Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат және олардың қасиеттері. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Сабақ тақырыбы: «Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат және олардың қасиеттері».
Оқу мақсаттары:
8.1.1.6 тіктөртбұрыш, ромб және квадрат анықтамаларын білу және қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару
Сабақтың барысы:
Бұл сабақ практикалық болып саналады, себебі бұның алдыңғы сабағында біз бұл тақырыпты түсіндірген болатынбыз. Теориялық мәліметтерді өткенбіз.
Теориялық материал
Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмм тіктөртбұрыш деп аталады.
Барлық қабырғалары тең параллелограмм ромб деп аталады.
Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш квадрат деп аталады.
Тіктөртбұрыш қасиеті:
Тіктөртбұрыш диагональдары өзара тең
Кері тұжырымды тіктөртбұрыш белгісі деп алайық
Егер параллелограммның диагональдары тең болса, ол параллелограмм - тіктөртбұрыш.
Ромб қасиеті:
Ромб диагональдары өзара перпендикуляр және бұрыштарын қақ бөледі.
Квадрат қасиеттері:
1) Квадраттың барлық бұрыштары тік
2) Квадраттың барлық қабырғалары тең
3)Квадрат диагональдары өзара тең, перпендикуляр, қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді және бұрыштарын қақ бөледі
Тақырып бойынша есептер шығару
Өткен сабақта теориялық материаал толықтай берілген. Бүгін сол өткен тақырыпты бекіту сабағы.
Есептерді презентация етіп тақтадан да көрсетуге болад, үлестірме ретінде таратқан уақытты үнемдейді әрі денсаулықтарына жақсы әсер етеді.
Жекелеме жұмыс.
Ең алдымен жекелеме тапсырма өткен тақырып бойынша тест алынады.
Тестің кілтін беру арқылы оқушылар өздерін өздері бағалайды (Қосымша 1).
Қосымша 1
Дидактикалық материалдар
Тест
«Параллелограмм. Тіктөртбұрыш. Ромб. Квадрат»
1. Қай фигура келесі қасиеттерге ие?
- барлық бұрыштары тең;
- диагональдары тең;
-диагональдары тік бұрыш жасап қиылысады және сол фигураның бұрыштарының биссектрисалары боп табылады?
А. Тіктөртбұрыш Б. Ромб В. Квадрат Г. Параллелограмм
2. Барлық қабырғалары өзара тең тіктөртбұрыш –
А. Тіктөртбұрыш Б. Ромб В. Квадрат Г. Параллелограмм
3. Төбелері тіктөртбұрыштың қабырғаларының ортасында болатын тіктөртбұрыш:
А. Кез келген параллелограмм Б. Тіктөртбұрыш В. Ромб Г. Квадрат
4. Қандай екі тең үшбұрыштан квадратты құрастыруға болады?
А. Тікбұрышты Б. Дұрыс В. Теңбүйірлі Г. Теңбүйірлі тік бұрышты үшбұрыш.
5. Ромбтың бір диагоналі оның бір қабырғасына тең. Ромбтың бұрыштары:
А. 30°, 60°, 30°, 60° Б. 45°, 45°, 135°, 135° В. 60°, 60° , 120°, 120° Г. 30°, 150°, 30°, 150°
6. Параллелограммның екі бұрышының қосындысы 134°. Оның бұрыштарын табыңыздар.
А. 134°, 134°, 46° 46° Б. 67°, 67°, 113°, 113° В. 67°, 67°, 134°, 134° Г. 67°, 113°, 134°, 46°
7. Тіктөртбұрыштың диагональдарының қиылысу нүктесінен оның қабырғаларына түсірілген перпендикулярлардың ұзындықтары сәйкесінше 3 см және 5 см. Тіктөртбұрыштың периметрін табыңыз.
А. 16см Б. 24см В. 32см Г.
8. Параллелограммның периметрі 36 см. Оның бір қабырғасы 12см. Қалған қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз.
А. 12, 12, 6, 6 Б. 12, 18, 12, 6 В. 12, 6, 10, 8 Г. 12, 12, 8, 8
9. Ромбтың доғал бұрышының төбесінен түсірілген биіктігі оның қабырғасын қаққа бөлееді. Робмтың бұрыштарын табыңыз.
А. 60°, 60°, 120°, 120° Б. 45°, 45°, 135°, 135° В. 90°, 90° , 90°, 90° Г. 30°, 30°, 150°, 150°
Жұптық жұмыс
Оқушыларға жұптық жұмыс түрінде ұсыныңыз. Жұп мүшелері екі нұсқаны да орындайды. Сызбасын салып, әр қабамды айшықты етіп жазып көрсетуі тиіс.
Әр шығарылған тапсырмасын жұбымен талқылап, шығарылуын тақтаға жазып, сыныптағы басқа оқушыларға түсіндіруін талап етіңіз.
Шығарған оқушының жұмысын сынып оқушыларына бағалатып көріңіз.
Өздерін өздері бағалау арқылы оқушының есепті шығара алу дағдысын ғана емес, оның сөйлей алу және ғылыми терминдарді тиімді қолданып, басқа оқушыға жеткізе алу дағдыларын да бағалаған абзал (қосымша 2).
Жауабы:
1 нұсқа
- Диагональ 24 см.
- 10 см, 14 см.
- нұсқа
- 42 см.
- 6 см.
Рефлексия
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Сабақ несімен маған ұнады?
Өзім және болашақ өмірім үшін мен қандай дағды қалыптастырдым?
Қандай кемшіліктерім бар: білімім де ме, әлде сөйлеуімде ме?
Үй тапсырмасы: 3-нұсқа. Қосымша 2
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?