкен табанында қиылатын кесіндісінің кішісі 3 м-ге тең. Трапецияның үлкен табанын табыңыз.

Жауабы: 10 м

  • Тең бүйірлі трапецияның табандары 6 м және 10 см. Трапецияның доғал бұрышы 1200. Трапецияның периметрін табыңыз.

Жауабы: 24 см

  • Трапецияның биіктігі 4 см, ал үлкен табанындағы бұрыштары 300 және 450. Трапецияның бүйір қабырғаларын табыңыз.

Жауабы: және 8

  • Табандары АД мен ВС болатын, ал болатын АВСД трапециясының В мен Д бұрыштарын табыңдар.

Жауабы:

 

Қажетті сілтемелер мен әдебиеттер тізімі

 Ә.Н.Шыныбеков. Геометрия. Жалпы білім беретін мектептердің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2012.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу