file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Параллелограмм және оның қасиеттері мен белгілері. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу

Мектеп: НЗМ Семей қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Чултуков Нартай Советханович

Класс: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Параллелограмм және оның қасиеттері мен белгілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.3 параллелограмм анықтамасын білу;

8.1.1.5 параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану;

 Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:

  • параллеограммның анықтамасын қорытып шығарады;
  • практикалық тапсырмалар орындайды;
  • практикалық жұмыстардың нәтижелерін салыстырып, талдай отырып параллеограммның қасиеттерін қорытып шығарады;
  • параллеограммның қасиеттерін қорытады және дәлелдейді;

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

біледі:

  • параллеограммның анықтамасын, белгілерін

істей алады:

  • геометриялық фигураларды таниды, олардың арасынан параллелограмды ажыратады, суретін сала алады;
  • үшбұрыш теңдігінің белгілерін дәлелдеуде қолдана алады;
  • геометриялық терминдерді есеп шығаруда қолдана алады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • топта жұмыс істеу кезінде теориялық материалды ғылыми тілде негіздей алатын болады;
  • өзінің әрекетін сипаттап, қорытынды жасайтын болады;
  • ауызша өз жауабын ғылыми тілде еркін жеткізетін болады;

Пәндік лексика және терминология:

  • параллельдік, қабырғалардың теңдігі;
  • төртбұрыш, параллелограмм;
  • қарама-қарсы, іргелес қабырғалар;
  • қарама-қарсы, іргелес бұрыштар;
  • диагональдар.

Диалогқа және жазуға қажетті кейбір пайдалы тіркестер:

  • Егер ... , онда ...
  • Параллеограммның анықтамасы, параллеограммның белгілері.

Құндылықтарды дарыту

Жұппен және топпен жұмыс жасау арқылы оқушылар өзін және өзгені құрметтеуді үйренеді. Оқушыларды ашықтыққа үйрету - оқушылардың өз деңгейлерін нақты бағалауды және оқу мақсаттарын қаншалықты игергендігін дәл айқындауды дағдыларын ұштайды.

 Пәнаралық байланыс

Практикалық тапсырмаларды орындау арқылы шынайы өмірмен байланыстыру.

Бастапқы білім

Үшбұрыштардың теңдігінің белгілері, параллель түзулерді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштардың қасиеттері

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 15 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Тірек білімдерді белсендендіру

Тірек материалдарды ауызша қайталау. Қосымша 1.

Сөйлемдерді ұсыныңыз (толықтыру керек).

- Егер а және b түзулері параллель және оларды қиюшымен қиса, онда ондағы айқыш бұрыштар …

- Егер а және b түзулері параллель және оларды қиюшымен қиса, онда ішкі тұстас бұрыштар …

- Егер үшбұрыштың үш қабырғасы екінші бір үшбұрыштың үш қабырғасына тең болса, онда …

- Үшбұрыштар тең болады, егер олардың екі қабырғасы және ...

- Егер үшбұрыштың бір қабырғасына іргелес екі бұрышы сәйкесінше … болса, онда …

Көпбұрыштардың суреттерін көрсету:

Ауызша тапсырма:

- әр көпбұрыштағы қарама-қарсы қабырғаларды көрсету;

- қарама-қарсы бұрыштарды көрсету;

- ұқсас көпбұрыштарды көрсету, олардың қалай ұқсайтындығын сөзбен жеткізу?

Болжам: Берілген көпбұрыштардың арасынан параллелограммды көрсетіңіз:

Қалай ойлайсыз: неге?

Барлық төртбұрыштарды үш топқа бөлуге болады:

  • Кезкелген төртбұрыш, параллель қабарғалары жұбы мүлдем жоқ.
  • Трапеция – екі қабырғасы парллель, қалғанекеуі параллель емес.
  • Параллелограмм – екі жұп папраллель қабырғалары бар.

Сұрақ: Бұл затпен бүгін не жасамақпыз?

Жауап: Анықтамасын береміз, қасиеттерін танып, білеміз..

Оқушылармен бірлесе отырып сабақ тақырыбын, мақсатын және дамудың жақын аймағын айқындау.

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

16 - 27 мин

Жұппен жұмыс. Сыныпты әрдеңгейлі топтарға бөлу.

Төртбұрыштардың модельдерін үлестіру.

Практикалық жұмыс. Қосымша 2.

Учитель наблюдает ход работы, организовывает ликвидацию затруднений.

Создает условия, обеспечивающие вдумчивую, осмысленную работу ученика на уроке.

Қосымша 2.

Сабақтың ортасы

28-32 мин

Ұжымдық жұмыс.

Параллеограммның белгілері теоремаларын қорытып шығару.

-мұғалім «белгі» сөзінің мағынасын түсіндіреді. (бір ұғымды екінші бір ұғымнан ажырату үшін айтылатын ереже, немесе затты танып-білдің ерекшелік қасиеттері).

- «кері теорема» дегеніміз не? (Kері теорема - берілген теореманың шарты қортындысы болатын, ал қортындысы шарты болатын теорема берілген теоремаға кері теорема деп аталады).

Кестеден қорытынды ойларды келесі сөздерден бастап жазамыз:

«Егер төртбұрыш паралллограмм болса, онда … »

Қосымша 3.

Тапсырма: Келесі тұжырымдарға кері тұжырымдарды құрастырыңыз:

а) «Егер төртбұрыш паралллограмм болса, онда оның қарама-қарсы қабырғалары тең және параллель».

б) «Егер төртбұрыш паралллограмм болса, онда оның қарама-қарсы қабырғалары қос-қостан тең болады.

в) «Егер төртбұрыш паралллограмм болса, онда оның диагональдары қиылысады, қиылысу нүктесінде қаққа бөлінеді.

Оқушылар кері тореманы ауызша құрастырады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, қажетінше түзетеді. Осы тұжырымдардың параллелограммның белгілері екенін айтады. Бірінші белгі мұғаліммен бірге сыныпта дәлелденеді. Дәлелдеудің үлгісін барлық оқушыларға тапсырмамен бірге үлестіреді. Әр топ өздеріне тиісті параллелограмның белгісін дәлелдейді, сыныпқа ұсынады.

Қосымша 3.

Сабақтың ортасы

33 - 37 мин

Топтық жұмыс. Параллеограммның белгілері мен теоремаларын дәлелдеу.

Оқушыларды 4-5 оқушыдан құралған әр-түрлі деңгейлі топтарға бөлу. Кестені пайдаланып, параллелограмның қасиетін құрастырып шығуға тапсырма беріңіз.

Параллелограммның белгілері теоремаларын дәлелдеу: 2-ші белгі «Жұп» номерлі топтар, 3-ші белгіні «Тақ» номерлі топтар дәлелдейді.

Сабақтың соңы

38 - 40 мин

Әңгімелесу. Рефлексия.

Мен не білемін ... Мен бүгін үйрендім …

Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым …

Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім …

Үй тапсырмасы.

Анықтамаларды, теоремаларды және олардың дәлелдеулерін білу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта оқытудың саралау әдісі әрдеңгейлі тпотарға бөлу арқылы көрініс табады. Оқушылар жұппен жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды күрделілік деңгейіне байлынысты өздері таңдайды.

Теориялық білімдерін бағалау кезінде оқушылар өзін өзі тексеру әдісін қолданады, сонымен бірге өздік жұмыстарын тексеруде бірін бірі бағалайды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың теоремаларды дәлелдеу барысында үшбұрыштардың теңдігін қолдану дағдылары да тексеріледі.

Сабақ барысында сызу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін қадағалау. Оқушылардың тік отыруын қадағалау.



Толық нұсқасын 27 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу