Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат және олардың қасиеттері. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу | Мектеп: НЗМ Семей қаласы | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Чултуков Н.С. | ||||||
Класс: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат және олардың қасиеттері | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.1.6 тіктөртбұрыш, ромб және квадрат анықтамаларын білу және қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар біледі: - тіктөртбұрыш, ромб және квадрат анықтамаларын; - тіктөртбұрыш, ромб және квадрат қасиеттері мен белгілерін; қолдана алады: - тіктөртбұрыш, ромб және квадрат қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде. | ||||||
Бағалау критерийлері | - тіктөртбұрыш қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолданады; - ромб қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолданады; - квадрат қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолданады. | ||||||
Тілдік мақсаттар | - төртбұрыштың диагональдары өзара перпендикуляр болады,егер ... ; - ромбының қабырғалары тең болғандықтан, оның периметрі ... ; - параллелограмм бұрышының биссектрисасы одан ... қияды; | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар жұппен, топпен және бірінің жауабын бірі тексеру арқылы бір-біріне деген құрмет, түсіністік дағдыларын дамытады. | ||||||
Бастапқы білім | Дөңес көпбұрыштардың анықтамасы, параллелограммның анықтамасы, белгілері | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. Сұрақ жауап: 1) Қандай төртбұрыш параллелограмм деп аталады? 2) Параллелограммынң қандай қасиеттерін білесіңдер? 3) Параллелограмм белгілерін айт. Тағы да басқа сұрақтар қоюға болады. | Слайд № 1-4 | |||||
10 мин | Жекелеме жұмыс Тақырып бойынша есептер шығару Өткен сабақта теориялық материаал толықтай берілген. Бүгін сол өткен тақырыпты бекіту сабағы. Есептерді презентация етіп тақтадан да көрсетуге болад, үлестірме ретінде таратқан уақытты үнемдейді әрі денсаулықтарына жақсы әсер етеді. Ең алдымен жекелеме тапсырма өткен тақырып бойынша тест алынады. Тестің кілтін беру арқылы оқушылар өздерін өздері бағалайды. | Қосымша 1 Слайд №5 | |||||
20 мин | Жұптық жұмыс Оқушыларға жұптық жұмыс түрінде ұсыныңыз. Әр шығарылған тапсырмасын жұбымен талқылап, шығарылуын тақтаға жазып, сыныптағы басқа оқушыларға түсіндіруін талап етіңіз. Шығарған оқушының жұмысын сынып оқушыларына бағалатып көріңіз. Өздерін өздері бағалау арқылы оқушының есепті шығара алу дағдысын ғана емес, оның сөйлей алу және ғылыми терминдарді тиімді қолданып, басқа оқушыға жеткізе алу дағдыларын да бағалаған абзал. | Қосымша 2 Слайд №6 | |||||
Сабақ соңы 5 мин | Рефлексия Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Сабақ несімен маған ұнады? Өзім және болашақ өмірім үшін мен қандай дағды қалыптастырдым? Қандай кемшіліктерім бар: білімім де ме, әлде сөйлеуімде ме? Үй тапсырмасы 3-нұсқа. Қосымша 2 | Слайд № 7
| |||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||
Тест барлық оқушыға міндетті стандарттық білім. Ал жұппен атқарылған жұмысты орындау үшін әртүрлі деңгейлі аралас топ құрылады. Сөйтіп, бір біріне көмектесе, ақылдаса отырып тапсырманы орындайды. | Тест тапсырмасын бағалауда бірін бірі бағалайды да, жұбына жағымды атмосфера қалыптастыру үшін жақсы пікір береді, тіпті, жұбы өте төмен ұпай жинаса да. | Үлестірме парақтармен жұмыс жасауға назар аударылады. Неғұрлым электронды тақтаны аз уақыт қолдануға тырысу. Денсаулыққа көңіл бөлу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?