Фалес теоремасы. Пропорционал кесінділер. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Математика Тоқсан 1 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 8.1В бөлім: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу | Атырау қаласы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Изтелеуова Г.Д. | |||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы: | Фалес теоремасы. Пропорционал кесінділер. | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.1.7 Фалес теоремасын біледі және қолданады; 8.3.1.8 пропорционал кесінділер туралы теореманы біледі және қолданады; 8.3.1.9 циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні бірдей n бөлікке бөледі, пропорционал кесінділерді салады; | |||||||
Сабақ мақсаттары | Фалес теоремасын және пропорционал кесінділер туралы теореманы біледі және қолданады; циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні бірдей n бөлікке бөледі, пропорционал кесінділерді салады; | |||||||
Бағалау критерийлері | Фалес теоремасын біледі;Фалес теоремасын есептер шығаруда қолданады; Пропорционал кесінділер туралы теореманы біледі; Пропорционал кесінділер туралы теореманы есептер шығару барысында қолдана алады; Циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні бірдей n бөлікке бөледі; | |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқытудың тілдік мақсаттары: Оқушылар: -төртбұрыштардың әр түрінің қасиеттерін қорытып шығару жолын дәлелдеп, түсіндіреді; - есеп шығаруды дәйектейді; - кесіндіні тең(пропорционал) кесінділерге бөлу жолын түсіндіреді; - бөлім бойынша лексика мен терминологияны есеп шығаруда қолданады. Бөлім бойынша лексика мен терминология: - көпбұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрыш, жетібұрыш, сегізбұрыш, тоғызбұрыш, онбұрыш; - дұрыс көпбұрыш; дөңес, дөңес емес көпбұрыш; - көпбұрыштың бір қабырғасына іргелес бұрыштар; - параллелограмм, ромб,тіктөртбұрыш,квадрат, трапеция; - трапецияныңтабандары және бүйір қабырғалары; -тікбұрышты трапеция; теңбүйірлі трапеция; диагональ; -пропорционал кесінділер; - үшбұрыштың орта сызығы; трапецияның орта сызығы. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - берілген фигура көпбұрыш болып табылады, ...; - көпбұрыш дөңес болады, себебі...; - көпбұрыш дұрыс болады, егер ...; - берілген n- бұрыштыңn ... болады; - төртбұрыштың диагональдары өзара перпендикуляр болады,егер ...; - параллелограмның қарама-қарсы бұрыштары ...; - ромбының қабырғалары тең болғандықтан, оның периметрі ...; - параллелограмм бұрышының биссектрисасы одан ... қияды; -параллель түзулер ...қияды; | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту.бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау | |||||||
Тәрбиелік мағына «Мәңгілік ел» | Дұрыс шешім қабылдау үшін, қоғамдық өмірге қатысу үшін шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Бұл бөлімде алған білім «Аудан» бөлімін оқығанда жетік меңгеруге негіз болады, «Стереометрия» бөлімін түсінуге көмектеседі. | |||||||
АКТ қолданудағдылары | Power Point презентациялары арқылы сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларының дамыту. | |||||||
Бастапқы білім | Үшбұрыштардың теңдік белгілерін білу; теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін білу; түзулердің параллельдік белгілері мен түзулер мен қиюшы арасындағы бұрыштардың қасиеттерін білу.Үшбұрыштардың теңдігін және түзулердің параллельдігін дәлелдей білу. | |||||||
Сабақтың түрі | Жаңа ұғымды меңгерту. | |||||||
Сабақбарысы | ||||||||
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері | ||||||||
1-сабақ. Сабақтың басы 3 минут | I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру. | Ресурстар | ||||||
20 минут 15 минут 2 минут 7 минут 12 минут 3 минут 12 минут 3 минут | ІІ. Жаңа ұғымды ұғындыру: Циркуль мен сызғыштың көмегімен кесінліні тең екі кесіндіге бөлу есебі бізге 7- сыныптан таныс. Ал берілген кесіндіні екіден басқа да тең бөліктерге қалай бөлуге болады? Бұл сұраққа жауап беру үшін ежелгң грек математигі Фалес Милетскийдің (б.з.д. 625-547) теоремасын қолданамыз. Фалес теоремасы: Егер бұрыштың қабырғаларын қиатын параллель түзулер оның бір қабырғасында тең кесінділер қиса, онда олар екніші қабырғасында да тең кесінділер қияды. Пропорционал кесінділер туралы теорема Бұрыштың қабырғаларымен қиылысатын параллель түзулер бұрыштың қабырғаларында пропорционал кесінділер қияды.
ІІІ. Жалпы сыныпқа тапсырма: №1 Жароков көшесі мен Манас көшесінінің арасындағы 1 км болатын Тимирязев көшесінің бөлігін Әуезов көшесі тең екі бөлікке бөледі. Егер Жандосов көшесінің Әуезов көшесі мен Манас көшесінің арасындағы бөлігі Тимирязев көшесінің Әуезов көшесі мен Манас көшесі арасындағы бөлігінен екі есе үлкен және Жароков, Әуезов, Манас көшелері өзара параллель болса, Жандосов көшесінің Әуезов көшесінен Жароков көшесіне дейінгі бөлігінің ұзындығын тап. Жауабы:км №2 а және b параллель түзулері АОF бұрышының қабырғаларын қияды (суретті қараңыз). Егер ОС = 4 см, ВС = 6 см,DE = 9 см болса, онда OD кесіндісінің ұзындығын табыңдар. №3 l, nжәнеm параллель түзулері MAN бұрышының қабырғаларын қияды (суреттіқараңыз). Егер АВ = 4 см, CD = 8 см, В1С1 = 5 см, C1D1 = 6 см болса, онда АВ1 және BD кесінділерінің ұзындықтарын табыңдар. Кері байланыс. Бағалау. IV. Жеке жұмыс: №1 с және d параллель түзулері ВАС бұрышының қабырғаларын қияды (суретті қараңыз). Егер AD = 4 см, D1E1 = 16 см және DE = ADl болса, онда DE кесіндісінің ұзындығын табыңдар. Оқушыларға кесіндіні n бөлікке бөлу алгоритмі беріледі.
болатындай n рет қайталаңыз.
түзудерді жүргізіңіз. Фалес теоремасы бойынша АС кесіндісін тең n бөлікке бөлдік №2 Әрбір оқушыға кез- келген кесіндіні циркуль көмегімен тең кесінділерге бөлуді ұсынамыз .(біреуін өз қалауы бойынша салады)
Дескрипторлар:
Кері байланыс. Бағалау. Деңгейлік тапсырмалар: А деңшейі КОМ бұрышының ОК қабырғасына OC= 1,5 дм және CD =1,5 дм кесінділері, ОМ қабырғасына OE =2 дм кесіндісі өлшеп салынған. Егер CE|| DF ( F нүктесі OМ қабырғасында жатады) болса, OF кесіндісінің ұзындығын табыңыз. В деңгейі АВС үшбұрышының бір қабырғасы 2 см, 3 см және 5 см болатындай , ал екіншісі сәйкесінше 7 см, х см және у см болатындай етіп үш параллель түзумен қиылған х пен у-ті табыңыз Кері байланыс. Бағалау. | Оқу жоспары 8 сынып Фалес теоремасы «Геометрия» 8сынып Шыныбеков Ә.Н. Пропорционал кесінділер туралы теорема Геометрия: задачи на готовых чертежах для подготовки к ГИА и ЕГЭ: 7 – 9 классы/ Э.Н.Балаян. – Изд. –е, исправл. и дополн. – Ростов и/Д: Феникс, 2013. – 223с. – (Большая перемена). | ||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Үй жұмысы: №1 АВС үшбұрышының АВ қабырғасы 12 см. ВС қабырғасы 3 тең бөлікке бөлінген және бөлінген нүктелер арқылы АВ қабырғасына параллель түзулер жүргізілген. Үшбұрыштың қабырғалары арасындағы кесінділердің ұзындығын табыңыз. Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. (3 минут) *Бүгінгі сабақта сен үшін жаңалық болған материалдар болды ма?(қандай?)
| |||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? | Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы | ||||||
Талдау барысында қабілеті жоғары оқушыларға сыныпқа өз ойын толық түсіндіруді ұсыну, тапсырмалар бойынша туындаған тағы қандай мәселелер болу мүмкіндігін қарастыру. | Өзін өзі бағалау, ал жеке тапсырманы орындау өтілген жаңа ұғымның қаншалықты меңгерілгенін анықтап қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырып оқушы жетістігін анықтауға мүмкіндік береді. | Сыныпта жақсы жұмысқа бейімдейтін психологиялық климат және оқушыларға өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік туғызатын орта орнату. Кабинет ерекшелігін ескере отырып қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||
Сабақбойыншарефлексия Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? Оқушылардыңбарлығы ОМ қолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме? Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма? Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен? |
| |||||||
Жалпыбаға Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуғанеықпалетеалады (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)? 1: 2: Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарданегекөңілбөлуқажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?